Т?рбие са?аты К?к туды? желбірегені
HYPERLINK "http://www.qazaquni.kz/" НЕГІЗГІ БЕТ
ГАЗЕТ ТАРИХЫРЕДАКЦИЯФОТОГАЛЕРЕЯВИДЕО
АЛАШАҚПАРАТБІЛІМБИЛІКСАЯСАТСПОРТЭКОНОМИКАҚОҒАМӘДЕБИЕТӘРІП ТАҢДАУ: Қазақ / Latin«Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» Халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегерлері анықталды.3 ЖЕЛТОҚСАН, 2011 1:21 AM14 ПІКІР
Мүшәйра - ежелден қазақ жыршылық өнерінің қайнар көзі. Халық өз арасынан болашақ би-шешендерін осындай сындар арқылы талантын шыңдап, озық ойлысын марапаттап отырған. Осындай мақсатпен үстіміздегі жылғы қазан айының ортасынан бастау алған көсемсөз сайысы 2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Жазушылар Одағының мәжіліс залында мәреге жетті. (Абылай хан даңғылы, 105, Төле би көшесінің қиылысы).
15:00-де басталған «Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан» атты Республикалық жыр-мүшәйраның ақтық сынына көрермен өте көп жиналды. Бұл мүшайраның басты тақырыбы әрі ерекшелігі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Тәуелсіздік қарлығашы – Желтоқсан көтерілісінің бағасы мен маңызы ашып көрсету болды.
1986 жылғы 16-18 желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілісі – қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы сан ғасырлық күрестің ең нәтижелі де салмақтысы болды. Дәл осы күндер, қазақ халқының егемендігін еңсеруде, тәуелсіздігін өз тұғырына қондыру жолында темірқазық болды және өз намысын ешбір жанға ешқашанда таптатпайтынын дәлелдеді. Желтоқсанның ызғары Алматыдан бастау алып, сол кездегі Қазақ КСР-нің облыс, аудан, ауыл жастарының, көрші өзге де мемлекеттер жастарының қолдауына ие болды. Бұл КСРО-ның тоталитарлық режиміне, аз ұлттарды жоюға бағытталған жымысқы саясатына қарсы ең алғашқы ашық қарсылық әрі билікке соққы болғанын айту парыз. Себебі, осы оқиға Бакуде, Вильнюсте, Тбилисиде, Мәскеуде және өзге де ірі қалалардағы толқуларға ұласып, соңында алып тоталитарлық империяның құлауына алып келді. Тарихи мәні мен геосаяси жағынан алғанда «желтоқсандықтар» көтерілісі, 1956 жылғы Будапешт оқиғасы, 1968 жылғы Пражск көктеміне ұқсастығы бар. Сондықтан да бұл көтеріліс тек қазақ жастарының ғана емес, қазақстанды мекен еткен өзге де ұлт өкілдерінің еркіндігіне алып келген ортақ жеңіс. Еркіндік, теңдік, сыйластыққа негізделген бірнеше жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына түрткі болды.
Бүгінде Қазақстан – мықты әлеуетті, ұлттық экономикасы мен өз азаматының әл-ауқаты дамуы үшін мүмкіндігі бар әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі. Жоғарыда айтылған тарих жылнамасы мен оқиғалар желісі мүшәйраға қатысушы үміткерлердің өлеңдеріне арқау болды. Шараның ұйымдастырушылары болып «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитеті шықты.
Байқауға 2011 жылдың 20 қазаны мен 20 қарашасы аралығында елімізден және көрші мемелекеттерден 100-дің үстінде шығармалар қабылданды. Қатысатын ақындардың жасына шек қойылмады. Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданды.
Мүшәйраның қазылар алқасына елге танымал белгілі мәдениет саласының өкілдері Бақытжан Момышұлы, Темірхан Медетбек, Ибрагим Исаев, Қазыбек Иса, Айдос Сарым және Ғабиден Жакиев кіріп, жеңімпаздардың есімін жария етті.
Кештің шымылдығын «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Айдос Сарым, «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитетінің төрағасы Смағұл Елубай және белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Азат Перуашев ашты.
Барлық жеңімпаздарға төмендегідей арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Бас Жүлде – ZAZ Chance маркілі автокөліктің иесі – ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлтанылды. Темір тұлпардың кілтін авторға Азат Перуашев тапсырды
1-3 орындардың ақшалай сыйлығын қазылар алқасы деңгейіне қарай теңдей етіп бөліпті:
- 1 орын — 500 000 теңге, теңдей – Аманғазы Кәрібжанұлы мен Әлібек ШегебайғаҚазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай табыс етті.
- 2 орын — 400 000 теңге, теңдей – Талғат Ешенұлы мен Көбен Асқарұлына (ҚХР) ақын Ибрагим Исаев табыстады.
