Биология п?нінен ?мж, омж саба? жоспарлары 6-9 сыныптар
Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат
Уақыты: Биология
Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Кіріспе.
Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Ботаникалық білімнің негізгі қолданылуы.
Жалпы мақсат: Өсімдіктер дүниесін зерттеудің басталуы. Өсімдіктер туралы ғылым — ботаника. Жер бетіндегі өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Биологиялық білімдердің негізгі пайдаланылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда таралған өсімдіктер туралы түсінік.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Биология оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Ботаника ғылымымен танысады. Топпен жұмыс,өзіндік пікір айтулары қалыптасады.Ойлау қабілеттері артады. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ажырата алады. Мәтін бойынша постер жасау арқылы сыни тұрғыдан салыстыра біледі
Сабақта қолданылатын материалдар: Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.
160173-7335
Шарлардың түстері арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Өсімдік дегенде ойларыңа не келеді? Жазыңдар.
Оқушылар өз білімдерімен бөліседі. Жазады.Талдайды.
Мағынаны тану Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.
56515-4349751920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.
Х.Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев, М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.
Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп. Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп, мақтан тұтуға әбден лайық.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар.
14999-1796
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшенде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.
Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.
Оқулықтағы тапсырмалармен жүмыс.
Ботаника ғылымы нені зерттейді?
Тірі ағзаларға не жатады?
Тірі ағзалардың тіршілік үшін қандай маңызы бар?
Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдерАдамға өсімдіктердің қандай пайдасы мен зияны бар?
Топпен талдау (3 топта)
Өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктері қандай?
Егер де адамның қолынан ештеңе келмесе, тек табиғи заттармен ғана өмір сүре ала ма?
Ал өсімдңктер туралы пікірлерің қандай?
Сергіту сәті Сергіту сәті «Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайдыОй толғаныс
«Нақты жауап» айдары:
Өсімдіктер туралы түйінді идея.
«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша қорытынды жасау Оқушылар «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша өз ойларын жинақтайдыӘр топ бір-бір сөйлемнен өз идеяларын айтады.
Үйге тапсырмасын беру Кез келген өсімдікті алып зерттеу. Зерттеу жұмысын дәптерге түсіруҮй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »
7-сынып
Биология Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлар дүниесін қорғау.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу
Көрнекілігі Биология оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады- сурет саладыөз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту Зоология - (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BD%D0%B5_%D0%B3%D1%80%D0%B5%D0%BA_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Көне грек тілі"көне грекше: ζῷον „жануар“ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BD%D0%B5_%D0%B3%D1%80%D0%B5%D0%BA_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" \o "Көне грек тілі"көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Биология"биология ғылымының бір саласы.
Мағынаны тану Зоология - (зоо... гр. logos – ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар.Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекиядадамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымыА.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды.
Ой толғаныс 1.Зоология дегеніміз не?2.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?3.Зоология сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
БББ кестесі
Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
8-сынып
Уақыты: Биология
Мұғалім: Сынып:
Сабақ тақырыбы: Кіріспе (1 сағ)
Адам туралы ғылымдар. Анатомия мен физиология ғылымдарының даму тарихы
Жалпы мақсат: Оқушыларды анатомия және физиология ғылымдарының даму жолдары туралы толық түсініктер алу
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Биология оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Топпен жұмыс,өзіндік пікір айтулары қалыптасады.Ойлау қабілеттері артады. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ажырата алады. Мәтін бойынша постер жасау арқылы сыни тұрғыдан салыстыра біледі
Сабақта қолданылатын материалдар: Блум таксономиясы, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Нақты жауап» айдары, «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны, «Сиқырлы шаршы» немесе «Sudoku» күрделенген тапсырмасы
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.
160173-7335
Шарлардың түстері арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту Есеп шығарыңыз:1. Сұрақ: Қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне көп күш түседі, оларға қажет қан мөлшері де арта түседі, осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады, яғни жүрек қызметі күшейеді. Бұл қандай реттелу?Жауабы: ОЖЖ мен қандағы әсері күшті химиялық заттар (гуморальдық) реттейді. Жүрек қызметінің орталықтың қатысуымен рефлекс және қан арқылы реттелуі - экстракардиялық, яғни жүректен тыс жолмен реттелу болып саналады.2. Сұрақ: Егер анасы резус - теріс топқа, әкесі резус - оң топқа жатса бала қай топпен туылуы мүмкін.Жауабы: Резус - оң бала туылады. Бұл жағдайда ана организмінде антирезус аглютинин өндіріледі. Оқушылар өз білімдерімен бөліседі. Жазады.Талдайды.
