Дене шыны?тыру саба?ы Же?іл атлетика. ?ыс?а ?ашы?ты??а ж?гіру


Жеңіл атлетика. Қысқа қашықтыққа  жүгіру.
Дене шынықтыру мұғалім: Турымбетова.Рима.Амандыковна
Тақырыбы: Жеңіл атлетика. Қысқа қашықтыққа  жүгіру.
Күні: 06.02.2015ж
Сыныбы: 2"А"
Уақыты: 45 минут
Өтілетін орны: Спорт алаңы
Мақсаты: Оқушылардың дене бойындағы    күшін, жылдамдылығын,шыдамдылық қасиеттерін арттыру және дамыту.
 Сабаққа қажетті құралдар : Уақыт өлшегіш, жалаушалар.
 
Сабақ кезеңдері
Сабақтың мазмұны Уақыт өлшемі Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе бөлімі  Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Сабақтың тақырыбымен,мақсатымн таныстыру.  5 мин.  Оқушылардың денсаулығына көңіл аударып,спорттық киімдерін тексеру.
Дайындық бөлімі  Саптағы бұрылу жаттығулары.
-Алаңды айналып жүру.
-Қолды көтеріп ,аяқтың ұшымен жүру.
-Қолды желкеге қойып өкшемен жүру.
-Қолды белге қойып,табанның сыртқы жағымен жүру.
-Қолды белг қойып:табанның ішкі жағымен жүру.
                    Жүгіру.
-Тізені көтере жүгіру.
-Өкшені артқа көтере жүгіру.
-Сол жақ иықты алға қойып,адымдап жүгіру.
-Оң жақ иықты алға қойып,адымдап жүгіру.
-Қолды айналдырып,тізені бүгіп секіріп жүгіру.
              Жай жүріс.
Демді қалпына келтіру.
Жалпы даму жаттығулары.
1.Б.қ.Қолды белге қойып,басты оңға 4 рет,солға 4 рет айналдыру.
2.Б.қ.Екі қолды иыққа қойып,иықты алға 4 рет,артқа 4 рет
Айналдыру.
3.Қолды артқа сермеу,1-2 оң қол жоғарда,3-4 сол қол жоғарда.
4.Екі қолды алға бүгіп ұстап 1-2 артқа екі қолды сермеу,3-4 екі қолды жазып сермеу.
5.Екі қолды белге ұстап,1-2 белді оңға айналдыру,5-8 белді солға айналдыру.
6.Б.қ.Қолды белге ұстап,1-3 оң қолдыжоғары көтеріп солға қисаю,4-Б.қ. Дәл солай –оңға қарай.
7.1-қолды жоғары көтеріп артқа шалқаю,2-алға еңкею,3-қолды алға созып отыру,4-Б.қ.
8.Қолды белге қойып,аяқты алшақ ұстап 1-оң аяққа отыру,2-Б.қ..3-сол аяққа отыру,4-Б.қ. 15 мин.
6-8 рет6-8 рет6-8 рет6-8 рет6-8рет
6-8 рет6-8 рет6-8 рет 
Қолды жоғарда түзу ұстап,денені тік ұстауарын қадағалау.
 
 
 
 
 
 
 
 
Қолдың дұрыс қимылына көңіл бөлу: тізені жоғары көтеру,аяқты
тізеден бүге артқа лақтыру.
 
 
 Қолдарын тік ұстауды қадағалау.
 
Екі аяқты иықтың деңейінде ұстау қажет.
 
 Қолды тік ұстап,аяқтарын бүкпеуін қадағалау.
 
 
 Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау.
Негізгі бөлім    Сапқа тұру
-Төменгі «сөреден» қысқа қашықтыққа жүгіру әдістері(мұғалімнің көрсетуімен)
-Жүгірудегі үш бұйрықты түсіну.
-Жүгіру ережелері және «мәреден» өту. 20 мин.  
«Сөреден» шығу әдісін бірнеше рет қайталау.
 
Дұрыс жүгіруін және «мәреден» өтуін бақылау. 
Қорытынды бөлім  -Оқушылардың дем алысын қалыпқа келтіру.
-Сабақты қорытындылап,үйге тапсырма беру. 5 мин.  Мұрынмен дем алып, ауыздан дем шығару.
 Бағалау,ескертулер беру.