- 3 орын — 250 000 теңге, теңдей – Алмас Темірбай мен Ақберен Елгезекке ақын Қазыбек Иса тапсырды.
Арнайы жүлделер (әр қайсысына 100 000 теңгеден):
- Қайрат Рысқұлбеков атындағы – Тоқтарәлі Таңжарыққа;
- Ербол Спатаев атындағы – Жарас Кемелжанға;
- Ләззат Асанова атындағы – Динара Мәлікке табысталды.
Барлық жеңімпаздарды «Тарихи әділеттілік» Республикалық қоғамдық комитетінің төрағасы Смағұл Елубай, осы жобаның бастамашысы Азат Перуашев, қазылар алқасының мүшелері Ибрагим Исаев пен Қазыбек Иса және «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Айдос Сарым құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.Жүлдегер шығармалар республикалық басылымдарда жарияланып, іріктелген өлеңдер «Тұран» баспасынан жеке кітап болып шығады.
СМАҒҰЛ, Бас жүлде
ЖЕЛТОҚСАН
Алтыныңды айырбастап қолаға,
Отаныңды айналдырса молаға.
Өз тіліңді босағаға лақтырып,
Өз еліңде күн кешуге бола ма?!
Сол кешегі желтоқсанның аспанын,
Дүр сілкінтті жалын жұтқан жастарым.
Үнсіз қалса намыс өлер еді ғой,
Намыс өлсе керегі не басқаның.
Сен қазағым шыныменен ұлысың,
Ертең жайнап шығатұғын күн үшін.
Ұл – қызыңның қаны судай шашылды,
Бас алаңда басын тігіп тіл үшін.
Ереуілде ит пен құсқа таланған,
Шырқыраған шындық іздеп ғаламнан.
Қазағымның қызыл қанын мәңгілік,
Жуғанымен кетіре алмас алаңнан.
Соның бәрін еске алатын шақ бүгін,
Құрбан қылды қарындастар пәктігін.
Құрбан қылды ғұмырларын боздақтар,
Табамыз деп ақиқаттын ақ туын.
Жеткенімше белім қанша бүгілді,
Сол аппақ ту – азаттығың бүгінгі.
Сол қыршындар жүрегімен көтерді,
Нар көтере алмайтұғын жүгіңді.
Сол бір күнді көзбен көрген жан ұған,
Жанарымда ащы шындық табы бар.
Біздің әрбір күлкімізде сол күннің,
Қатып қалған бір, бір түйір қаны бар.
Аманғазы КӘРІПЖАНҰЛЫ, Бірінші орын
«Желтоқсан желі»
…Ұрыста бұл қанқұйлы
Талай адам жан қиды.
Колбинді алса әкелер
Тағы да бір «Колбинді»…
(Алаңда айтылған жырдан есте қалғаны. 17.12.1986 жыл).
Ортақ сырқат.
Әділеттен қаймыққан соқыр үміт
Санасында ақынның отыр ұлып.
Шайқалақтап барады екпініме
Уақыттың тағаны опырылып.
Ісім мазақ болғасын сайқалға мың
Тынықсын деп тиылдым қайта арманым.
Өткенімді өксіткен өкінішті
Өзге түгілі өзіме айта алмадым.
Қасіретті көшірген қанша реткі,
Мазмұнымды ақиқат мансұқ етті.
Намысымды бақталас уақыттың
Есі ауысқан екпіні жаншып өтті.
Адамзаттық сананың белі сынды…
Пәни, бақи бір-бірін кері ұшырды.
Әділет те мен өлсем өлгісі кеп,
Жасыра алмай толғатты өлі сырды.
Шындықтың да шайылып кетті аралы.
Пенделіктің ызғары бет қарады.
Мен мезгілге,
Мезгіл де маған сыймай,
Сәйкессіздік аяусыз жеп барады.
Әлібек ШЕГЕБАЙ, Бірінші орын
ҚАБІРДЕН ХАТ
Қайрат Рысқұлбековтың монологы
Армансызбын..,
Ажалсызбын..,
Азатпын,
Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.
Ұлтым үшін ұлтарақпын,
Аз десең,
Сүйегіммен, сүтіммен де Қазақпын!
Көкбөрінің сіңіріндей сірімін,
Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.
Шындық үшін құрбандыққа шалынып
Шырылдаған құлындардың бірімін.
Талай-талай тоналдым да тапталдым,
Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.
Көк көйлекті көктемеде туылып
Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.
Күңіренсе үн шығады көрден де,
Шертілмеген шерім қанша шерменде.
Өз тіліңде өмір сүріп,
Сонан соң,
Не жетеді өз тіліңде өлгенге.
Мен сұрасам – теңдігімді сұрадым,
Теңдігімнің кемдігіне жыладым.
Ай күзетіп Ару сүйер жасымда
Ақ ажалдың құшағына құладым.