Мағынаны тану Клавдий Гален (130—200 жж.) — риманатом-физиологі, антикалык дүние дәрігері. Ол адам денесінің анатомиясын сипаттады. Гладиаторлар мектебінде хирург болып жұмыс істеп, анатомиялык танымын кеңейтті. Сүйектерді, көптеген бұлшық еттерді, сіңірлерді, қан тамырларын накты сипаттады. Артерияда ауа емес, кан болатынын ең бірінші сипаттаған ғалым. Бүрын артерияда ауа болады деп саналған. Бүлшык еттердің жиырылуы мен кимыл-козға-лыстағы жүйкелердің рөлін аныктады. Гален өз еңбек-терінде көптеген ауруларды сипаттап, емдеу гимнастикасы жөнінде біркатар практикалык кеңестер берді. Мидын қызметін дүрыс анықтады.
Анатомия басқа да ғылымдар сияқты Қайта өрлеу дәуірінде ерекше жетістіктерге жетті. Өсіресе анатомияның дамуына Леонардо да Винчи(1452—-1519жж.)үлкенүлес косты. Ол дене бітімін зерттеді; ең бірінші болып бұлшык еттердің жіктелуін (классификация) жасады; сүйек, бұлшық ет, жүрек және баска мүшелердің 800-дей суретін салып, оларға ғылыми түргыда сипаттама берді.
Әбу Насыр әл-Фараби(870—950 жж.) —ұлы ойшыл, философ. Әл-Фараби заманында медицина жаратылыстану ғылымдарьшың ішіндегі едөуір дамыганы еді. Оның теориялык медицина саласындағы білімі терең болды. Ол: "Меди-цинаның міндеті — ауру себептерін анықтау ғана емес, ден-саулықты сақтау, ауруды емдеу жолдарын зерттеу", — деді. "Қайырымдылық қаласы" атты еңбегінде жүректі "табиғи жылу көзі" деп, ол туралы күнды деректер келтіреді. "Жүрек — басты мүше, ол баска мүшелерге
бағынбайды", — деп тұжырымдады. Әл-Фарабидің 160-ка жуық ғылыми еңбегі бар.
222252540Әбу Эли ибн Сина(Авиценна) (980—1037 жж.) — шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы. "Дерігерлік ғылымның ережелері" деген энциклопедиялык еңбегінде сол замандағы медицина туралы көптеген деректер бар. "Адам анатомиясы" деген тарауында адам денесінің кызметі мен кұрылысы жайлы жалпы сипаттама беріліп, сүйек, буын, сінір, тістің кұрылысы, бас суйек, жүйке туралы мәліметтер келтірілген. Бұл кітап көптеген ғасырлар бойы дәрігер-лердің міндетті нұскау кұралы болды. Әбу Әли ибн Синаның медициналық еңбектері мен философиялық трактаттары, математика, астрономия, геология, тіл білімі, музыка теориясы жөнінде жазған еңбектері бар.
Уильям Гарвей(1578—1657жж.) — ағылшындәрігері, казіргі заманғы физиологияның негізін қалаушы. "Жануарлардағы жүрек пен кднның козғалысы туралы анатомиялык. зерттеулер" деген еңбегінде жүректің бүлшык етті мүше екенін жөне канды кан тамырларына айдап шығарып, оның үздіксіз козғалысын камтамасыз ететінін, қан тамырларының канайналымның екі түйық шедберін күрайтынын дәлелдеді. Онын еңбектері мүшелердің кызметі туралы жеке ғылымның
— физиологиянын қалыптасуына эсер етті.
