Педогогты? к?сіби психологиялы? денсаулы?ы


-450215952500
«Мұнайлы ауданы №6 орта мектебі»ММ




Педагог –психолог:Баймуратова С.К
Күні:18.02.2016ж.
2015/2016 оқу жылы
Тренингтің тақырыбы: «Педагогтың кәсіби психологиялық денсаулығы»
Мақсаты: Педагогтарға кәсіби психологиялық денсаулығын сақтау  тәсілдерін үйрету.
Сәлемдесу:
Шапалақ-қолмен амандасу;
Шапалақ- иықпен амандасу;
Шапалақ- арқамен амандасу;
Біз бүгінгі тренинг сабағымызды бастаймыз.Әрбір тренинг сабақтың өзінің ережелері бар.Сол үшін барлығыңыз белсенді қатысыңыз,тек қана өз ойыңызды айтыңыз.
Бүгінгі сабақтың принципі : «Маған айт, мен оны ұмытамын, маған көрсет-мен оны есте сақтаймын,маған көрсетуге мүмкіншілік бер- мен түсінемін.
Біз бүгін проблемаларды табуға және оны жеңе білуге тырысамыз.
Кіріспе сөз!
- Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын,күрделі міндет «жүрекпен, жүйкемен» жасауды талап етеді.Оқушылардың интеллектуалды дәрежесінің күннен – күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда стресттік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Әсіресе, көктем, күз мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоциялық күй – жағдайлары өте төмен болады.
Психиатр Кристина Маслач «Психологиялық күйіну» 3 бөліктен тұрады деп атаған:
Эмоционалды күйіну-үнемі шаршаңқы қалыпта жүру.
Деперсонализация-деген өзіне, жұмысына,балаға немқұрайлы қарау.
Редукция- өзін көпшілік ортада ұстай алмау,шектен шығу.
Мұғалімдердің көпшілігінің басынан осы күйінудің 3 түрі де өтеді. Біз осы қиын жағдайдан қалай болса да шыға білуіміз керек.Біздің басымыздан қазір қандай кезең өтіп жатқанын байқау үшін «Баспалдақ»жаттығуын жасайық.
Жаттығу «Баспалдақ».
Мұғалімдерге баспалдақ салынған парақты таратып беру,олар сол баспалдақтың қай жерінде тұрғанын белгілейді.
-Сізге сол баспалдақтағы орныңыз ұнайма?
-Сіз жоғарыға жылжып жатсызба немесе керісінше?
-Қандай кедергілер бар деп ойлайсыз?
Жаттығу.Ақ параққа күндегі өмірде ұнайтын 10 іс-қимылды өсу ретімен жазыңыз.Осы 10 ұнайтын іс-әрекет шаршағанда күш беретін «құрал» болады.
Жаттығу «Бақыт телпегі». Андерсен деген жазушыда «Бақыт әкелетін галош» ертегісі бар. Сол галошты киген адам бақытты болады. Галош оның барлық тілек армандарын орындаған.
Бүгін біз сол ойынды ойнап көреміз.Қазір «Бақыт телпегін» киіп бақытты болыңыз. Және әр ситуациялардан позитивті-жарқын көзқараспен шығуыңыз керек,бір – біріңізге көмектесуге де болады.
-Жұмысыңызды дұрыс жасамаған үшін директордан сөз естідіңіз.
-Сізге нашар оқитын сыныпты берді.
-Жұмыста айлықты уақытында бермей қалды.
-Сіз сабаққа келдіңіз, сыныпта тек қана 3 оқушы.
-Сіз жұмыстан кешігіп асығып келе жаттыңыз.Кенет аяқ-киіміздің өкшесі сынып қалды.
«Сағат бойынша достар»1. Қолын қысыңыз
2. Арқасынан қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Комплимент айтыңыз
7. Бір тілек айтыңыз
8. Ауа арқылы сәлем жолдау
9. Массаж жасаңыз
10. Арқаңызбен ысқылаңыз
11. Құшақтаңыз
12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
Тест «Бақытты болып білесіз бе?»
