Дене т?рбиесі п?нінен ашы? саба? та?ырыбы: Же?іл атлетика, 60 метрге ж?гіру


Сабақтың тақырыбы: 60 метрге жүгіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шапшаңдық,төзімділік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: 
1.Оқушылардың жеңіл атлетика спортына деген қызығушылығын арттыру.
2.Сабақта орындалатын жаттығулар негізінде жылдамдық,еттілік қасиеттері арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу.
3.Сабақтың тақырыбы бойынша берілген әдісті үйрету,жеңіл атлетика спортын дамыту.
Қажетті спорт құрал-жабдықтары: ысқырық,сағат,тақырыптық көрнекілік плакаттар және т.б.
Сабақтың мазмұны:
1.Кіріспе дайындық бөлімі
Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызу
Сәлемдесу,сабақтың тақырыбы бойынша түсініктеме беру.
Сап жаттығулары:оңға,солға,кері бұрылу.
Спорттық жүріс.
Жеңіл жүгіріс.
Қозғалыс кезінде орындалатын жаттығулар
а) оң,сол жақ қырымен тіркес адыммен жүру.
б) тізені көтеріп жүгіру.
в) өкшені артқа жүгіре лақтырып жүгіру.
г)қарқынды жүгіріс.
Жай жүріс.Тыныс алуды қалпына келтіру.
 
Шеңберде жасалатын жалпы дамыту жаттығулары:
А) екі қол мықында мойынды оңға,солға айналдыру.
Б) екі қол иықта,аяқтың арасы алшақ иықтыц алдыға,артқа айналдыру.
В) екі қолды алдыға созып білекті ішке,сыртқа айналдыру.
Г) алақандарды айқастырып,оң,сол аяқты ұшына тіреп бір мезгілде білезік пен тобық буындарын айналдыру.
Д) екі қол желкеде белді оңға,солға айналдыру.
Е) екі аяқты қойып,екі қол тізеде тізені оңға,солға айналдыру.
Ж) ұлдар еденге саусақты тірей жатып білек күшін сығымдау.
З) қыздар екі қолды алдыға созып отырып-тұру.
 
2.Негізгі бөлім 
Еркін тыныс ала жүріп,арақашықтықты сақтап,жүгіруді толық,дұрыс орындау керек, тақырыптық негізгі жаттығуларын көрсетіп,түсіндіру.
Топты қозғалыс кезінде бір тізбектен төрт тізбек құра тұрғызамыз.Жаттығу әрбір екі жұп тізбектер арсында жүргізіледі,
яғни төрт тізбек бір-біріне қарама-қарсы 5-6м арасында тұрады.
1) сөреде төменгі қалыпта тұрып 30-40 м қашықтықты жүгіріп өту.
2) 60 метр  қашықтықты ең жоғары шапшаңдықпен жүгіріп өту
.3) 1 км қашықтықты бір қалыпты жылдамдықпен жүгіріп өту.
4) 60 метр қашықтықты тізені жоғары көтеріп жүгіріп өту.
Меңгерілген әдістерді қолдана отырып жүгіру
 
3.Қорытынды бөлім
Сыныпты бір қатарға сапқа тұрғызып ,ынталы оқушылардың еңбегін бағалау,ескертулер жасау.
 
Үй тапсырмасы: Жеңіл атлетика жаттығуларын жетілдіріп келу                      60 метрге уақытқа  жүгіру.
Қоштасу