Андреас Везалий(1514—1564 жж.) — қазіргі заманғы ғылыми анатомияның негізін калаушы. "Адам денесінің күрылысы туралы" деген негізгі еңбегінде (7 кітап) барлык мүшелер мен жүйелерге ғылыми сипаттама берді. Өзінің еңбектерінде ізашарларының анатомиялық қателерін көрсетіп, сол үшін қарсыластарынын қуғындауына ұшырады. Везалий ерлер мен әйелдерде қабырға саны бірдей болатынын дәлелдеді. Ол адамнъщ шынайы анатомиясының негізін қалауға көп еңбек сіңіріп, анатомдар мектебін кұрды.
Сергіту сәті Сергіту сәті «Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайдыОй толғаныс
«Алтын сандық» - әрбір топшадағы оқушылар қолдарындағы жалауды көтеру арқылы алғашқы болып ойынды бастайды. Экранда қойылған сандықшалардың біреуін таңдай отырып, жауап беруі керек. Ол ойыншы жауап бере алмаса, екінші көтерген топша жауап береді. Сандықшаның саны жоғарылаған сайын қойылатын сұрақтар да күрделеніп, қосылатын ұпай саны да көбейеді.Сұрақ №1 (15 балл)1. Ми сауытының құрамына не кіреді?2. Жүрекше қарыншалар арасындағы қақпақшаларды маңызы?Жауабы: 1. Тақ шүйде, жұп шеке, сына тәрізді, маңдай және торлы сүйектер, жұп самай сүйектер2. Оң жақта үш жармалы, сол жақта қос жармалы.Сұрақ №2 (5 балл)1. Сүйектердің құрылысы?Жауабы: Жілік, кемік, жалпақ, араласСұрақ №3 (5 балл)1. Жүрек бөлімдері, латынша ата?Жауабы: Cor.Оң жақ жүрекше, сол жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ қарынша.Сұрақ №4 (10 балл)1. Экстросистола деген не?2. Алғашқы зәр мен соңғы зәрдің айырмашылығы?Жауабы: 1. Жүректің кезектен тыс жиырылуы.2. Алғашқы несептің көлемі 150 - 180 л соңғы несептің көлемі 1, 5 - 2 л соңғы несеп құрамында қант амин қышқылы альбумин болмайды.Бірақ белок алмасуы барысында пайда болған заттар көп. Сондай – ақ соңғы несеп құрамында қанда және алғашқы несепте жоқ гиппур қышқылы аммоний тұздары бар.Сұрақ №5 (15 балл)1. Қан құрамы?2. Өкпе қандай қанмен қамтамасыз етеді?Жауабы: 1. Плазмадан және қан клеткаларынан (эритроцит, ликоцит, тромбоцит 2. Екі жақтан келеді. 1) кіші қан айналым шеңберінің қан тамырлары, тыныс алу қызметінің орындалуын қамтамасыз етеді.2) өкпе тінінің қоректенуі кезде аортасынан таралатын бронхияльды артериядан қоректенеді.
Үйге тапсырмасын беру Мазмұндау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »
9-сынып
Биология пәнінің мұғалімі:
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Биология Сынып: 9 Мерзімі:
Тақырыбы: Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.
Мақсаты: Күтілетін нәтиже: Кезең Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе бөлім 2 минут Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Шеңбер болып тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздер тілейді. 2 минут Топқа бөлінуге нұсқау жасаймын. 5оқушыдан 4 топқа бөлінеді. Таратпа қағаздар
5 минут «Құндылық спектрі» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту. «Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы.» тақырыбына бір топ келісімді пікір айтса, екінші топ қарсы пікір айтады. Әңгіме дебат жүргізеді. Өз-өзін бағалау
«Ай» әдісі бойынша Формативті бағалау Бағалау парақшасы, ай суреттері
Жаңа сабақ
таныстырылымы 10 минут «Тв шоу» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын мазмұнын ашу. 4топқа тапсырма беремін.
Әр топтан бір тілшіден және сұхбаттасушыдан шығады.
Тілші сұхбаттасушымен жасушалардың химиялық құрамы туралы сұхбаттасады.
Пікір алмасады. Жаңа сабақтың мазмұнымен танысады. Өз-өзін бағалау
«Ай» әдісі бойынша Формативті бағалау А4 қағазы, бағалау парақшасы, ай суреттері
Жаңа сабақты қолдану 10 минут «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтармен жұмыс жасатамын. Алған білімдерін қолдана отырып, срақтарға жауап береді.
