?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен 5-сыныптар?а арнал?ан тест ж?мыстары
Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған тест жұмысы
1-нұсқа
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатары:
а) –мен,пен,-бен; ә) –лар,-лер; б)-шы,-ші,-ды; в)-лы,-лі;
2. Қаратпа сөз сөйлем ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса қандай белгі қойылады?
а) сұрақ белгісі ә) нүкте б) үтір в) леп белгісі
3. Зат есім сөз табына қойылатын сұрақтар қалай аталады?
а) қандай?,қай? ә) не істеді?, қайтты? б) кім?, не? в) қашан?
4. «Көрінбейді» сөзінің айтылуын көрсетіңіз?
а) көріңбейді ә) көріңкейді б) көрімбейді в) көрінбейді
5. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем?
а) жай сөйлем ә) сөйлем мүшелері б) сөз тіркесі в) күрделі сөйлем
6. Әсел сабақтан келді де, апасына көмектесті. Берілген мысал қай сөйлем түріне жатады?
а) дара сөйлем ә) сөйлем мүшелері б) құрмалас сөйлем в) сөз тіркесі
7. Бастауыш, баяндауыш қазақ тілінде қандай атауға ие?
А) етістік ә) біріккен сөз б) сөз тіркестері в) сөйлем мүшелері
8. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
а) нүкте ә) үтір б) леп белгісі в) сұрақ белгісі
9) Қазақ тілінде қанша септік бар?
а) 4 ә) 11 б) 7 в) 5
10. Жақып, түсінігі бар бала, меніңше.
а) біріккен сөз ә) қыстырма сөз б) бірыңғай мүше в) қысқарған сөз
11. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөз?
а) дара сөз ә) жеке сөз б) күрделі сөз в) ілік
12. Әлсін-әлсін, айғыз-айғыз, түрлі-түрлі сөздері қандай сөздер түріне жатады?
а) дара сөздер ә) қайталама қос сөздер б) қосарлама қос сөздер в) буын үндестігі
13. Қысқарған сөздер қатарын көрсетіңіздер?
а) БҰҰ, АҚШ ә) оп-оңай б) керемет в) математика
14. –ның, нің,-дың, -дің,-тың,-тің жалғауы қай септік түріне тән?
а) барыс ә) көмектес б) жатыс в) ілік
15. Мерей кітап оқып отыр- қай шақ түріне жатады?
а) өткен жақ ә) осы шақ б) келер шақ в) сындық есім
16. «Кеме» сөзі қай септік түріне тән?
а) ілік ә) барыс б) көмектес в) жатыс
17. Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табын көрсетіңіз?
а) зат есім ә) үстеу б) етістік в) сан есім
18. «Құс» сөзіне жалғанатын жалғауды табыңыз?
а) –тің ә)-дің б)-тың в)-дан
19. Бүгін сынып оқушылары жиналып, мектеп алаңында футбол ойнайды. Берілген мысал сөйлемнің қай түріне жатады?
а) дара ә) негізгі б) құрмалас в) жай
20. Егер да, де, та, те жалғаулықтары сөйлемнің мүшелерінің әрқайсысымен қайталанып келсе, арасына қандай тыныс белгі қойылады?
а) леп белгісі ә) үтір б) нүкте в) сұрақ белгісі
Қазақ тілінен 5 сыныпқа арналған тест жұмысы
2-нұсқа
1. Қос сөздердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
а) нүкте ә) леп белгісі б) дефис в) таяқша
2. –ға,-ге,-қа,-ке жалғаулары қай септікке тән?
а) ілік ә) барыс б) табыс в)барыс
3. Етістіктің шақтары:
а) 1 ә) 4 б) 3 в) 6
4. Әдепті бала - арлы бала. Берілген мақалдағы қарамен берілген сөздер қай сөз табына жатады?
а) сан есім ә) сын есім б) үстеу в) шақ
5. Өздері тіркескен сөздерге шектеу, даралау, өтініш, тағы басқа мағыналар үстеу шылаудың қай түріне тән?
а) ма (ме), ба (бе), па (пе) ә) үшін, туралы, дейін (шейін) б) қой (ғой), қана (ғана), -ақ, -ау в) да (де), та (те)
6. Есімдіктер қатарын көрсетіңіз?
а) -ақ, -еу ә) -мақ, -мек, -бақ, -бек б) мен, сен, сіз, ол, біз т.б в) –лар,-лер
7. Сөйлемдегі аайтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтындығын білдіретін сөз қалай талады?
а) дара ә) біріккен сөз б) қыстырма сөз в) қос сөз
8. Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір қалай қойылады?
а) одан кейін ә) екі жағанан б) сөз басынан в) мүлде қажет емес
9. Көжектейді, жылытады, қорықпайды, болмайды, күтеді сөздері қай сөз табына жатады?
а) етістік ә) үстеу б) зат есім в) сандық есім
10.Етістіктер іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Бұл етістіктің нелері деп аталады?
а) етістіктің шақтары ә) көсемше б) есемше в) қалып етістіктері
11. Мезгіл үстеулері дегеніміз не?
а) заттың сынын ә) заттың сапасын б) қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін білдіреді в) қимылдың нақтылығын білдіреді
12. «қашса» сөзінің айтылуын көрсетіңіз?
а) қанша ә) қасса б) қашша в) қалша
13. Бірыңғай сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшелері?
а) бірыңғай мүшелер ә) тұрлаусыз мүшелер б) шақ в) жақ
14. Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздерды қалай атаймыз?
а) біріккен сөз ә) қысқарған сөз б) қос сөздер в) тасымалдар
15. қайда, қашан, қалай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы?
а) етістік ә) зат есім б) үстеу в)
16. Тұз- қасиетті зат. Қандай сөйлем?
а) күрделі сөйлем ә) жай сөйлем б) құрмалас сөйлем в) бірыңғай мүше
17. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жун не жіңішке түрде жалғануы қалай аталады?
а) дыбыс үндестігі ә) буын үндестігі б) дыбыс в) қосымша
18. Кеше қарындасым қаладан келді. Сөйлемнен үстеуді табыңыздар?
а) келді ә) кеше б) қарындасым в) қаладан
19. Атам екеуміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Қарамен берілген сөз үстеудің қай түріне жатады?
а) мезгіл үстеуі ә) мекен үстеуі б) сын-қимыл үстеуі в) күшейтпелі
20. Қарсы мәндес сын есімдерді көрсетіңіз?
а) ақ- қара ә) әдемі, көрікті б) жайлау, жазық в) сенім