?й жануарлары та?ырыбына о?у іс-?рекеті


Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Кіші салалар: Тіл дамыту. Жапсыру.
Тақырыбы::Үй жануарлары.
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Қағаз бен жұмыс жасай ала білу дағдыларын қалыптастыру.
Билингвальдық компоненті: Үй жануарлары-домашние животные
Сиыр-корова
Жылқы-лошадь
Мысық-кошка

Іс-әрекет кезендері Мұғалімнің басқарымдық әрекеттері. Балалардың іс-әрекеттері
І кезең мотивациялық- қозғаушы. Таңғы шеңбер:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Қандай айлар?
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Балалар таңғы шеңберді қимыл қозғалыстарымен бірге жасайды.
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі екенің айтады.
Күз мезгілінде неше ай бар екеніне жауап береді.
Айларды атап шығады.
Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді атайды.
ІІ кезең ұйымдастырушылық- ізденушілік. -Балалар шеңберде тұрып, қолдарында жасырын суреттер болады. Ол суреттерді ашу үшін жұмбақтар жасырады.
-Қой, дұрыс айтасыңдар, қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қой қалай дыбыстайды?
Қой туралы немесе қозы туралы кім тақпақ біледі?
-Қойға байланысты кім мақал біледі?
Тағы бір жасырын сурет бар, ол суретті де ашу үшін жұмбақ шешу керек.
-Түйенің төлің қалай атаймыз?
-Түйенің сүтін не деп атайды?
- Бота туралы кім тақпақ біледі?
-Енді келесі суретті ашайық.
-Тағы бір жұмбаққа көңіл бөлейік.
Мысық пен оның қылықтары жайында мәлімет беру.
-Мысықтың баласын қалай атаймыз?
Мысық туралы тақпақ кім біледі?
Үй жануарларына байланысты кім мақал біледі?
Енді сендермен мысық туралы тақпақ жаттайық.
Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі келіп,
Тісі оның қышып отыр.
Ойыншық мысықты әкеліп, енді балалар осы мысықты қолымызға алып жаңағы тақпақты кім айтып береді?
-Енді тақпақты қимылмен жасайық.
Ал енді сендермен көңілді мысықты жапысырамыз.
Ең алдымен мені мұқият тыңдаңдар.
Сендердің алдарында қатты қағаздан жасалған тік төртбұрыш бар, ол бізде мысықтың денесі болады. Сол денесіне құлағын, қолын және аяқтарын жапсырамыз.
Ол үшін үш саусақпен қылқаламды аламыз, желімге малып оны құлақтарына жағамыз да денесіне жапсырамыз. Содан қолдарын жапсырамыз, аяқтарын және бетін жапсырамыз.
Енді өз беттерінше жапсырындар.
Жапсырып болдық, ал балалар сендер мана айтып өттіңдер, мысық тышқан аулайды деп, ал ол немен аулайды?
Ендеше мысықтың тырнақтарын салайық.
-Балалар біз көңілді мысықтармен артынан ойнаймыз, ал қазір сендермен мысық пен тышқан ойының ойнайық. Балалар қолдарында жасырын суреттер болады. Жұмбақтар жасырады.
Бірінші қой туралы жұмбақ жасырады. Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Қойдың төлі қалай аталатының айтып береді.
Қойдың қалай дыбысталатының келтіреді.
Қошақан туралы тақпақ айтады.
Қойға байланысты мақал айтады.
Екінші бала түйе туралы жұмбақ жасырады.
Қалған балалр жұмбақтың шешуін табады.
Төлін қалай атайтынымызды айтады.
Сұраққа жауап береді.
Балалар бота туралы тақпақ айтады.
Мысық туралы жұмбақ жасырады.
Балалар жұмбақтың шешуін айтады.
Мысықтың баласы қалай аталатының сұрайды.
Мысық туралы тақпақ айтады.
Балалар қызығушылық таңытады.
Балалар үй жануарларына байланысты мақалдар айтады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Балалар мысық тышқанды қалай аулайтының айтып береді.
Тырнақтарын салады.
Балалар мысық пен тышқан ойының оынайды.
ІІІ кезең рефлексивті-түзеуші. -Біз бүгін сендермен нелердің суреттерін тамашаладық?
-Ол суреттерді қалай аштық?
-Нені бүгін жапсырдық?
Жапсыру кезінде дұрыс жапсыра алмаған балалармен жұмыс жасау.
Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтау. Балалар қандай суреттер болғаның айтады.
Оларды жұмбақ шешу арқылы ашқандарын айтады.
Бүгін нені жапсырғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақалдар айта білу.
Болу: Үй жануарлары туралы түсінік
Жасай алу: Қағаздан мысықтарды жасай алу.