Кек алатын кәріден де жастан да,
Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!
Бауыр қалды өзегіне өртеніп
Ана қалды сүтін сауып аспанға.
Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы –
Айналайын, алтын қанат – Азаттық!
Саған құрбан жастығым да жаным да,
Саған құрбан атпай қалған таңым да.
Тереңдігі қабірден де тереңдеу
Менің қайғым – Қазағымның қанында!
Талғат ЕШЕНҰЛЫ, Екінші орын
68-86
(Желтоқсан құрбандарының рухына)
«Бәйтеректің» іргесі.
Есілдің сол жағасы.
Ел қатарлы күн көріп, есіп жүргем.
Шамасы,
Сары күздің кешінде, сыра ішіп ем, есімде,
Ағам айтты: «Талғат, сен, Прагаға барасың».
«Прагаға барасың».
Барам, аға, сөз бар ма?!.
Алматыдан отырдық, таң бауырын жазғанда.
Қалды Алатау – алыбым, қалды Алматы – жарығым,
Аққу мойын ақ ұшақ қалықтап ап, озды алға.
Кекілімді тарайды – таңның нұры арайлы.
Қоңыр бұлттар қонжықтай тереземнен қарайды,
Қарт құрылыққа барам деп қарт әкеме айтпап ем…
Еуропадан келем ғой.
Естиді ғой, жарайды.
Влтаваның жағасы.
Карл патша өткелі.
Дворжактың гимні – «Моравтың дуэттері».
Мұражайы Кафканың.
Гуситтердің өткені.
Бәрі таңсық көрінген, бәрі қызық көрінген,
Беймәлім мұң иектеп, мазалайды тек мені.
Өзіміздің қазақтар ұшақ іші.
Әрәдік
чех, ағылшын тілінде шүлдірлесіп алады.
Мирослав қарсы алған.
Мирослав мың болғыр,
Қонақ үйге түсірді – Вацлавтың алаңы.
Вацлавтың алаңы.
Енді ұғындым мұңымды.
Брежневтің алаңы…
Көңіл-күйім бұзылды.
Сен де, мен де орыстың отары едік бұрынғы,
Әй, менің чех бауырым, ерсі көрме мұнымды!
Есентайдың сағасы.
Алатаудың бөктері
Влтаваның жағасы.
Карл патша өткелі.
Екеумізді мәңгіге бауыр қылған, бауырым,
Алматының желтоқсаны, Праганың көктемі.
68 – арман ба?
86 – арман ба?
Арман, арман!
Арманға қол жетім жер қалғанда,
Туып-өскен жер үшін, тулағы – мамық ел үшін,
Тіпті, адам түгілі, күреседі сандар да!
Әлі менің жадымда – Желтоқсанның әндері,
Әлі менің жанымда – тірісі де өлгені.
Әлі менің ұйқымнан оятады шошытып,
Көрші орыстың сабалақ, абалаған кандені.
Талай жақсыңды оқ алды.
Талай жақсым жоғалды.
Алматы мен Прага қан мен жасқа боялды.
Бодан елдің санасы қанмен, жаспен оянды.
Ұмытпаңдар сендер де, ұмытпаңдар оларды.
Қайран шешем айтпақшы: «Құдіреті ғой Құдайдың»,
Бәрі де енді менікі – ел де, жер де, мына Ай, Күн.
Прагаға келгенде, кеудем толып,
Шерменде
мен жыласам, бауырым, соларды ойлап жылаймын.
Моравияның төсінде сен де желдей есілдің,
Жағасында Есілдің, мен де желдей есілдім,
Туған топырағыңда хан ұлындай көсілдің,
Туған топырағымда хан ұлындай көсілдім!
Ал, сыйыңа рахмет, сыраңа да, жолдасым.
Кетем, елді сағындым, досың жолдан қалмасын.
Сүйесің ғой Отанды, ұлы болғасын емес,
Сүйесің ғой Отанды – өзіңдікі болғасын!
Көбен АСҚАРҰЛЫ, Қытайдың Алтайынан, Екінші орын
ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРЫ
Мың – мың жылдан кейіндағы ақынды
Тебірентетін.
Ұлт дауысын ақырғы.
Жас ұрпақтар ту ғып ұстап ұрандап,
Ән ғып шырқап, зұлымдыққа атылды.
Желтоқсанның алаңында жекпе – жек.
Жауыздықпен белдескенде бетпе – бет.
Бүкіл әлем батыр қазақ ұл – қызын,
Күрескерлік символы етіп кеткен ед.
Ұрандаған ұрпақтардың ізгі үні,
Ойландырды Мәскеудегі ізгіні.
Он алты ұлт ел боп енді тұра алмас,
Өздерінде болмайынша тізгіні.
Қанды бодау беріп жеткен жеңіске,
Батыр ұрпақ рухы тұр ең үсте.
