Доклад для дошкольного образования Балаларды? дене ж?не психологиялы? денсаулы?ын са?тау , салауатты ?мір салтын ?алыптастыру бойынша ж?мыстарды ?йымдастыру технологиясы


Тақырыбы: «Балалардың дене және психологиялық денсаулығын сақтау , салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы»
Адам денесінің саулығы табиғат сыйы ғана емес, ол мақсатты түрде қалыптастыру нәтижесі. Ал бала денсаулығының шымыр болуына отбасы балабақша жауапты. Бала нанмен емес қуаныш шаттықпен өседі дегендей эмоцианалдық сезім әрекетінсіз баланын отбасы мүшелерімен құрбы құрдастарымен үлкендермен қоршаған ортамен де байыпты қарым қатынас жасауы мүмкін емес Баланын әр куні отбасында ұйқыдан ояанған сәтінен басталып,әр күннің сәттілігі,көңіл күйінің ашық жарқын,жайдары болыуы ертенгілік сәлемдесіуден басталып,бой жазу жаттығыулары, шынықтыру шаралары, дұрыс ас қабылдау сәттерімен жалғасын бала бақшада табары сөзсіз.Балабақшаның ең басты міндетінің бірі-бала өмірін қорғау денсаулығын сақтау,нығайту мен жан жақты дамуына қамқорлық жасау,оның табиғи қимыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Бала бақшада шынықтырудын дәстүрден тыс техналогиясын қолдана отырып бала денсаулығын сақтау және нығайту,салауатты өмір салтын ұстану бейімділігіне баулу басты міндет.Сауықтырыудың дәстүрлі және дәстүрлі емес емес әдістерін қолдану, мекткп жасына дейінгі мекемеде денсаулық сақтауға және нығайтыуға тұрақты жағымды мотиватция қалыптастыра отырып денсаулық қыйындылықтары және салауатты өмір салтын сабақтын мазмұнына енгізіуді мақсат еттік.Педагогтар мен балалар,балалар және ата-аналар және педагогтар арасында белсенді ісәрекет жасауға жағдай тудырып,балада денсаулықмәдениетін қалыптастыруға отбасын тарту жолға қойылған.
Педагогтардын өзін –өзә жетілдіріуге, кәсіби құзреттілігін арттыруға мүмкіндік жасады.Мектеп жасына дейінгі балаларға денсаулық сақтаудың дәстұрлі емес әдістері техникасын бассейнде жүзу жаттығулары, тренажерда жаттығу, өзіне өзі нүктелі массаж жасау,сенсорлық кілемшелерде жұру, ритмикалық жаттыгу, дыбыстық дем алу жаттығыулары, йога элементтерін менгереді.Баланын дене түзілісінің дұрыс қалыптасыуына,дамыуыны денсаулығының нығаюына жағдай жасалынып, өмірде,іс әрекет барысында белсенділік,мектеп оқу ісіне қажет қасиеттерді шыдамды,төзімді,епті,шапшан,сабырлы ұстамды,күш-қуат қалыптастырады.
Сауықтыру-педагогикалық бағыттағы сабақтарда жақсы эмоциялық ахуал орнығады.Балалардын, ата-аналардын педагогтардын салауатты
Өмір салты құндылықтарын қалыптасыруға,өзін-өзі жетілдіріуге,өзін-өзі тануға,өзін-өзі дұрыс қабылдауға даярлығы артады.
Елдің келешегі бала денсауығының басты кепілі салауатты өмір салтын қалыптастырумен сабақтас жас ерекшелігіне сәйкес адамнын өсін дамуы, дене мүшелері денсаулығы, оны сақтау, күн тәртібін дұрыс пайдалану табиғи қоршаған ортамен тығыз байланыста болу.
Денені шынықтыру-ауруды тұншықтыру Адам өзінің күнделікті тіршілігінде,еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен қозғалыстар жасайды.Осынын бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып өсіп жетіліуіне оң әсерін тигізеді.Кей жағдайда қыймыл қозғалыстар кері әсерін тигізіуі мүмкін.Мәселен, бір бағытта жасалған шектен тыс қозғалыстын әсерінен бір мүшесі шаршап немесе деформатцйяға ұшырап, ағзанын қалыпты нормаларын өзгертіугу әкеліп соғады.Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын.бір бағытта жұргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрі бірдей дене тәрбиесінің құралы деп қабылдауға болмайды. Демек денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамнын ойын өсіріп, шығармашылық қасиеттерін арттырады.Ағза шамасы келетін жаттығыуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындаганда ғана дамып, нығайып жетіледі. Дененің дұрыс қалыптасыуы ушін күнделікті жаттығыуларды неден бастап, қалай аяақтау керек екендігін білген абзал. Дене тәрбиесі жұмысын жоспарлаған кезде тек қимыл қозғалысты ұйымдастыру, жалпы дамыту жаттығыуларын орындау емес,ең бірінші сабақтын әр бөлімі баланың жүрек соғыуының ықшамдығына сәйкес жоспарлануы керек.3-4 жасар баланың минутына тамырының соғыуы-140-150. Дене тәрбиесі тек жүктемелі қыймыл –қозғалыс емес, ол қыймыл –қозғалыс пен демалуды алмастыру.Себебі топтағы барлық бала бірдей емес, біреуі жиі ауырады, кейбірі қауіп қатер тобында тіркелген, сондықтан барлық балалармен бірге берілген жүктеме оларға мөлшерден тыс болуы мүмкін. Осының негізінде дәрігердің қатысыуымен балаларды топқа бөліп дене тәрбиесін ұйымдастыру дұрыс болаады.
