?стеуді? ма?ыналы? т?рлері.Мезгіл ?стеуі.
160210519812000
746760130175Мұғалім туралы мәлімет
Аты – жөні:Айтбаева Күлнар Аманғазықызы
Білімі:Жоғары
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмыс орны: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Байқошқар ауылы «Горный жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
Педагогикалық еңбек өтілі: 36 жыл
Мұғалім туралы мәлімет
Аты – жөні:Айтбаева Күлнар Аманғазықызы
Білімі:Жоғары
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмыс орны: Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Байқошқар ауылы «Горный жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
Педагогикалық еңбек өтілі: 36 жыл
Сабақтың тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері.Мезгіл үстеуі.
Сабақтың мақсаты: білімділік-үстеудің мағыналық түрлері және мезгіл үстеуі туралы түсінік бере отырып, ерекшеліктерін меңгерту;
дамытушылық-оқушылардың ойлау белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау,ізденімпаздыққа баулу;
тәрбиелік-оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын арттыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың тегі:жаңа сабақ
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсінік,жаттығу,талдау
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сәйкестік тест, диаграмма
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
а)оқушылардың назарын сабаққа аудару;
б)сабақтың тақырыбы,оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырмамен жұмыс:
а) жаттығуды тексеру;
б) өткен сабақты пысықтау.
«Біліміңді байқап көр».
Ұяшықтағы тапсырмалар:
1-ұяшық
Дара үстеулердің жасалу жолына қарай түрлерін атаңдар.
Дара үстеулер жасалу жолына қарай негізгі және туынды үстеулер деп бөлінеді.
2-ұяшық
Үстеудің құрамына қарай түрлері.
Үстеулер құрамына қарай дара үстеулер және күрделі үстеулер болып екіге бөлінеді.
3-ұяшық
Құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.
Негізгі үстеулер
4-ұяшық
Негізгі үстеуге жалғанатын сын есім шырайының жұрнақтары.
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек және –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу.
5-ұяшық
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар.
–ша, - ше
-лай, -лей,-дай, -дей, -тай, -тей
-дайын, -дейін, -тайын,-тейін
-шама, -шеме
-майынша, -мейінше,-байынша, -бейінше,-пайынша, -пейінше.
6-ұяшық
Туынды үстеулердің жасалу жолы.
Жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалады.
7-ұяшық
Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасайтын жалғаулар
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер
8-ұяшық
Күрделі үстеудің жасалу жолы.
Екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады.
9-ұяшық
Көне түркі ескерткіштеріндегі үстеудің тұлғасына қарай түрлері.
1.Негізгі үстеулер
2.Туынды үстеулер
ІІІ.Жаңа сабақ.
«Білгім келеді».
Үстеудің ережесін еске түсіру.
Үстеулер білдіретін мағыналарына қарай 7-ге бөлінеді.
Мезгіл үстеу
Қазір Ербол,Мырзағұл,Оспан-үшеуі үш жерден құлаштай сапырып,сырлы тостағандарды қонақтарға қыдырта бастады.
Аздан соң Жігітек ауылдарынан бас құрап аттанған он шақты салт атты ауылға қарай беттеді.
Таңертең Абай Әбіштің оқу жайын сұрады.
а)Мезгіл үстеу ережесі
ә)Сұрағы:қашан? қашаннан?
т Мезгіл үстеу
-5715-190500-5715952500-57152032000-5715889000
негізгі түбір үстеу
туынды түбір үстеу
күрделі үстеу
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Үстеу – наречие.Орыс тілінде үстеу мағынасына қарай 7-ге бөлінеді.
Мезгіл үстеу (наречия времени)
Бүгін (сегодня), ертең (завтра), былтыр (в прошлом году), түнде (ночью), қазір (сейчас).
ІҮ.Кітаппен жұмыс
«Талдау-табыс кілті».
275-жаттығу
а)Мезгіл үстеуді тауып,қай сөзбен тіркескенін табу.
Ертең тұрып,ертерек оятыңызшы,ертең барамын,ертең басталатын ,мана барып,
ә)Сөйлемдерді көшіріп жазып,мезгіл үстеулерінің қалай жасалғанын айтқызу.
Бұдан бұрын-сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеу
Бүгін –сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеу.
Таңертең -сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеу.
Күздігүні –сөздердің бірігуі арқылы жасалған.
Анда-санда-сөздердің қосарлану арқылы жасалған үстеу.
Енді-негізгі үстеу.
Биыл-сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеу.
276-жаттығу
Бұрын:-қашан келмеген?-бұрын келмеген.
Былтырлар:-қашан келмеген?-былтырлар асып кетті.
Бүгін:-қашан отырғанда?-бүгін отырғанда.
Әзірге:-қашан созған жоқ?-әзірге созған жоқ.
Қазір:-қашан отыр?-қазір отыр.
Ү.Морфологиялық талдау.
І.Тұлғасына қарай:
ІІ.Құрылысына қарай:
ІІІ.Сөз табы:
ІҮ.Мағынасы:
Ү.Түрлену ерекшелігі:
ҮІ.«Өзіңді-өзің сынап көр».
Сәйкесін тап.
таң жаздай
оқта сапақта
ала ертең
күні текте
апақбойы
ҮІІ.Сабақты қорытындылау
Р.с. Мысалдар Иә Жоқ
1 Үстеу өзгертеуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне ме? 2 Үстеу құрамына қарай үшке бөлінеді. 3 Туынды үстеулер жұрнақ арқылы жасалады. 4 Негізгі үстеуге сын есімнің шырайының жұрнақтары жалғанады. 5 Шығыс септіктің көнеленіуімен қалыптасқан үстеулер күрделі үстеуге жатады. 6 Үстеу мағынасына қарай жетіге бөлінеді. 7 Мезгіл үстеулері құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: Үстеудің мағыналық түрлері.Мезгіл үстеу. 277-жаттығу.
ІХ.Оқушы білімін бағалау.