«Татулы? — Бірлік бастауы» сынып са?атына презентация


Татулық - бірлік бастауы Мақсаты: Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері:Татулық, бірліктің адами қарым – қатынастағы мәнін ашу;Адамдармен сыйластық, татулық қарым- қатынастық іскерліктерін дамыту;Бірлікке ынтымақтастыққа тәрбиелеу. ) Досым болсаң, қасіретімді, дертімді ұқ! Сөз жүзінде бермей – ақ қой сертіңді.Мен отырған жерде саған кең жайлау,Сен отырған жерде маған еркіндік.Досың болса бұл өмірде сенімді,Бұлт баспайды мөлдіреген көзіңді.Сен отырған жерде маған рахат,Мен отырған жерде саған көңілді.Доссыз күн жоқ , атса да таң тауықсыз,Онсыз өмір өтер тойсыз, сауықсыз.Мен отырған жерде саған қатерсіз,Сен отырған жерде маған қауіпсіз.Күтпейді ер қиюазының қайтуын,Көтереді ол адамдықтың ақ туын.Сендей досым бола тұра мүмкін бе,Достық жайлы бір жаман сөз айтуым. (Қадір Мырза Әли) Оқушылар аудиториясы не айтады? Жауласып айтысадыБір-бірін түсінуге ұмтыладыБір-біріне көмектеседіБір-біріне айқайлайдыЫнтымақтасадыБір-бірін алдайдыБір-бірін зер салып тыңдайдыБір-біріне күдікпен қарайдыЖеңуге тырысадыБір-бірін кешіредіБір-бірінің сандарын соқтырып кетедіЖымиядыБір-бірімен бәсекелеседі Бұрын ренжіткен адамдарыңызды еске түсіріңіз. Мүмкін болса олардан кешірім сұраңыз. Ондай мүмкіндігіңіз болмаса – сол адамдармен ойша сөйлесіп, олардан кешірім сұраңыз. 2. Кешірім туралы айтылатын белгілі ән, романс, өлең жолдарын есіңізге түсіріңіз. Сол жолдарды дәптерге жазыңыз. Бір күні тауда алай - дүлей дауыл соғып, найзағай жарқылдап, шелектеп жаңбыр төкті. Осындай дүлей желден тастың бір кесегі тау соқпағына құлап түсіп, жолды бөгеп қалды.Ертесінде жарқырап күн шықты. Жолдан екі арба көрінді. Бұл қалаға тұз бен қарамайға кетіп бара жатқан дүкенші еді. Ол жолда жатқан тасқа жақындап, итеріп көріп еді, орнынан қозғалта алмады.- Қандай, үлкен кесек! Мынаны орнынан қозғалту мүмкін емес. Бәлкім, менен де күштірек біреу келіп, төменге лақтырып тастар, күте тұрайын.Бірер уақыт өткеннен кейін арбамен келе жатқан отыншы көрінді. Олда тасқа келіп, ары - бері итеріп көріп еді, орнынан қозғалта алмады.- Енді не істейсің, күте тұрайық, мүмкін бізден де күшті біреу келіп, жолды тазартар. Уақыт зуылдап өте берді. Жолда арбакештер бірінен соң бірі келіп, үлкен керуен болып қалды. Топтанған адамдар шуылдап, тасты қозғалта алмады. Бір кезде қолында таяғы бар, жаяу қарт адам көрінді. Ол арбакештермен амандасып, жөн сұрады.- Сендер неге өтпей тұрсыңдар?- деді қария.- Қалай өтеміз?- Ақылмен.- Бұған ақылдың не қажеті бар?- деді арбакештер ашуланып.- біз қанша әуреленсек те, ешқайсымыз тасты қозғай алмадық.- Ал сендер тасты бәрің бірігіп, қозғап көрдіңдер ме?- Расында да! Қане, жігіттер, бәріміз бірігіп итеріп жіберейікші!Арбакештер бәрі бірігіп, жиналып тасты төменге итеріп жіберді. Дәу тас гүрс етіп, төменге құлап түсті. Жол босап, арбакештер ары қарай жүре бастады. Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, балалар арбакештер неге тасты өздері итеріп жібермеді. Оларға не жетпеді? Тәрбиешінің толықтыруы: Арбакештер алғашқыда тосылып тұрып қалды. Олар бір - бірлеп тасты итере алмады. Сол кезде оларға ақылды қария көмекке келді. Қарияның ақылының арқасында олар тасты төменге итеріп жіберіп жолды тазартты.