?аза?стан тарихы п?нінен Дархан елім — ?аза?стан брейн-ринг сайысы 8-11 сыныптар
«Дархан елім – Қазақстан » БРЕЙН РИНГ САЙЫСЫ Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет». Ш.Уәлиханов. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география Өтетін орны: Мультимедия кабинеті. Сайыстың жүру барысы: Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-11 «а» және «б» сыныптары арасында өткізілетін«Брейн ринг» сайысына қош келдіңіздер! Жарысқа қатысушы командалармен және әділқазылар алқасымен таныстыру. Сайысқа катысушы топтармен таныстыру (команда капитандарын да таныстыру): 1. 8 «А» сыныбы – «Болашақ» тобы 2. 9 «А» сыныбы – «Атамекен» тобы 3. 10 «б» сыныбы – «Мұрагер» тобы 4. 11 «Б» сыныбы – «Алаш» тобы Сайыс жоспары: I. «Кім жылдам ойыны», яғни капитандар сайысы II. «Терминдер сөйлейді» III. «Жалпы сұрақтар» IV. «Егер де мен болсам ....» Сайысымыздың Бірінші туры «Кім жылдам» ойынын бастаймыз. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Бұл турда сұрақтарға команда капитандары ғана жауап береді. Бірінші болып «.......................» командасының капитаны бастайды. Әр сұраққа 5 секунд ішінде жауап беру керек. Команда капитандары келіп нұсқалар жасырылған жеребе қағазын алып, кезек бойынша жауап береді. I тур «Кім жылдам» I нұсқа. 1. Түркілердің жаңа жылы (наурыз) 2. Тәукеханның зандар жинағы (Жетіжарғы) 3. ҚожаАхмет Йассауи күмбезінде"жерленген батыр (Бөгенбай) 4. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнаркөзі (халық) 5. Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей) 6. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.) 7. Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор) 8. Бала туғанда қазақтар қандай той істейді (шілдехана) 9. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан) 10. Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас Кеңес одағының батыры кім? (Елеусізов) 11. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов) 12. Конституция неше баптан тұрады? (98) 13. Шығыс Қазақстан бойынша қандай темір жол өтеді? (Түрксіб) 14. Ақтабан-шұбырынды жылдары (1723-1727) II нұсқа. 1. Қазақтың тұңғыш академигі (Сәтбаев) 2. Қамшыгер деген кім?(қамшының қожасы) 3. Қазақстан уран, фосфорит шығарудан әлемде нешінші орында (2) 4. Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб) 5. Ноғайордасыныңастанасы (Сарайшық) 6. Қаз дауысты... (Қазыбек би) 7. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл) 8. Қойдың басын кімге тартады (сыйлы қонаққа) 9.1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстан неше генерал-губернаторлыққа белінді (3) 10. Тың игеру жылдары (1954-1956) 11. Сүйінбайдың әкесі кім(Арон) 12. Соғыс кезінде «шығыс кілті»деп қай қаланы айтты ?(Сталинград) 13. «Алаш» партиясының құрылған жылы (1917 ж.) 14. Шоқанның есімін әлемге әйгілі еткен саяхаты (Қашғар саяхаты) III нұска. 1. Бидайдан жасалған сусын (бидай көже) 2.Өскемен қаласының негізі қаланған жыл (1720 ж.) 3. Малдың жаппай қырылуы (жұт) 4. Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров) 5. Астана қай жылдан бастап ҚР астанасы депаталды (1998 ж.) 6. Қазақстанда қола мәдениетін зерттеген ғалым (Ә. Марғұлан) 7. Үкітағар сыйлықты бас құда кімге береді (қалыңдыққа) 8. Малшаруашылығыныңтүрлері (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) 9. Томирис қай тайпаның патшайымы болды?(сақ) 10. Сығанақ қаласы моңғолдарға қанша ай берілмей тұрды (3 ай) 11. Қазақ халқының 100 әнін жинақтаған кім?(Затаевич) 12. Тәуелсіздікті алған жыл (1991 ж.) 13. ШҚО-ның әкімі (Даниал Ахметов) 14. Семей қаласының негізі қай жылы қаланды (1718 ж.) ІV нұсқа. 1. ҚР вольфрам өндіруден нешінші орын алады (1) 2. Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат) 3.1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы) 4. Сөзден не бұзылады (көңіл-күй) 5. Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан) 6. ШҚО «Алтын адам»табылған жерлер (Берел мен Шілікті) 7. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев) 8. Алғашқы қазақ хрестоматиясының авторы (Ы. Алтынсарин) 9. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады? (5) 10.«Қан мен тер» романының авторы (Нұрпейісов) 11.Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей Ордасы) 12. Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар) 13. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы (Жамбыл) 14. Ежелгі сібір тайпаларының тілдерінде «қазақ» сөзі қандай мағынаны білдірген ?(«мықты, берік, алып» ) II тур «Терминдер» Ұпай саны аз командадан бастаймыз, берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек. Ақылдасуға 20 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. 