Егеменді ел етті де қазағын.
Өздері елдің жүрегінде – бейіште.
Алмас ТЕМІРБАЙ, Үшінші орын
ЖЕЛТОҚСАНДА АЙ ТУАДЫ СОЛЫНАН…
(Қайрат Рысқұлбековтың атынан)
Болған!
Бәрі де болған –
Колбиннің кезінде…
Темірхан Медетбек.
Шындық бар ғой,
ол аз десең, Құдай бар,
Арсыз соттың арқасында жын ойнар!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Желтоқсанда Айға қарап жылайды Ар…
Айға қарап
Ар жылайды, жыласын,
Жұмыр басты жұдырықтап ұрасың!
Жер қозғалса, қозғалмайтын мінезім,
Ел қозғалса, енді қалай шыдасын?!
Темір тордың алдында,
Теңдік сұрап тұрмас мәңгі жан мына!
«Отыз жеті» ойран қылған қазақты,
«Сексен алты» сергелдеңге салды ма?!
Желтоқсан деген бұл айда,
Желкілдеген туым жерге құлай ма?!
Шындық бар ма?!
Шыныңды айтшы, ей, Дүние,
Ол жоқ болса, жоқ қой онда Құдай да!
Ләззаттардың шашын жұлдың, Желтоқсан,
Ерболдардың басын жұлдың, Желтоқсан!
Құтырынған иттей көзі қанталап,
Құл-құтанды басындырдың, Желтоқсан!
Елім үшін…
Еркек тоқты ─ құрбандық,
Құрбан болар құным жоқ па бір малдық?!
Өмір деген ─ өрмекшінің торына
Шыбын жанды шырқыратып, шырмалдық.
Батырлардың басы кетсе шабылып,
Ақындардың жүректері жарылып!
Елім менің, енді қайтіп күн көрер,
Кремльге бағынып,
Күн-көсемге табынып?!
«Жаумен бірге құрысын ─ деп, ─ жауыздық!»,
Қар бетіне көздің жасын тамыздық.
Мұздай суық ─ дүниенің үстіне,
Оттай ыстық ─ қанымызды ағыздық…
Темір есік тесігінен телмірем,
Тергеушіні немене деп сендірем?!
Бұ дүниеден таба алмаған Шындықты,
О дүниеден іздейін бе енді мен?!
Тергей берсін, тергей берсін, тергесін,
Керегі жоқ… кешірім де бермесін!
Ошағымның күлі көкке ұшса да,
Отанымның оты мәңгі сөнбесін!!!
Желтоқсанның жүз құбылып реңі,
Жетім халық кімнен көмек тіледі?!
Қара жер де қөтере алмас мазақты,
Қара нар да көтере алмас азапты,
Көтерер тек ер жігіттің жүрегі!!!
Жылап тұрып,
Жақсылыққа жорығам:
«Алты Алашым адаспағай жолынан!».
…Жылдың соңы…
Кімнің соры?
Сақтай гөр!
Желтоқсанда Ай туады солынан…
Ақберен ЕЛГЕЗЕК, Үшінші орын
ҚАНДЫ ТҮНЕК
Таңның алдын түнек басып тұрады,
Сол түнектен жүрек қашып тұрады.
Желтоқсанның мұзға жанған алауы –
Дербестіктің ең алғашқы шырағы.
Сол бір айға берді ме екен серпін күз,
Қан болмаса, болмас едік еркін біз.
Бодандыққа қарсы шықтық шыдамай,
Бабалардың бұзбаймыз деп сертін біз.
Өзек ашып, жұмыр баста ми жанып,
Санамызда тек әділдік би болып.
Қар боратып, дауыл болып атылдық,
Төбемізде аруақтар жиналып.
Мұндай күшті ірку мүмкін емес-ті,
Бұл дауылға қару ғана теңесті.
Азат ұрпақ ұмытпайды ешқашан,
Қанға бөккен, сол күндерді көмескі.
Қарулыға төтеп беру қиынды,
Ей, батыл жан! Сезем сенің күйіңді!
Тағдырыңа қызығамын мен бірақ,
Сен арқылы егемендік бұйырды.
Бодандықтан қалмап еді тамтығым,
Ауыздарда салбырады сан құлып.
Азаттықтың бір-ақ құны бар екен -
Құрбан болу, алаңдарды қан қылып!
Қан төгілді, қызық жалау құлады,
Қатып қалды жас өркеннің бұлағы.
Құрбандығың қабыл болды, қазағым,
Жалп-жалп еткен сөнбесінші шырағың!
————————————————-
Күн ізінен түнек басып тұрады…
Сол түнектен жүрек шошып тұрады…
Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ, Қ.Рысқұлбеков атындағы арнаулы жүлде
АЙҚАЙ
(Қайрат Рырқұлбековтың жазылмаған жыры)
Ұлтым ұлық бола алмай, рухым көкке қона алмай,
Қара жерден қамығып мен де өттім, о, Алла-ай!—
Қайғымды айтып қайыңға.