Балалармен тыныс алу жаттығыулары, мұрын мен кеудесі,ішін толтыра тыныс алу, демін ұстау ша,шар үрлеу, ойыншық үрмелі аспаптар,шырша жарығын үрлеу ойыншықжел, боран табйғат лөрністерін ойын түрінде қолдану тиімді.Тәрбие, сауықтыру, шынықтыру іс шараларын шығармашылықпен тұрліше ұйымдастырылып өткізген дұрыс.
«Классикалық нұсқа»Мұндай сабақтар таза ауада, ал егер дене шынықтыру залында өткізілсе балалар жалаң аяқ майкісіз, алдымен өз қалауы бойынша спорт құралдарымен,тренежарда шұғылданады. «Ойын сабақтар» Бұл сабақтар қймылды ойын әсіресе ұлттық ойындар негізінде ұйымдастырылады.
Жоспарлау барысында белгілі мөлшнрде жүктелмеген сауықтыру ойындары жүру,жүгіру, демалу жаттығыулары,эстафета ойындары, атракцион ойындары ауа су процедуралары леңінен қолданылады.
Ойын барысында жүру,жүгіру түрлері басым болуын естен шығармау керек.
«Желілі ойын» сюжетті сабақтарында халық ертегілері, мультипликатцйялық фильмдер негізінде түрлі сәттерге тап болып оны шешу, негізгі қимылдарды орындау көзделеді,серуен кезінде кезіндн де өткізіуге болады.
«Жорық серуендері» Бала бақшадан шамалы қашықтықтықта орналасқан саяабақтарға, таза ауа аясында демалуға,шөп үстінде жалаң аяқ жүру,жүгіру, тамақтану, ән салу,бақылау, қыдыру жолда жүру ережелерін сақтап бала бақша ауласындағы орналастырған жолда жүру белгілерін танын білу,жолда жүру ойынын ұйымдастырылған балаларға ұнайды.
Ата-аналардың лөмегімен «спорттық кешен,бассеинде,тренажерлық залда» ұйымдастырылып өткізілетін дене шынықтыру сабақтары балалардың денсаулчғының сауығуына,нығаюына ,шынығ тигізееер әсері мол .Ерекше өтетін»Би элементтері» негізінде құрастырылып өткізілетін сабақтар балалардың көңіл күйінің бірден көттерінкі болыуына, түрлі би элементіне қызығыушылықпен белсенді қатысыуынан байқауға болады.Мәселен әр түрлі халық (орыс,кәріс, үнді, түрік билері.Қазақтың ұлттық билері қолдың басын еркін қыймылдату,бас, мойынды бұрып, қол қймылы, аяқ –қолдыңуйлесімді қозғалыуы, денені дұрыс ұстай біліу- осының барлығы ағзаның қабілетін жоғарлататыны сөзсіз.
Әрбір өткізілетін тақырыптық, дербес дене шынықтыру кезінде пән аралық сабақтастық, байланыс арқылы кешенді түрде ұйымдастырылып өткізілетін сабақтардың тәрбиелік маңызы зор.Мұндай сабақта бала тек қана қимыл-қозғалыс жасап қоймай , қимылын басқа да іс әрекеттерімен байланыстыру нәтижесінде танымы кеңейіп бекиді.
Сонымен қатар кез –келген дене шынықтыру сабағының соңында бала міндетті түрде дәрігердің ұсынысы бойынша ауа ваннасынқабылдау,суланған мата үстімен жүру,дымқыл сүлгі, қолғаппен кеудесін,арқасын сүрту, аяғын жуу,шаю сияқты су процедураларын қабылдауы керек. Себебі қимыл-қозғалыс кезінде теріден зиянды заттар бөлінеді.Дене тәрбиесі жүйесінде спорпен шұғылданып, болашақта жоғары көрсеткіштерге жету үшін табиғи
Орта-өзімізге жақсы таныс ауа су және күн сәулесі.Мұндай табиғи ортаны жүйелі түрде пайдаланыудың денсаулық үшін улкен маңызы бар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы, дені сау етіп өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келеміз.