?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? Міржа?ып Дулатов «Наурыз» (4-сынып)


Тақырыбы: Міржақып Дулатов «Наурыз»
Сыныбы: 4
Өтілу күні:
Мақсаты:
Білімділік: М.Дулатов туралы жан-жақты мағлұмат беру, өлеңнің мазмұнын ашу, түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Өлең оқу дағдысын жетілдіру, ұйқас бойынша талдау қабілетін, белсенділігін арттыру. Сөздік қорының молаюына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін оқушы санасына сіңіре отырып, оны қастерлей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы ақын өмірімен танысады, өлеңнің мазмұнын түсінеді. Сөздік қоры молаяды.
Пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеті дамиды.
Халықтың салт-дәстүрін қастерлей білуді үйренеді.
Негізгі идеялар: Көктемгі құбылысты, наурыз айының ерекшелігін ажырата білу.
Көрнекілігі: М.Дулатовтың портреті, дерекнамалық сызба кесте, өлеңнің мағынасына сай плакат
Әдіс-тәсілдері: ой шақыру, топтастыру, түсіндіру, сахналау
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Жауабы табылған әр сұрақ пен орындалған әр тапсырма өз орнына қойылуы тиіс.
Үй тапсырмасын тексеру
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жаз келер» өлеңі
1-тапсырма: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру.(№1)
2-тапсырма: «Жаз келер» өлеңін жатқа айту.(№2,3,4,5)
Жаңа сабақ
3-тапсырма: (№6)
Қызығушылықты ояту
- Жаңа сабақты бастамас бұрын тақтадағы хронологиялық кестеге назар салайық, әрі бұл адамның кім екенін анықтайық.
1885ж. дүниеге келді
1935 ж. қайтыс болды.
1897-1902 ж. Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінде оқыды.
1906 ж. Петербургтен саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралды.
1907 ж. Петербургте шыққан «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңі, бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақала жариялайды.
1909ж. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
1913ж. А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарады.
1920ж. Ташкентке келіп «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады
1922 ж. жазықсыз қамауда отырып шығады.
1922-1926 ж. Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады.
1928ж. бір топ қазақ зиялылырымен бірге қамауға алынады да, он жылға сотталады.
1935ж. тұтқында қайтыс болады.
Дерекнама иесі - М.Дулатов
4-тапсырма: (№7)
Толықтырулар:
Тақтада топтап, дәптерге көшіріп алу.
қазақтың аса көрнекті ағартушысы қоғам қайраткері
ақын ж азушы
жалынды көсемсөз шебері
Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды.5-тапсырма (№8)
«Өшпес өмір өнегелері» тарауынан М.Дулатовтың қандай шығармасымен таныстық?
Шешенің балаларын сүюі.
6-тапсырма (№9,10,11,12)
Диалог ретінде жазылған «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін сахналандыру
7-тапсырма (№13)
Ой шақыру стратегиясы
Бағанадан бергі жапсырмалауымыздың нәтижесінде жыл мезгілдерінің бірін бейнеледік. Бұл қай жыл мезгілі?
Көктем.
Ал көктемнің алғашқы айы қалай аталады?
Наурыз.
Наурыз дегенде есімізге не түседі.
Наурыз айындағы мерекелер.Ұшып келе жатқан құстар, өрісте жайылып жүрген мал, жайқалып өсіп жатқан гүлдер.
Қосымша мәлімет
- Наурыз қандай мейрам?- Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава - жаңа рәзаңһ - күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но - жаңа роуз - күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21 - 23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Мағынаны тану
Кітаппен жұмыс
М.Дулатов туралы мәліметті оқып танысу.
«Наурыз» өлеңінмұғалімнің мәнерлеп оқып беруі, өлеңге талдау.
Оқушылардың кезектесіп оқуы.
Дәптермен жұмыс
Өлеңнің 2 шумағын көшіріп жазу, талдау жасау
Ойнаған анау бала,
Көкорай жалын дала.
Егіндік егін еккен,
Ұзамай болар жаңа.
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буын, а,а,б,а ұйқасы
Қорытынды: «Наурызда» тақырыбында шағын мәтін құрау
Үйге тапсырма: М.Дулатов туралы дерек, өлеңді жаттау
Бағалау