Өкінішім — өткенім, өзегімді өртейді
Көкірегімде тұншыққан жалғыз айқай.
Сол айқай —
Азаттығым жайында…
Рухымды күйдіріп, ібіліске сүйдіріп,
Сайтан ойнақ секілді сақ-сақ қара түн күліп…
Қанатымды қайырған.
Ақ жүзінен қан тамған қылышыма серт еттім,
Құлағыма жеткенде шырқыраған мұңлық үн,
Баз кештіріп жанымнан.
Мынау ғазиз шаһарды шеру кезіп қаралы,
Аруақтар үні мен әуен билеп азалы—
Қыл қобыздың зарындай!
Сол әуенмен ілесіп рухым менің жаралы,
Көкірегімді күйдіріп көкке сіңіп барады,—
Лаулап ұшқан лағылдай…
Шерменде боп шежірем жатырмын мен шалқамнан,
Қарашығымның түбіне қасіретімнен қан тамған, —
Кек пен қарғыс — көзімде!..
Жарты әлемді шарпиды жаңғырығым, сезем мен,
Тас табыттың ішінен тағдырымды айқайлап
Түрегелген кезімде…
Жарас КЕМЕЛЖАН, Ербол Сыпатаев атьындағы арнаулы жүлде
Желтоқсан қасіреті
Жазылмаған тарих көп қаламымда,
Жалғыз шындық жылайды жанарымда.
Рухын басқан, ұлтымның ұлын атқан
Тапталады тас Алаң табанымда.
… Содан сірдей санамда бір түйсік бар
Қасіреттің бұлты бар қабағымда.
Сыз, тарихтың сүрлеуін, сағағын да
Баба-көші жоғалған Бабақұмда.
Тарылады көкірек Тарландарсыз,
Тығылады бір әуен тамағымда.
… Содан сірә, жүрегім жараланған
Содан сірә, сүреңсіз жамалым да.
Желтоқсанмен қайнайды көкірегім,
Желтоқсаның: қан майдан, соқыр өлім.
Опат болған ұлдарын жоқтай алмай,
Жоқ-жітік, кембағал боп отыр елім.
… Содан сірә, тоналған тарихымды
Тастан іздеп таба алмай өкінемін.
Желтоқсан – жетім шежіре, боздақ қаным:
қосында қоңыр інген боздатқан күн.
Қандары қай ұлықтың мойнында екен,
Ұлт үшін опат болған боздақтардың.
… Содан сірә, жанарым соқыр болған:
Желтоқсанда жел жеген тозғақ тәнім.
Желтоқсанда туған ән азық бола-д,
Желтоқсанды көрмеген ұрпақтарға.
Желтоқсанда туған ұл тозып бара-д:
Алматыда панасыз бұрқақ қарда.
… Содан сірә, қуанбас қалжа сұрап
Қатындары қазақтың ұл тапқанда.
… … …
Алаштың ақшары болған
Алматы түнекке оранды,
Шақ еді ақшамында оңнан
Бар елім тілекке ораулы.
Қан жауып көкжиекке арғы
Қазақтың ұшқардай өлкесін,
Алатау кекжие қалды
Қарғыбау қысқандай желкесін.
Тұрсада құйынды қар борап
Жібермей жігері намысын,
«Алаш» деп, аттан сап алды орап
Алаңды төгілген қан үшін.
Кеудеден кернеген үнмен
Ұранды жан ұшқанда ары,
Қиылды дұшпаннан өңмен
Апат боп алысқандары.
Алатау жия алмай есін
Алматы қан құсты ақ қарға,
Жастықтың қия алмай кешін
Тәуелсіз ән ұшты аспанға.
Алаңға шыққанда таныс үн
Қалтырап дүние қас-қағым,
Жанымен төгілген намысын
Қанымен ұстады жастарым!
Динара МӘЛІК, Ләззат АСАНОВА атындағы арнаулы жүлде
Борыштармыз азат елдің таңына
Тәуелсіздік – деген ұлы сезімім,
Алла берген аманат.
Мен бір сонау әпкелердің көзімін,
Жүрер ме екен жазалап.
Менің үшін, балам үшін күрескен,
Азат таңды әперіп.
Егемен ел ертеңіне ілескем,
Мұнша бақты көтеріп!
Қара жерге жас тәнімен құлаған,
«Қазақпын» деп жазығы.
Желтоқсанның желін жұтып жылаған,
Құлағымда наз үні…
Аппақ таңның алақаны оятар,
Бал өмірім - жанымда.
Қиялымның тал шыбығы бүр атар,
…парызым бар- арымда…
Ол борышым өтелер ме өлмесем,
Бос сермемей қаламды.
