Та?ырыбы: Же?іл атлетика 60 м ?ашы?ты??а ж?гіру
Тақырыбы: Жеңіл атлетика 60 м қашықтыққа жүгіруСабақ әдісі: МашықтануСабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика. 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету.
Сөреге тұруды жүгіруді жетілдіру.
Өткізілген орын: Спорт алаңы
Керекті құралдар: Жалауша, уақыт өлшеуіш№ Мазмұны Мөлшері Нұсқау І
10 мин
5 мин Кіріспе бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
Жалпы дене жаттығулары.
Саппен жүру қолды жоғары үстап,
аяқтың ұшымен жүру;
Қолды жанға ұстап, өкшемен жүру;
Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру;
Жүрелеп отырып жүру.
Арнайы жүгіру жаттығулары.
Тізені көтеріп жүгіру;
Қол белде, аяқты алға тастай жүгіру;
Қолды артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру;
Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру;
Қолды желкеге қойып, аяқы артқа тастап жүгіру Шапшаң жүгіру;
Арнайы секіру жаттығулары.
Оң және сол жақпен секіре жүгіру;
Әр адымға секіріп қолды алға (артқа)
айналдыру;
Адымдап жүру демалуды бір қалыпт-дыру;
Арнайы бір орында жасалатын жаттығулар. 1
1
1
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбын көңіл бөліп тыңдау.
Қолды түзу ұстап жаттығуды дұрыс орындалуына көңіл бөлу.
Денені тік ұстап отырып жүру.
Оқушылардың жаттығуларды дұрыс жасап қол аяқтарын тік ұстап орындауларын қадағалау.
Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау.
І І25 мин Негізгі бөлім:
Сөреге тұруды және 30 м қашықтыққа жүгіруді жетілдіру.
Жеңіл атлетика 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету. Қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрену. 20 м қашықтықты 3-4 рет екпіндей жүгіріп өтуден басталады. Әрбір екпіндей жүгіру аралығында 3-5 минут үзіліс жасалады. Осыдан кейін осы қашықтықты демалу уақытын 2 минутқа дейін азайтып, жүгіріп өту санын 5-7 ретке дейін жеткізу қажет.
60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа жүгіру қозғалыстың шапшаңдығын арттырады.
Қысқа қашықтыққа жүгірудің ерекшелігі – жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигізіп отыру қалпында болады. 60 м қашықтыққа жүгірер алдында жерге бір тізерлеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады.
Сөреге тұруды және 30 м қашықтыққа жүгіруді жетілдіру. 7-8мин
3-4
3-4
3-4 Қысқа қашықтық-қа жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.
Сөреден шыққанд-ағы алғашқы ады-мдар өте кең бол-май,оның есесіне өте тез болғаны жөн.
ІІІ
5 мин Қорытынды бөлім:
Сабақты қортындылау.
Үйге тапсырма беру.
Оқушылармен қоштасу. 2мин
3мин «Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» комуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016-2017 оқу жылындағы дене шынықтыру пәні бойынша І жылдықта жүргізілген жұмыстың есебі
Дене шынықтыру пәнінен жаңа оқу жылының басында,бағдарламаға және оқулықтарға сүйене отырып күнтізбелік жоспар құрылды.Мектеп басшысына тексерліліп бекітілді.Мен 2,3,4,5,7,10,11сыныптарына сабақ беремін. І жарты жылдықта барлығы 48 сағатпен аяқталды.Ауданнан алынған жылдық жоспарға сүйеніп мектепшілік жоспар құрастырдым.Мектепте қыркүйек айында «Денсаулық фестивалін-2016» өткіздік. Жоспар бойыншы қазан айында оқушылыр арасында аймақтық футболға Екпінді ауылына бардық,қараша айының басында оқушылар арасында аймақтық волейболға Жыланды ауылына апардық.Қараша айының соңында оқушылар арасында өткен шағын футболға қатыстырып ІІІ орынды жеңіп алдық.Мектепте волейболдан секция өтіп тұрады.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты Екпінді округында ұйымдыстырылған валейболға оқушылырымыз қатысты, 10 сынып оқушысы Қайдаров Бекзат козге түсіп үздік ойыншы атағын алып мақтау қағазымен марапатталды.Әліде алдыға қойған жоспар көп орындауға тырысамыз.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Сембаев
Баскетбол Допты алып жүру
7сынып
Дене шынықтыру мұғалімі А.Сембаев
2016-2017 оқу жылы