Тарихи кеш: Егеменді елім, Т?уелсіз елім — ?аза?стан.
Тақырыбы: Егеменді елім, Тәуелсіз елім - Қазақстан.
Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, мақтан етуге тәрбиелеу. Ой-өрісі мен тағылымдарының кеңеюіне ықпал жасау.
Түрі: Тарихи кеш.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақта арқылы көрсетілім.
Әнұран орындалды.
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер. Еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, ерлігімізің ерен ісімен егемендік елге қлоымыз жетті. Біздің атамекеніміз-қазақ даласы бабаларымызың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.
1-оқушы: Пай-пай киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанда.
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға
Шүкіршілік етемін қашанда
Осы бір Отанда тұрғанда,-деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, осынау тәуелсіз елімізді бізде мақтаныш етеміз.
2-оқушы: Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 20 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Осы тәуелсіздіктің арқасында жаңа Астанамыз бой көтерді. Бүгінгі Астана Отанымыздың жүрегінде, халықты біріктірген ұлттық идеяға айналды. Тәуелсіздік күні қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де, қастерлі мереке.
Жүргізуші: Еліміз экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтерілді. Әлемдік қауымдастықтың алдында беделі бұрынғыдан да арта түсті. Халықаралық деңгейдегі шараларды өткізуге, ұйымдастыруға қатысты тәжірибеміз бұдан әрі арта түсті. Сонымен қатар ел тұрғындарының әл-ауқатын бұдан әрі жақсара түсуіне жол ашылды.
3-оқушы: Ұлы ұйымның төріне өрлеп басып нық,
Жүректерге қуанышты тасыттық.
Біз басқарған бүгінгі ұйым ұраны
Сенім, дәстүр, төзімділік, ашықтық.
4-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді
Қаныменен жанын берген ерлердің,
Есімдері биіктерге өрледі.
5-оқушы: Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеуде де өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Жүргізуші: Бүгінгі күні елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасы 2010 жылғы халыққаЖолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп, 2020 жылға дейін халқымыздың 30 пайызы денешынықтырумен айналысуына жағдай жасау керектігін айтқан болатын.
6-оқушы: Қазақ еді түбі терең кәрі емен
Тарихының бәрі дастан бәрі өлең.
Бодандықтан боздай торып келгенде,
Заман туып мойындады бар әлем
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін, ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып.
Әділ өткен билердің туған жері.
Ән: «Қазақстан» орындайтын: Кәдірбек Мұханбет
7-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер осы күнді көрмеді.
Қаныменен жанын берген ерлердің
Есімдері биіктерге өрледі.
8-оқушы: Бақыт құсы адамға қонып бір,
О,тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
9-оқушы: Тәуелсіздік-тірегім алмас үнді,
Тәтті үміт халқымның сан ғасыры.
Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы.
Келбетіңнен көремін намысымды.
10-оқушы: Басты алға азат ел анамыз,
Бастауда Нұрсұлтан данамыз
Гүлденді кең байтақ даламыз
Түрленді сәнді сан қаламыз.
11-оқушы: Құтты бақ төрінде той бүгін,
Құттықтап құшағын жайды күн.
Ақтарып туған жер байлығын
Мақтан ғып тойлаймыз айбынын.
12-оқушы: Жаса-жаса Қазақстан мекенім,
Белгілі ғой бір перзентің екенім
Біз боламыз өркендетер өзіңді
Дарасың сен Қазақ елім, бек елім.
Ән: «Желтоқсан желі» орындайтын: Әйтішов Бекзат.
13-оқушы: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп.
Қазағым, сен қашанда Тұғырдасың.
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізді Мағжанша мадақтап қортындылағым келіп тұр.
Қазақстан - айтылар жаз әнім
Қазақстан - керемет ғажап ел
Қазақстан - ғаламға әуеле
Қазақстан - атыңды жазамын
Қазақстан - кешегі әз әуен,
Қазақстан - бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан - құшқан кеудесін ғасырлар.
Қазақстан қастерлі қазағым.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары Егемедігіміз баянды болсын! Мереке мерекеге ұлассын!