М??алім — мектепті? ж?регі



lefttop0

Жангелдин ауданы
Қ.Қайдосов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Қоянбаева
Гүлжаухар Тұрсынбекқызы
І санатты мұғалім
Мұғалім – мектептің жүрегі
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы,білім мазұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңа бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта еңбектенетін,ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар.Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.Осы міндетті шынайы мәнінде атқару әр ұстаздың парызы.Мектеп өмірі мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан,ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үщін әрқашан ізденуді,білімдерін жетілдіруді,жан-жақты,білікті болуды талап етеді.Осы міндетті шынайы атқару мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгей бойынша оқып алған сертификаттың жауапкершілігі зор екенін түсіндім.Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Алғашқы тәжірибемде орта және қысқа мезімді жоспарлар жасап, жоспарға 7модульді ықпалдастыра енгіздім.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жақсы болуы үшін әрдайым жақсы атмосфера қалыптастыру керек.Сабақтарымда сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда мен оқушылар арасында ұйымдастыру тренингтерін жиі пайдаланамын.Осы тренинг нәтижесінде оқушылар қажетті ақпаратты өте жақсы қабылдайды.Әртүрлі тәсілдер арқылы топтарға бөлініп,өзара ақылдасып,берілген тапсырмалардың шешімін табады.Үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылар тапсырмаларын өзара тексеріп,бірін-бірі бағалап отырады.Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау,өзара пікір алмасу,пікірлерін дәлелдету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізеді. Әрдайым топпен жұмыстан кейін сергіту сәтін ұйымдастыру әдетке айналып келеді.Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы сабақтарымды жаңаша өткізуде және өзгерістер енгізуде алдымен өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды дамыта отырып,оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің өрістеуін дамыту,өз еріктерімен тапсырмаларды орындауын,талқылауын және өзін-өзі бағалай алуын дамыта,өзгерістер енгізе отырып құрылған сабақтарым оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда.
Сабақтардағы басты өзгерістер бұрынғы өткен дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы көбінесе оқушылардың топпен біріге отырып жұмыс жасауында және оқушылар жаңа тақырыпты проблемалық сұрақтар арқылы өздері ашуы және мақсат қоя білуінде.Сондай-ақ басқада өзгерістер сабақтың әр кезеңдерінде көрініп отырады.
Менің осы бағдарламадан түйгенім,оқушының әр сабақтан өзіне қажеттілігін табуы. «Жақсы оқитын баланы мадақтама,мақтама өр көкірек болады,нашар оқитын баланың еңсесін түсірме» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай әр оқушының жүрегіне жол таба білу керек.
Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан,әртүрлі пікірлер пайда болады.Олардың қандай да болмасын-мүмкін,қате немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап,оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін.
Қорыта айтар болсам,сабақтарымды жаңа бағдарламаның әдістерін қолдану арқылы жүргізу – оқушының өзін-өзі дамытуына,өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып,өз сұрағына өзі жауап іздеп,жан-жақты білім алуына көмектеседі.
Әрқашанда бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып,шаршамай еңбектенеді.Елді өсіретін де,елді төмен түсіретін де – білім.Сондықтан қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде.
Өз ісіне сүйсіне берілген,жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,шәкірттің жанына нұр құйып,өмірге өзі де бақытты болып,өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық!