Ашы? саба? Же?іл атлетика. Орта ?ашы?ты??а ж?гіру (3 сынып)


Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жеңіл атлетика. Орта қашықтыққа жүгіру
Жетекші: Абдыкалыков Руслан
Сыныбы : 3 «А»
Қызылорда 2014 жыл
3а сыныпСабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика. Орта қашықтыққа жүгіру
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жеңіл атлетика түрлерін түсіндіру, көрсету. Жасау ережесін әдістерін орындату.
2. Дамытушылық: Жеңілатлетика түрлерін ережесінің әдістерінің орындалуын одан әрі дамыту. Балалардың жаттығуға деген қызығушылығын арттырып тәрбиелеу.
3. Тәрбиелік: Жаттығуды жылдам әрі тиянақты орындауға, шапшаңдыққа, жылдамдыққа және төзімділік қасиетін арттыру. Сабаққа, спорқа қызығушылығын арттырып тәрбиелеу.
Өтетін орны:Спорт зал
Өтетін уақыты: 18.04.2014жыл
Қажетті құрал – жабдықтар: Доп, ысқырық, секіртпе, шығыртқы
Оқушыларды екі топқа бөліп эстафеталық жарыстарды ойнату:
I-топ: Сұңқар тобы
II-топ: Тұлпар тобы
Ойын кезеңі:
Шығыртқы арқылы батпақтан өту
Арқа добы
Қаппен жүгіру
Ғажайып есептер
Ойын шарты:
Шығыртқымен екі оқушы батпақтан өтіп айналып келу
Екі оқушы арқаға шарды қыстырып түсіріп алмай мәреге жету
Қапты киіп торға дейін жүгіріп, қапты шешіп допты торға лақтырып, қапты қолға ұстап жүгіріп келу
Допты аяқ ортасына қысып жүгіріп барып есепті шығарып, допты қолға алып кері жүгіру.
№ Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау
Кіріспе бөлім Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, сабақтың тақырыбын түсіндіру. 1-2 мин Сабаққа даярлығына, спорт киіміне, көңіл -күйіне назар аудару.
Дайындық бөлім Жүру барысында орындалатын жаттығулардың түрлері: 1. Қол белде кеудені тік ұстап, өкшемен жүру. 2. Қол белде кеудені тік ұстап, аяқтың ұшымен жүру. 3.Қолды алға созып жартылай отырып жүру. 4. Толқ отырып жүру.
Жүгіру барысында орындалатын жаттығулардың түрлері: 1. Оң жақ бүйірімен қолды сермеп жүгіру. 2. Сол жақ бүйірімен қолды сермеп жүгіру. 3. Тізені көтеріп жүгіру. 4. Қолды артқа қойып аяқты тигізіп жүгіру. 5. Кеудені тік ұстап, қол белде аяқты алға сермеп жүгіру.
Жалпы жетілдіру жаттығулардың түрлері: 1. Қол белде басты оңға екі рет солға екі рет айналдыру. 2. Қол йықта алға екі рет артқа екі рет айналдыру. 3. Қолды алға созып жиырма рет отырып тұру. 4. Қолды белге қойыып белді айналдыру. 10-12 мин Түзу тік тұру сызық бойнша команда арқылы жаттығуды толық дұрыс орындау.
Негізі бөлім Оқушыларды жеңіл атлетикалық орта қашықтыққа жүгіру түрлерін түсіндіру, көрсету, үйрету. Орындау арқылы шапшаңдыққа, жылдамдыққа, иекмділікке баулу. Оқушыларды эстафуталық ойын ойнату. 20-25 мин Оқушылардың қимылын, қозғалысын, тәртібін қадағалау.
Қортынды бөлім Сапқа тұрғызу.
Сабақ қорытындысы.
Үйге тапсырма.
Қоштасу 5-7 мин Түзу, тік тұру, мадақтау, бағалау, қайталау, сыныпқа шығарып салу
Марапаттау кезеңі
Сабақты қорытындылау