Саба? жоспары математика 3-сынып Ауданны? ?лшем бірліктері (дм2, см2 ) Тікт?ртб?рышты? ж?не шаршыны? ауданы


Математика 3- сынып мерзімі___________
Сабақтың тақырыбы: Ауданның өлшем бірліктері (дм2, см2 )
Тіктөртбұрыштың және шаршының ауданы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға тік төртбұрыш пен шаршының аудандарын есептеудің жалпы тәсілін меңгерту;
2. Есептер шығарту, оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
3.Дәптерге ұқыпты, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, өткенмен байланыс.
Сабақтың көрнекілігі:кесте, суреттер, оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушыларды түгендеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық ахуал: -Балақайлар, орнымыздан тұрып мені тыңдап , соңымнан қайталаңдар.
Армысың асыл күн
Армысың асыл жер,
Армысың досым
Міне менің қолым-деп бір-бірінің қолдарынды ұстап, іштей жақсы тілектер тілеңдер.
Үй тапсырмасын тексеру:
-үйге берілген есепті тексеру.
-өткен тақырыпты жалпылап сұрау, еске түсіру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті
-Бүгінгі сабақта шаршының ауданын табуды меңгереміз.
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықты анықтау.
Балақайлар, сыныптағы тақтаның ауданын табайықшы?
Үлкен заттардың ауданын см2 өлшеген қолайлы ма?
Қандай бөлшем бірлік қолданған қолайлы?
Қиындықтан шығу.
№1 тапсырма орындалады. Сызу
а)Дәптерге 10см немесе 1 дм шаршы сыз. Бұл-шаршы дециметр. Ауданын тап.
Қабырғалары 1 дм болатын шаршы(квадрат)- 1 дм2 . Оны шаршы дециметр квадрат деп атайды.
ә)
2 есепте алдымен көбейту амалы, содан соң қосу немесе азайту амалы орындалады.
8*6-9=39 60-8*4=28 72:8+25=34 8*8+36=100 8*9+28=100
Сергіту сәті
-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық
-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Бекіту.
Амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады.
Ол үшін оқушыларға №5 тапсырма беріледі.
526+18:2=535 346+18:2=355 6*2+18:3=18 284+77-25=336
Өткен тақырыппен жұмыс.
№3 тапсырма мұғалімнің басшылығымен тақтада және өз орындарында орындалады. Есептің шарты мұғаліммен бірге талқыланады.
№4 тапсырма (а және ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, ал б) бөлігін оқушылар өздері шығарады да, соңынан тексеріледі.
Тіктөртбұрыштың периметрін анықтау дағдыларын бекіту және кеңістік жөніндегі түсініктерін дамыту үшін №5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына жауап береді, сурет бойынша жұппен өз сұрақтарын құрастырады.
Өздік жұмыс ретінде №6 теңдеуді шешу (1-бағаны) ұсынылады. №7 логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді.
Үйге тапсырма беру Үйде орындауға №6 (2-3-бағаны) тапсырма беріледі.
Сабақты қорытындылау.
Сабақта нені қайталадыңдар?
Қандай тапсырма ерекше қызықты болды?
Қандай тапсрмада қиындық туындады?
Сабақта кімнің жұмысын атап өткілерің келеді?
Жарайсыңдар, осымен сабақ аяқталды.
Бағалау