Ұрпағымды ұлт тіліне көн десем,
Сөндірме деп санаңды.
Жатырымнан шыққан ұлым бүлінбей,
Тектілігін сақтаса.
Туған елдің бейнетіне бүгілмей,
«Абай жолын» жаттаса!
Азат таңның білсе екен қадірін,
Несібінен жиренбей.
Бабалардың рухын сыйла Жарығым,
«Қазақпын» де именбей!
Отаныңның әрбір гүлін аяла,
Ұлтыңнан ал – жар қылып.
Азат күннің әрбір таңын бағала,
Аманат бұл мәңгілік.
Алтынкөріп ар жолынан жаңылма,
Ана тілің - ұятың.
Жүректегі иманыңа дамылда,
Ізгілік нұр сиятын.
Қарыздармыз сол бір қатал ғасырға,
Қанша жасты жалмады.
Адал болсаң ақиқатты жасырма,
Бұл солардың арманы
14 ПІКІР
аязгул
3 желтоқсан, 2011 1:31 amАТАП ОТ!ЛГЕКН ШАРАНЫН .АТКАРУШЫ УЖЫМЫНА , ТАРИХИ ОКИГАЛАРГА КАТЫСТЫ , ЖЕЛТОКСАН ОКИГАЛАРЫНЫН ЖАНГЫРЫГЫНДАЙ , АТАЛМЫШ ЕНБЕКТЕР!Н!З ЕЛЕН!П , АЛДАГЫ КЕЗЕНДЕРДЕ ДЕ , БИ!КТЕП , КАЗАКТЫН ЕРЛ!Г!Н АЛЕМГЕ ТАНЫТА БЕРУЛЕР!Н!ЗГЕ , ЗОР ЫКЫЛАС Б!ЛД!РМЕКП!Н !!!
Руза
3 желтоқсан, 2011 11:56 amБәрекелді! Құтты болсын мүшайраңыз Қазыбек Иса атты мықты ұлтшыл, сол үшін де аса қатты құрметтелетін АЗАМАТ!Өзіміздің “Желтоқсан ақиқатында” қоғамдас қадірлі Аманғазы Кәрібжанұлын құттықтаймын! Ұлтшылдық жолдан таймай, шығармаларыңыз шыңдала берсін, мен Сізді қатты құрметтеймін!Ақберген Елгезек деген ақын да мен үшін танымал. Құтты болсын! Қалғандарыңыз да, марапатқа ие болғаннан кейін соған тұасыздар да! Өкінішке орай өлеңдерді жиі оқи бермегенсоң…
жебе
5 желтоқсан, 2011 6:42 pmМүшайрага жолданган барлык олендерди осы сайтка жарияласаныздар екен Адилдикти сонда халык ози корип алады курметты АДИЛДИКТИ СУЙЕТИН АГАЙЫН
Жада
8 желтоқсан, 2011 12:51 pmМүшәйраға жолданған барлық өлеңдерді жариялауларыңызды сұраймыз
алатау19 желтоқсан, 2011 12:52 amжелтоқсанды жырламаған да, …біздің барлық, қазыр қолымыздағы жеңіс сол желтоқсан көтерілісінің арқасында …
алатау19 желтоқсан, 2011 12:58 amосы мүшайраны ұйымдастырған ақын Қазыбек Исаұлына рахымет!!! ұлт жанды азамат. осындай ағаларымыз көп болсағый…
Табиғат
27 желтоқсан, 2011 11:03 amӘрине, әр нәрсеге Тәңір таразы ғой. Бірақ меніңше бұл байқаудың жеңімпазы атануға лайықты өлең – Әлібек Шегебайдыкі сияқты көрінді. Сосын Талғат Ешенұлыныкі де көңілге қонды.
Ардақ ҚҰЛТАЙ
2 қаңтар, 2012 9:16 pmМүшайра әділ өтпеген.
Батыр
2 қаңтар, 2012 11:34 pmДәлел керек.мысалы қай ақын қай орынға лайық емес? шетелдік ақыннан басқалары, әрине….
Ақын
2 қаңтар, 2012 11:36 pmТабиғаттың сөзінде шындық бар секілді….
Нурлан Садиров
3 қаңтар, 2012 1:33 amмынау менің өлеңім, орын бермеді деп емес, оқысын деп қосып отырмын.Қыз бен мұз(Желтоқсанның қаһарман қыздарының құрметіне)
Ақ тағынан ағамды алды-алаң бүгін алаңдаулы.Көнбіс, көптен бұғандаулы, айта ала ма бодан дауды ?Жетер жаттың басынғаны, намысы бар жасың, қані ?!Қан төгілсе қымтайын,- деп аспаннан қар жаман жауды.
