План урока «Ыбырай Алтынсаринні? ?мірі мен а?артушылы? ?ызметі»


Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық
қызметі»
Мақсаты: 1. Білімділік.
Өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсаған қайраткердің өмір жолын, ақындық өнерін, оқу-ағарту ісін ұйымдастыру жолындағы еңбегін оқушыға жеткізу.
2. Дамытушылық.
Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып, логикалық тұрғыдан дәл жауап беруге, оқығандарын салыстыра отырып ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік.
Ыбырайдың мектеп ашу, ұйымдастыру жолындағы қажырлы еңбегін көрсете отырып, оқушыларды өз халқын, Отанын сүюге, еңбек етуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: Ұжымдық ойлаудың жаңа технологиясы бойынша «Әдебиет үйірмесі»
стратегиясы
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің суреті, қлеңдер мен іңгңмелер жинаңы,
қанатты сөздер, буклеттер, слайд.
Барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
1. Оқушыларды сабағымыздың тақырыбы және мақсатымен таныстырып өту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды. Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеулік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдірген:Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам. Атаң мұнда анаңмен есен-аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. Атаңды сағындым деп асығарсың, Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың. Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің, Қолыңа құрық алып кетер едің. Тентіреп екі ауылдың арасында Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болады.
2. Оқушылар стратегия бойынша топтарға бөлінеді. Топта Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметінен зерттегендері және жинаған материалдары бойынша сөйлеп, өз ойларымен толықтырып отырады.
1/ Қызықтырушы:
Ыбырайдың өмірі туралы мәлімет;
Ағартушылық қызметі:
Ақынның өлеңдері мен әңгімелері туралы.
2/ Қуғыншы:
қалып қойған мәліметтермен толықтыру;
Ыбырайдың қзінен кейін жарық көрген еңбектері;
«Қазақ хрестоматиясы» жинағы жөніндегі өз ойлары.
3/ Дәнекер:
Ыбырайдың ағартушылық қызметін қазіргі өмірмен байланыстыру.
4/ Сұрақ қоюшы:
Ыбырай шығармашылығы мен ағартушылық кезеңіне сәйкес сұрақтар беру.
5/ Сипаттаушы:
Ақынның өнер-білім, әлеуметтік жағдай тақырыптарына жазған өлеңдері;
Табиғатты суреттеу аясында жазған өлеңдері;
Әңгімелеріне сипаттама беру.
6/ Ізденуші:
Ақынның өмірі мен қызметіне байланысты тарихи ойлар төңірегінде сөйлеу.
7/ Суретші:
Ыбырайдың шығыармашылығына сурет салу.
8/ Жазушы:
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметіне орай ойын түйіндеп жазу.
3. Сабақты бекіту. Ой қорыту. Ыбырай атамыздың өткен жолы мен ағарту ісіне қосқан үлесі туралы ойларын түйіндеу. Тұңғыш ағартушының әдебиеттегі орны туралы айтып өту.
4. Оқушыларды бағалау.
5. Үй тапсырмасы: «Адамға білім керек пе?» деген тақырыпта хабарлама жасау.