Тікб?рышты ?шб?рышты? кез келген б?рышын немесе ?абыр?асын оны? берілген екі элементі бойынша табу


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.3B Үшбұрыштарды шешу Мектеп:
№43 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты – жөні:
Айдынғалиева А.С
Сынып: 9b Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың кез келген бұрышын немесе қабырғасын оның берілген екі элементі бойынша табу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарласамына сілтеме) ГМ9.26Үшбұрыш ауданының формуласын (табаны мен оған түсірілген биіктігінің жарты көбейтіндісі) формуласын қорытып шығарады және оны қолданады;
Пифагор теоремасын дәлелдейді және қолданады;
Пифагор теоремасын пайдаланып, тригонометриялық функциялардың міндерін, отыз градусқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаның жартысына тең болатынын пайдалана алу;
Сабақ мақсаттары Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың катеттері мен гипотенузасының қасиетін біледі. Бір бұрышы белгілі болса қалған екі бұрышын таба алады. Пифагор теоремасын қолдана алады.
Жетістік критерийлері Есептер шығару барысында негізгі тригонометриялық формулаларды, синус, косинус, тангенс және котангенс функцияларының анықтамаларын қолданады.
Тікбұрышты үшбұрыштың берілген екі белгісі арқылы қалған бөліктерін табу. Бұрыштардың қасиеттерін қолданып есептеу. Қолданбалы есептерді шығара білу.
Тілдік мақсаттар Оқушылар сабаққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін айта алады.
Синус, косинус, тангенс, котангенс, градус, тригонометрия, тригонометриялық функция, тригонометриялық тепе – теңдік, бұрыш, Пифагор теоремасы.
Degree - градус
Angle - бұрыш
Triangle – үшбұрыш
Right triangle – тікбұрышты үшбұрыш
Length - ұзындық
Құндылықтарды дарыту Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.
Пәнаралық байланыстар Информатика, сызу, геометрия
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта. Тақырыпқа арналған презентация, жұптық жұмыстарға арналған қағаздар, жұптық тапсырмалар
Бастапқы білім Оқушылар тригонометриялық функциялардың анықтамаларын, тікбұрышты үшбұрышты, үшбұрыштың қасиеттері мен бұрыштардың қасиеттерін, Пифагор теоремасын, тікбұрышты үшбұрышқа қатысты тригонометриялық функцияларды, олардың бұрыштық мәндері мен анықтамаларын, тангенсті синус пен косинус арқылы өрнектеу.
Күтілетін нәтижелер Оқушылар берілген мәндерге байланысты (элементтерге) ізделінді элементті табу. Тригонометриялық функциялардың мәндерін біледі және оларды есептерді шығару барысында қолдана біледі.Формулаларды пайдаланып ықшамдау, функцияның мәндер есептейді.
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
3 минут15 минут
15 минут
Сабақтың ортасы
15 минут
Сабақтың соңы
25 минут
І.Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)
ІІ.Өткен материалдарға шолу:
Оқушылардың өткен материалдардан үйге берілген тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқушыларға арнайы торкөздері бар қатты қағаздар мен маркерлер беріп тапсырманың есте сақтағандарын тексеру.
Оқушылар қағазға 14 формула мен тригонометриялық функциялардың мәндер кестесін жазулары керек.

, ,

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені айту.
Тікбұрышты үшбұрыштың кез келген бұрышын немесе қабырғасын оның берілген екі элементі бойынша табу.
Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің анықтамалары, олардың арасындағы тепе – теңдіктер, Пифагор теоремасы үшбұрыштарға берілген есептерді шығаруды жеңілдетеді. Атап айтқанда, тікбұрышты үшбұрыштың екі элементі бойынша оның қалған элементтері оңай табылады. Мынандай төрт жағдай болуы мүмкін:
1) және катеттері берілген. гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табу талап етіледі. Оларды формулаларын пайдаланып есептеуге болады.
2) гипотенузасы, катеті берілген.
белгісіз элементтер.

3) катеті мен сүйір бұрышы берілген. Белгісіз элементтер төмендегі формулалармен:
.
4) гипотенузасы және сүйір бұрышы берілген. Қалған элементтерін төмендегі формулалар арқылы есептеуге болады:
.
Оқушыларға инерактивті тақтадан мысалдар түсіндіру. Қолданбалы есептер беру арқылы өмірде тікбұрышты үшбұрыштың қолданысын көрсету.
Мысалдар:






Оқушылардың өздеріне шығаруға есептер беру. Тақтаға бір – бірлеп келіп есептерді шығаруға арналған тапсырмалар.
Жұптық жұмыстану
Оқушыларды мүғалім үстеліндегі тұрған 111,22,33,44,55 жазулы карточкаларды таңдап өздерінің жұптарымен бірге отырып берілген есептерді шығарады.
Оқушылар жұп – жұп болып шығарған есептерінің жауаптарын экраннан қарап тексереді
Оқушыларды бағалау:
Сабаққа белсенді қатынасқын жұп немесе жеке оқушы материалды толық түсінсе жеткілікті деп бағаланады.
Үй тапсырмасы:
Оқушыларға тікбұрышты үшбұрыштың катеті немесе гипотенузасы мен бір бұрышы белгілі болғанда қалған элементтерін табуға есептер беріледі. Бекбоев, Абдиев
8 сыныпқа оқушыларына арналған оқулық
Геометрия. 7—
9 классы : учеб. для общеобразоват. уч-
Г36 реждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев
и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с.
Презентация
интерактивтіүшбұрыш:
http://www.shodor.org/interactivate/activities/TriangleExplorer/Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылар сабақ барысында жеке – жеке тақырыпты түсіну үшін есептер шығарады, содан кейін жұп – жұп болып бес есептен шығарады. Әр жұп шығарып болған есептерінің жауаптарын экраннан көре алады. Сабақ соңында сабаққа белсенді қатынасып отырған жұп немесе жеке оқушы бағаланады. Жұптық ойын болғандықтан оқушылар жұп болып шығарған есептер сандарына байланысты бағаланады. Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған.
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?