Алаң қатты бағылуда, алаңға жұрт ағылуда.Өшті,- деген намыс оты жүректерде жағылуда.Бар екен ғой қан бойымда, құрбан жаным бұл ойында,-Деп кемпір-шал «а, Құдайлап» тәубе қылып, аһ ұруда.
Тақ таңғаны сүйген бе еді ? Халық оған үйленбеді.Ордалықтар күйбеңге енді: жарлық, жасақ, сүймен келді.Тиеп алды «темір атқа» тоқпақ, темір тигендердіШыбын жанын шындық үшін шүберекке түйгендерді.
Тәнін темір жаншып болды, рухты реттеу мансұқ болды.Шарасы мен шеңгеліне жендеттердің қан шып толды.Көкжалдарын жайратқасын, іске қосты жайлап басын,Көк бөріні өрбітетін қауіп енді қаншық болды.
Кімге бүйтіп шүйліккен ең, жақпай қалды билікке нең ?Қарсы алады қала сырты қарындасты «сыйлықпенен».Зорлап, қорлап бұрымдыны, ал рухына «Қырғын күні»Бұйрық берер күші болмай-ісі болды құйрықпенен…
…Қыз астынан бу атады, құздар қызды жұбатады:«Ертең Сізге таң атады, шуақ мұзды қиратады.Куә болар мұнда біз бар, қуаратын қара жүз бар,Ынтық болмай Сіздерге ызғар, ышық Сізді ұнатады»
Көккөз көсем, көк мұз, көтен-бір диалог алабөтен.Тағылмаған жала да кем, жала сияр дала да кең.Жалап кеткен жатырын мұз қуанта ма батырын қыз ?Әлі құрып түні бойы әлди енді сала ма екен ?
Қыздан ерлік ел күтеді, ер мен етек бірге тегі.Әр қыз бізге жалғыз еді, әр қыз бізге бір құт еді.Қызуыңнан, қарындасым, тоқыраудың тоңы кетті,Құрсағыңа ұл бітпесе жүрегіңе нұр бітеді !
Cәкен
3 қаңтар, 2012 2:00 amЖақсы екен жырыңыз.
Еркеш Жұмажан
7 ақпан, 2012 6:27 pmҚазақ деген мен болам!
Тамыры терең, түбімен теңіз ұштасқан,Абройы асқақ заңғарын аппақ қар басқан.Қазақ деген сөз жетпейтін даңалық,Мақтанышпен айта берем тынбастан.
Қазақ деген төбемдегі көк аспан,Қазақ деген сарқылмайтын жыр дастан.Тәңір берген тәтті сыйы дарыны,Сөз сиқыры қара өлеңмен сырласқан.
Қазақ деген қара шыңырақ киелі,Өнер, білім жыр ордасы, тиегі.Алтай , Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,Жетісу мен Сары-арқа қонған белі.
Қазақ деген ақын, батыр ер елің,Қазақ деген әнші, күйші өнерің.Саусағынан бал тамып, көмейінен жыр аққан,Қазақ деген асыл халық мен едім.
Көк бөрінің көк жалын, Күлтегіннің қанжарын.Сонау кеткен үмітпен, ата-баба арманың.Жалыңдатып келемін.Оқығанда жырымды, бұлқынады жүрегім.Алаш деген көк бөрі, Қазақ деген мен едім.Тәуелсіз байтақ елімді, Қазақстанды сүйемін.
Тәуелсіз елім бүгінде 20 жасқа толдың сен,Көк байрағын көгінде егеменді болдың сен.Тең терезе өзгемен ел еңселі болдың сен,Жиырма жылда жарқ етіп жарық жұлдыз болдың сен.
Тақыр жерден тау көтеріп Астананы орнаттын,Төрін тудай желбіретіп Көктемгі гүлдей жайнаттын.Бар ғаламның көгінде көз тікпеймін басқаға,Текті жердің төрінде аруым тур Астана.
Жібектейін жайылған “тұм” киелі кең далам,Ұлан ғайыр атырап жұмақ мекен жер маған.Сазгерлер қосып әніне, ақындар асып жырлаған,Естимісін мені әлем қазақ деген мен болам.