1. Би — дау — жанжалға бітім айтып, терелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы. 2. Революция — қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс. 3. Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар. 4. Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау. 5. Кісе — күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік. 6. Інжу – монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі. 7. Арыс —бірнеше рудың бірлестігі.Оны басқарған би. 8. Кешіктен — ханның жеке басын қорғайтын жасауыл. 9. Көген — қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер. 10. Аттұлдау — қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйырығын күзеп, жылына дейін құр жіберу(мінбеу), асына сою. 11. Құйысқан — ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді. 12. Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны. III. Жалпы сұрақтар. Бұл турда әртүрлі ғылым салаларын сұрақтар қойылып, командалар кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі. Ойлануға 20 секунд. Егер сұрақ қойылған команда жауап бере алмаса, онда қарсылас командаға жауап айтуға рұқсат беріледі. Ойынды ұпай саны жоғары команда бастайды. 1. Бұрынғы Семей облысының қай аудандында архитектуралық ескерткіштер жасауда кеңінен қолданылатын өте сапалы габбро (қара гранит) өндіретін кен орны орналасқан? (Аягөз ауданы, Шұбартау өңірі) 2. Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас). 3. Малай сұржыланының лақап аты «100 метр». Бұл қорқынышты жыланға мұндай атау не үшін берілген? (Шаққаннан кейін оның жемтіктері тек жүз метр жер ғана жүре алады, яғни өте улы жылан). 4. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында ер адамның қандай затына ескерткіш орнатылған? (Галстук) 5. «Семей полигоны» атты кітаптың авторы? (К. Бозтаев); 6. Арыстан баласы? — алан. 7. Шыңғыс ханның алтын ерінің құрметіне қойылған жер аты қалай аталады? Бұлжер Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан (Атынемел). 8. «Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым - әдебиетін , өнеркәсібін , мәдениетін , қоғамдық құрылысын , салт – санасының , мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері деп айтқан қазақ халқының атақты тұлғаларының бірі. (Бауыржан Момышұлы) 9. Гений болу үшін - 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон) 10. Үндістанның қандай таулы үстірті университеттегі факультетті басқарады? (Декан) 11. Францияның қай қаласы терезеде ілініп тұрады? (ТЮЛЬ). 12. Қазақстандағы қыз баланың есімімен аталатын мұнай кен орны (Қаламқас). 13. Семей қаласының тұрғындары өздерін «семейліктер», Манчестер қаласының тұрғындары өздерін «манукуниандықтар» деп атаса, ал Монаколықтар өздерін қалай атайды? (Монегаски). 14. Француздар үндістердің қай тайпасын бұзақылар деп атаған (Апачи, «Апаш» фр. «Бұзық» деген сөз) 15. Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча). 16. Ең қарапайым программалау тілі (Бейсик). 17. М.Х. Дулати: «Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес»- дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523) жж). 18. Жер шарындағы ең ірі сүтқоректі – піл болса, ірілігі жағынан екінші орында қай жануар тұр? (Мүйізтұмсық). 19. Қазақстан 2014 жылы Алматы қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте нешінші орын алды? (Қытаймен Солтүстік Кореядан кейін 3-ші орын алды) 20. Н. Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы жолдауының атауы («Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол»). IV тур «Егер де мен болсам...» Бұл турда әрбір командадан бір оқушы шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Тақырыптар жеребе арқылы беріледі. Ең жоғары ұпай 10. 1. Егер де мен болсам білім министрі. 2. Егер де мен болсам денсаулық министрі. 3. Егер де мен болсам кәсіпкер. 4. Егер де мен болсам спорт министрі. Көрермендерге арналған сұрақтар: 1. Қазақстанның монет сарайы орналасқан қала? (Өскемен). 2. Не себепті автокөліктердің ішкі салоны және шиналары қара күңгірт түсті болып келеді? (Күнді шағылыстырмайды) 3. Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын қабылдайды? (дәрігерлер) 4. Оңтүстік және Оңтүстік – шығыс Азия елдерінде аяқпен ойнайтын, волейболға ұқсас кең таралған ойын түрі («Сипактакро»). 5. Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады?(Базар) 6. Қаскелең қаласында орналасқан печенье мен конфеттер шығаратын кәсіпорын («Хамле»). 7. Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит) 8. Қазақстанның пайдалы қазбалар көмбесі (Сарыарқа). 9. Бұғының баласы (Бұғышақ) (Оқушылардың шешендік өнері тыңдалғаннан кейін, әділқазылар қорытынды сөзді айтады) Жүргізуші: Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!