Келтіру формулалары 9 сынып


Сабақтың тақырыбы Келтіру формулалары Алгебра
9 сынып 10.02.2017ж
Сабақтың мақсаты 1. Берілген функция қай ширекте жататынын білу; (Барлығы)
2. Функцияның кофункцияға өзгеру, өзгермеуін түсіну; (Көпшілігі)
3. Келтіру формулаларын қорытып шығаруды үйрену; (Кейбіреуі)
Күтілетін нәтиже 1. Оқушылардың 100%-ы
I ширекте ,
I I ширекте ,
III ширекте ,
IVширекте , жататынын біледі;
2. Оқушылардың 80%-ы арқылы берілсе берілген функция кофункцияға өзгеретінін, ал түрінде берілсе өзгермейтінін түсінеді;
3. Оқушылардың 50%-ы келтіру формулаларын қорытып шығаруды үйренеді;
Негізгі идея Тригонометриялық функциялармен байланысты көптеген есептерді шығаруда тригонометриялық функцияның кез келген бұрышын тригонометриялық функциялардың сүйір бұрышына келтірудің маңызы зор. Басқаша айтқанда, егер π2k±α (мұндағы k-кез келген бүтін сан, α- сүйір бұрыш) бұрышының функциялары берілсе, онда оларды α бұрышына байланысты тригонометриялық функцияларға келтіру ыңғайлы. Ол үшін арнайы берілген келтіру формулалары қолданылады.
Тапсырма 1. Ой қозғау. (Презентация)
Тапсырма 2. Топтық жұмыс (Шығармашылық тапсырма)
Тапсырма 3. Жұптық жұмыс (Қатесін тап)
Тапсырма 4. Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырма)
Сабақ бойынша
мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
КІРІСПЕ 5 мин Топқа біріктіру үшін , , , , , , , жазылған қағаз қиындылары пайдаланылады. Қиындыларда көрсетілген бұрыш қай ширекте жататынын кезек-кезек айтады, сол топқа барып орналасады.
Тұсаукесер
3 мин
Ой қозғау үшін интербелсенді тақтада слайд көрсетіледі. Түсінгендерін білу мақсатында ауызша кері байланыс алынады:
1. Қай кезде берілген функция кофункцияға өзгереді?
2. sinπ2-α=?
3. Формуланы қорытып шығару үшін қандай сұрақтарға жауап іздейміз? Слайдта көрсетілген мәліметтерді талдайды. Сұрақтарға жауап береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
20 мин
Оқушылармен бірлесіп, табыс критерийлерін құрамыз.
1. Берілген функция қай ширекте жататынын білемін
2. Функцияның кофункцияға өзгеру, өзгермеуін түсінемін
3. Келтіру формулаларын қорытып шығаруды үйренемін
Топтық жұмыс: (Шығармашылық тапсырма)
I ширек тобы , бұрыштарының синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің формулаларын қорытып шығарады.
I I ширек тобы , бұрыштарының синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің формулаларын қорытып шығарады.
III ширек тобы , бұрыштарының синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің формулаларын қорытып шығарады.
IVширек тобы , бұрыштарының синустың, косинустың, тангенстің, котангенстің формулаларын қорытып шығарады. Рөлдерге бөлінеді.
Топтар берілген тапсырманы ортада талқылап, формуланы қорытып шығарады.. Осы жұмыс барысын бақылаушы бағалау парағына түсіріп отырады.
5 мин
Жұптық жұмыс (қатесін тап)
Есепте:
1) cos1350=cos900+450=sin450=222) sin15π4=sin16π-π4=sinπ-π4=-cosπ4=-223) tg-7π3=-tg6π+π3=-tg2π+π3=tgπ3=33Сағат тілі бойынша алмасып дайын үлгі жауап арқылы 3 есептіңде қатесін дұрыс тапқан жұптардың аты аталып 3 шапалақ арқылы бағалайды. Оқушылар екі-екіден бірігіп жұп құрайды. Қатені табу барысында оқушыларда логикалық қабілеттері ашылады.
ҚОРЫТЫНДЫ 10 мин
Жеке жұмыс (Деңгейлік тапсырма)
1 деңгей №329в, №331г
2 деңгей №335 а, №338г
3 деңгей №339 ә
Осы 5 есепті шығару барысында оқушыларда танымдық дағдылары қалыптасады. Шешімін табуға тырысады. Өзін-өзі реттеуге үйренеді.
2 мин Рефлексия

1
2
3

Бүгінгі сабақты үш сөзбен бейнелеп стикерге жаз және табыс критерийінің қай сатысына жеткеніңді ескеріп сол нысанаға жабыстыр Табыс критерийлерін пайдалана отырып, сабақ рефлексиясын жазады.
Кейінгі тапсырмалар № 329, №331 қалғандары
№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп

(ашық сабақ)
Пәні: Алгебра
Сыныбы: 9 Б
Пән мұғалімі: Абилкасимова Н.Ш.
2016-2017 оқу жылы