ЖІБЕК
9 желтоқсан, 2013 11:33 pmU78787878787878YIUYUYIYIIYIYIYHMHMHKHKHKHKHKHHFJJFJFJFJFJFJFJJFJFJFJFJFJFJFJFFFJVNC NBCVN VBVVVVVVVVVVV
ПІКІР ЖАЗУ
Начало формы
Аты-жөні (*)E-Mail (*)
Конец формы
ЖЫЛ АДАМЫ – 2013
«Қазақ үні» газеті мен www.qazaquni.kz сайтының 2013 жылғы «Жыл адамдарын» таңдауға атсалысыңыздар.БАРЛЫҚ АЙДАРЛАР
АЛАШАҚПАРАТБІЛІМБИЛІКВИДЕОДІНЖҮЙРІК ОЙЗАҢМӘДЕНИЕТПАРЛАМЕНТСАЯСАТСПОРТТАРИХЭКОНОМИКАҚОҒАМҚЫЛМЫСҚҰМСАҒАТҚҰТТЫҚТАУҰЛТӘДЕБИЕТСОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы тұрғындарының саны 1,5 миллионнан асты
Айтыс жеңімпазы – Жандарбек Бұлғақов
Ауыл аумағынан мұнай табылыпты
Қазақстан мектептерінде тексерулер тым көп
Алматының “Медеу” және “Цирк” кешендерін жобалаған сәулетші дүниеден озды
ГЕРОИ НАШЕГО ВРЕМЕНИ КАЗАХСКИХ интернет-СМИ
Киевтегі митингіге Мұхтар Тайжан бастаған белсенділер қосылды
Тау көтерген Толағайдың тегеурiндi ұрпақтары “Еуразия барысы” атанды
Алда 16 желтоқсан…
Ұлт батырының бейнесі экрандалады
ЕҢ КӨП ТАЛҚЫЛАНҒАНДАР
ГРАНТ 2013 ТІЗІМІ 12 ТАМЫЗДА www.qazaquni.kz сайтында ЖАРИЯЛАНАДЫ (1404)
ГРАНТ 2012 ТІЗІМІ 14 ТАМЫЗДА www.qazaquni.kz сайтында ЖАРИЯЛАНАДЫ (860)
ГРАНТ 2011 иегерлерінің толық тізімі (790)
Жұлдыз жорамал (02.12.13. – 08.12.13 жж.) (312)
АНА ТІЛІНЕ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕГЕНДЕР ҚАЛАЙ МИНИСТР БОЛАДЫ?.. (142)
Қазыбек ИСА. АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТПЕЙ, ТІЛДІ ҮЙРЕНУ – СУҒА ТҮСПЕЙ ЖҮЗУДІ ҮЙРЕН ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ… (113)
САЛЫҚТАН ҚАШЫП, ОФШОРҒА ТЫҒЫЛҒАНДАР ТІЗІМІ. Министр Қаппаров отставкаға кете ме?(105)
Қалқаман САРИН: Күздің жырын жазады бір Құдірет… (97)
ЛАТЫН әліпбиіне көшуге ҚАРСЫЛЫҚ – ҰЛТ МҮДДЕСІНЕ ҚАРСЫЛЫҚ! (97)
“ЖЫЛ АДАМДАРЫН” СІЗДЕР АНЫҚТАЙСЫЗДАР! (92)
ПІКІРЛЕР
серікбай маханұлы ақын - сазгер: Қазасына ортақпыз В Кацев 84 жасқа келіпі .Атқарған еңбегі зор .Жанар Жаркынбаева: Меники дал келди!!!!!!!!!!!!!!!!!!Бір қазақ: Жемқорлықтың бір түрі ЖОО-ларда екен.Бейшара студенттер қолдары қалтырап (қиналып)мұғалімге пара...Данияр: Әр-бір айтылған сөз дәлелмен келтіріліп және Алтын Адам жайлы нақты шындыққа жанасатын мен естіген тарих...Айбалта: Шыдап болдым, Қазақтың қаһарын сынағың келсе ата-бабасының аруағына тиіс!!!!! Қазақ жерінде несібесін тауып...Kazakh-uly Esimi-jok: Кайран казак не истесек енди арты не болат осылай кайр сурап мунга боленип, аскак арманымзга...Kazakh-uly Esimi-jok: Мұхтар Тайжан жарайсың әне осындай Жігетр барда құрымаймызAnonymous: Оқулық пен жоспарды бірдей ету керек “Ата мұра” “Мектеп” деп бөлместен оқулықтар...Руза: Осыны жазған сізге де мың да бір алғыс Қазеке!Anonymous: ҚАЛТАСЫНАН бұрын уақыт емес пе оның барлығы ол балаға сабақ түсіндіре ме?әлде папка мен қағазын жаза...ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ
left0Апталық жұлдыз - жорамалСІЛТЕМЕЛЕР
Негізгі бетГазет тарихыРедакцияФотогалереяВИДЕОАЛАШ
АҚПАРАТ
БІЛІМ
БИЛІК
ВИДЕО
ДІН
ЖҮЙРІК ОЙ
ЗАҢ
МӘДЕНИЕТ
ПАРЛАМЕНТ
САЯСАТ
СПОРТТАРИХ
ЭКОНОМИКА
ҚОҒАМ
ҚЫЛМЫС
ҚҰМСАҒАТ
ҚҰТТЫҚТАУ
ҰЛТ
ӘДЕБИЕТІЗДЕУ:
Начало формы
Конец формы
© Copyright 2013 — Қазақ үні – Республикалық қоғамдық-саяси апталық. Designed by