Өмірде бақытты сәттер болады, кейде ешкімді көргің келмейтін де кез болады. Бақытты болып білесіз бе? Бұл сұрақтың жауабын тест арқылы көрейік.
1.Өткен өміріңізді ойлағанда мынадай қорытындыға келесіз бе?
А) жақсыдан жаман көп болды.
Б)жаманнан жақсы көп болды.
В) барлығы жақсы болды.
2. Әдетте күннің соңында:
а) Өзіңізіге коңіліңіз толмайды;
б) Күнім бұдан да жақсы өту керек еді деп ойлайсыз.
В)Ұйықтар алдында атқарған жұмысыңызға коңіліңіз толады.
3. Айнаға қарағанда ойлайсыз
а) «О, уақыт тым қатал!»
б ) «Несі бар, жаман емес!»
в) «Барлығы керемет!»
4. Біреудің қомақты ұтысын естігенде ойлайсыз.
А) «Менің ешқашан жолым болмайды»
б) «Неге мен емес, а?»
в) «Бір күндері маған да ұтыс бұйырар».
5.Радиодан немесе газеттерден оқиғаларды естігенде, ішіңізден айтасыз...
а) Бір күндері осы оқиға менің де басыма келер ау!
Б) «Шүкір, менің басымда кездескен жоқ!»
в) «Осы бір репортерлардың ойдан шығармайтыны жоқ!».
6. Таңертең тұрғанда әдетте:
а) Ештеңе ойлағыңыз келмейді.
Б) Бүгін алдымда не күтіп тұр.
В) Көңілдісіз, жаңа күннің басталғанына және де көптеген жаңа тосынсыйлар болады,- деп күтесіз.
7. Өз достарыңыз туралы ойланасыңыз:
а) Олар ойлағанымдай онша қызықты және жанашыр емес.
б) Әрине, олардың кем –кетігі бар , бірақ шыдауға болады.
в) Жақсы адамдар!
8. Өзіңізді басқалар мен салыстырғанда:
а) Мені бағаламайды;
б) Мен басқалардан кем емеспін;
в) Көшбасшы бола аламын , мұны барлығы мойындайды.
9. Егер сіздің салмағыңыз 4-5 кг-ға артса:
а) Шошисыз ба?
б) Ойлайсыз, алып бара жатқан ештеңе жоқ.
в) Тез арада диета сақтап, жаттығулар жасайсыз.
10. Егер сіз жабырқасаңыз:
а) Тағдырды кінәлайсіз бе?
б) Біле білсеңіз, жаман көңіл-күй уақытша ғана.
в) Еңсемді түсірмеуге тырысамын.
Әр жауап а-0 ұпайға,б-1 ұпайға,в-2 ұпайға бағаланады.
17-20 ұпайға дейін: Сіз өте бақытты адамсыз,өмірге деген құлшынысыңыз өте күшті, барлығына сіздің оптимистік көз-қарасыңыз ұнайды, бірақ та байсалды болуыңыз керек.
13-16 ұпай: Мүмкін сіз «оптималды» бақытты адамсыз, қайғыға қарағанда, қуанышт сәттеріңіз көп. Сіз ештеңеден қорықпайсыз, ақылмен шешесіз.
8-12 ұпай: Сіз үшін бақыт пен бақытсыздық 50х50 формуласындай. Достарыңызды қиын жағдайда тастап кетпейсіз.
0-7 ұпай: Барлығына қара көзілдірікпен қарағандай болып қарайсыз.Көңілді жүретін адамдардың арасында көп жүру керек.
Өзіміздің бақытымызды байқап көрдік.
Бақытты болу үшін позитивті ойлануымыз керек!
Позитивті ойлау – бұл бақытты сәтті , қуанышты, денсаулықты, жақсы шешімін табатын іс – әрекеттер.
«Ағаш» әдістемесі
«Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып қорытындылау.