Информатика п?нінен ашы? саба? Модель ж?не модельдеу 6 сынып


№176 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Модель және модельдеу
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: А.Қаратаева
2015-2016 оқу жылы
Күні:.................................. Пәні: Информатика 
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ (Ақпараттық диктант, сөзжұмбақ, «Шыңға шығу!» ойыны, тәжірибелік (жұптық) жұмыс)
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: 
«Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі (циклдік алгоритм) деп аталады.
2. Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты ..(алтыбұрышты) фигураға жазылады.
3. Шарт циклдік алгоритмнің ......(басында).............. немесе соңында келуі мүмкін.
4. Алгоритм түрлері:..................(сызықтық, тармақталған, циклдік)..............................
5.Блок-сызбада тармақталған алгоритмнің шарты ..(ромб)................ фигураға жазылады.
6. Алгоритмнің тізбектей орындалуы .....(сызықтық алгоритм).................... деп аталады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөзжұмбақ
1. Мысықтың баласы
2. Бақшада өсетін көкөніс түрі
3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал
4. Ең төзімді үй жануары
5. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы
6. Жіңішкелік белгісі
Марғауорапмжаырақдопесеклевьжәне
Компьютердің негізгі құрылғысы
Музыка неден шығады
Компьютер түрі
Ақпарат тасығыш
Ең тез тарайтын вирус
Мұғалімнің рұқсатынсыз нені қосып, өшіруге болмайды
Алгоритм түрлерінің бірі
1024 Кб неге тең
Зақымдаушы программа
оМниторколонкадербеселфшкамелиссакмопьютерциклдікгегабайтвирус
«Модель» сөзін естігенде сенің көз алдыңа не келеді?• Модельді қандай мақсатпен пайдаланады?• Өздеріңе таныс модельдерден мысал келтір. Бала кездеріңде қандай ойыншықтармен ойнадыңдар?
Модель мен модельдеуді адамзат ертеден пайдаланған. Модельдің көмегімен сөйлеу тілі, жазу, графика тараған. Ата - бабаларымыздың жартасқа салған бейнелері, сурет пен кітап - мұның бәрі келешек ұрпаққа қоршаған әлем туралы білімді ақпараттық формада беру модельдері.Модельдің не екенін түсіндіру үшін мысалдар келтіру.Глобус - бұл Жер шарының моделі.Дүкендегі манекен - адамның моделі.Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.
Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.
Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.
Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.
Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.
Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сйәкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады. Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.
Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:
Қошаған ортаны танып-білу;
Берілген қасиет бойынша нысанды құру;
Әсердің нысанға тигізер салдары;
Құбылыстарды, үдерсітерді және нысандарды тиімді басқару.
Компьютермен практикалық жұмыс жасау.
1-тапсырма. «5 жолды өлең»  құрастыру және  Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады. Бейнені құру, ерекшелеу, көшіру, бұру технологиясын қайталау.
«5 жолды өлең» құрастыру талаптары:
зат есімекі сын есімүш етістіктөрт сөзден тұратын сөйлем
синоним сөз
Мысалы:
Қуыршақ
әдемі, үлкен
сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
Маған анам қуыршақ сыйлады.
Ойыншық
2-тапсырма WordPad мәтіндік редакторында Математикалық модельдерді құру. Математика сабағында сандарды және символдарды пайдаланып құрамыз. 2*1=2 --------2*6=12 2*2=4 --------2*7=14 2*3=6 --------2*8=16 2*4=6 --------2*9=18 2*5=10 -------2*10=20 
Сергіту сәті. (логикалық сұрақтарға жауап беру) 1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?  (4) 2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?  (3 стакан) 3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?  (15км/сағ) 4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары) 5. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы) 6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8) 
3-тапсырма. Интерактивті тақтада шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш фигуралары көрсетіледі. Оқушылардың әрқайсысы өздеріне ұнаған бір фигураны таңдап, компьютерде Paint графикалық редакторында салады. Суретті салып біткеннен кейін нәтижесі келесі слайдтарда көрсетіледі.
Шеңбер – Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
Зигзаг – Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын-сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
төртбұрыш – Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үшбұрыш – Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз-өзіне сенімді адам.
Тік төртбұрыш – Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл-күйі өзгерелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
ІҮ. Сабақты бекіту: тест жұмысы
1.Модельді тек ... құруға болады.
A) нақты бар нысанға
B) ойластырып алған нысанға
C) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа
D) табиғи құбылыстарға
2. Модельдеудің негізгі кезеңдері ол:
A) модельді құру, компьютерлік тәжірибе
B) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау
C) есептің қойылуы, модельді құру
D) модельді құру, модельдеу нәтижесін талдау
3. Ақпараттық модель:
A) компьютердің көмегімен жүзеге асады
B) нысанның, үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді.
C) нысанның қасиеттерін сипаттайтын математикалық формулалар
D) тек статистикалық модель болуы мүмкін
4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады:
A) компьютерлік және компьютерлік емес
B) статистикалық және динамикалық
C) тәжірибелік және имитациялық
D) сөздік модельдеу
5. Адамның қолымен жасалған нысан ... деп аталады
A) модельB) ақпаратC) тәжірибеD) графикаТест кілті: 1 А 2В 3В 4В 5А
Ү. Үйге тапсырма: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Үйдің моделін жасап келу
VІ. Оқушылар еңбегін бағалау: