Шет тілін білген жас ?рпа?ты? болаша?ы зор


"Шет тілін білген жас ұрпақтың болашағы зор"
Өткен жылдары аудан мектептерінде ағылышн тілін жетілдіру мақсатында алғаш рет игі іс-шара қолға алынды . Соның ішінде " Ағылшын -америка ақын жазушыларының өлеңдер байқауы" болды.
Ағылышн тілінде ақындардың шығармаларын мәнерлеп айту оқушы үшін пайдасы зор. Баланың тіл байлығы дамиды, әрі ағылшын елінің ақын жазушыларының өмір баянымен шығармашылығымен танысады.Елбасымыз айтқандай "Жаhандану заманында қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақ жоғары білімді және үш тілді білу қажет". Бұл : қазақ тілі- мемлекеттік тіл , орыс тілі- ұлт аралық тіл, ағылшын тілі-әлемдік экономикалық тіл. Шет тілін білу заман талабы. Тіл білсең көзің ашық, көкірегің ояу болады.Кез келген жерде жолында ашық болады.Себебі қазіргі таңда жұмысқа орналасқың келсе алдымен шет тілін білуді талап етеді. Мысалға ең қарапайымы кафеге даяршы болып немсе мекемеде хатшы болып жұмысқа тұрсаң шет елдерден келген қонақтармен ағылшын тілінде сөйлесуің қажет.
2015 жылы желтоқсан айында Ақмола облысының оқушылары арасында " ағылшын -америка ақын жазушыларының өлеңдер байқауы " өтті.Фарфор орта мектебінің 6 а сынып оқушысы Бейсенбаева Томирис I орын және Қайрат Айдыншалқар III орынға ие болып мектебіміздің ғана емес , ауданымыздың да абыройын асқақтатты. Алдағы уақытта Томирис пен Айдыншалқарға жетістіктерге жете беріңдер дейміз. Жеңістерің құтты болсын шәкірттерім.
6587490953135Фарфор орта мектебіне еңбек жолымды жас маман ретінде бастадым, биыл сол салада жұмыс жасап келе жатқаныма үшінші жыл болады. Ұстаз әр дайым ізденісте болуы қажет. Қазіргі таңда ұстаздарға шет тілін білуді талап етіп жатыр. Алдағы уақытта мектептерде биология, география, химия т.б пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады деп жоспарлануда. Осыны мақсат тұтып өткен жылдың шілде айында үш аптаға Солтүстік Кипр еліне барып "Жазғы Академия. Шет тілдер мектебі.Жалпы ағылшын тілі"курсын оқып келдім. Жетекшім Прима Александраға айтар алғысым шексіз .Ол бір группада әр түрлі елден келген ұлттарға таза ағылшын тілінде сабақ түсіндіріп ,ойындар жүргізді.Меніменде жеке дара жұмыс жасап ағылшын тілін жетілдіруіме көмегін тигізді. Кипр елі өте ыстық және мәдениеті мен табиғаты бай ел.Студенттерге барлық жағдай жасалған соған қысқаша тоқталып өтсем деймін. Жоспарбойынша сағат 9-12 аралығында сабақ өткеннен кейін, сағат 13.00-14.00арасында түскі ас берген соң ,автобуспен Жер орта теңізіне немесе экскурсияға апарады. Кешкі асты сағат 6-7 арасында береді.Сағат 20.00-23.00арасында картингке,боулинг ойнауға апарады. Халқаралық Кипр Университеті атында CIU аренасы бар. Бұнда бассейнге шомылуға болады және тренажерный залда жаттығулар жасауға болады,сонымен қатар онда би кешінде ұйымдастырады. Халқаралық Кипр Университетінде оқитын студенттер бізді сабақтан кейін Герне, Никосия қалаларына апарып ерте заманнан бері сақталып келе жатқан мешіт, шіркеулерді , әр түрлі тарихи жерлерді көрсетті сол кезде Кипр елі мәдениет пен табиғатқа бай екендігіне тағыда көзім жетті. Әр елден келген туристтермен танысып ағылшын тілінде сөйлесіп практика жүзінде тәжиірбие алдым десемде болады. Курсты оқып бітірген соң барлығымызды сертификатпен марапаттады.Осы алған тәжірбиемді оқушылармен бөлісудемін.
Фарфоровый ауылы, №10 орта мектебі. Хайрова Гүлжазира Нұрланғалиқызы , ағылшын тілі пәні мұғалімі
Менің оқушылырым: Бейсенбаева Томирис және Қайрат Айдыншалқар
2957195306705-965200266065
-554376244208
Северный кипр
-724535243205
2698115685165989594607527