Сұрақтар жаз Өз-өзін бағалау
«Ай» әдісі бойынша Формативті бағалау А4 қағазы, бағалау парақшасы, ай суреттері
Қорытынды 8 минут «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау.
Оқушыларды шеңбер болып тұрғызып, сұрақтар қойып, жауп беру арқылы өрмекшінің торын құрғызу арқылы сабақтың тақырыбын қорытындылау.
Өз-өздерін бағалату Шеңбер құрып, жаңа сабақ бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауап беріп өрмекшінің торын құрау арқылы жаңсабақты қорытындылау.
Бағалау критерилеріе сүйене отырып, өз-өзін бағалайды. Өз-өзін бағалау
«Ай» әдісі бойынша Формативті бағалау Жібек жіп, бағалау парақшасы, ай суреттері
Бағалау 5 минут Өз-өзін бағалату.
«Ай» әдісі бойынша Формативті бағалау Бағалау критерийлеріне сүйене отырып, өз-өін бағалайды.
Толық ай – сабақты толық түсіндім;
Жарты ай - мен жартылай түсіндім;
- Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.
Өз-өзін бағалау
«Ай» әдісі бойынша Формативті бағалау Бағалау парақшасы., ай суреттері
Рефлексия 3 минут «Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін тарату.
Үй тапсырмасын беру.
Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, тақтаға жапсырады.
Күнделікке жазып алады. Рефлексия плакаты,
Стикер
Күнделік
Әр сыныптың 1 жылдық сабақ жоспарлары 500 теңгеден омж қмж
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
не Каспийбанк депозиті арқылы ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып
осы номерге телефон соғып, қажетті сабағыңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақты жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабағыңыздың толық нұсқасы салынады.
Осы сайттан ала аласыздар!!!
ОҚУШЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ
2500 ТЕҢГЕДЕН
Бастауыш сыныпқа арналған ғылыми жобалар:
Қарбыздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 29 бетҚауынның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 27 бетДәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері ғылыми жоба 44 бетЖолжелкеннің емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бетЛимон жемісінің таңғажайып әлемі ғылыми жоба 22 бетТүймедақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 24 бетБақбақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 22 бетҚұрма - құнардың қайнар көзі ғылыми жоба 37 бетҮкі - киелі құс ғылыми жоба 13 бетШайдың құпия сыры ғылыми жоба 23 бетТотының тоқсан тарауы ғылыми жоба 26 бетӘсемдік пен әдеміліктің символы - тауыс құсы ғылыми жоба 18 бетТасбақа - төзімді жануар ғылыми жоба 16 бетСудың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бетЗәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет Төрт түліктің бірі - сиыр ғылыми жоба 22 бетСахар сабынығылымижоба 23 бетФелинотерапия және мысықтар әлемі ғылыми жоба 26 бетҚырғауыл - сезімтал құс ғылыми жоба 18 бет HYPERLINK "https://infourok.ru/ord-kirpi-meni-tikenekti-dosim-ilimi-zhoba-bet-1143856.html" \o "Word. Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет" \t "_blank"
Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет
Қызылша және оның пайдасы ғылыми жоба 25 бетИтмұрынның емдік қасиеттері ғылыми жоба 21 бетАлма жемісінің пайдасы ғылыми жоба 30 бетҚамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба 22 бетІшекқұрттар, олардың адам ағзасына әсері ғылыми жоба 27 бетЖелден жүйрік жануар ғылыми жоба 20 бетЖыл иесі - жылан ғылыми жоба 20 бетЖұмбақтар сыры ғылымижоба 18 бетЖаңғақ жемісінің қасиеттері ғылыми жоба 22 бетЖергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта қолдану ғылыми жоба 27 бетАқсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай ғылыми жоба 26 бетАдыраспан - киелі көп ғылыми жоба 16 бетКереметі көп киелі ағаш ғылыми жоба 24 бетҚұлпынайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 32 бетОшағанның емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бетТаңқурайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 20 бетҚарақаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетМақсырдың пайдасы ғылыми жоба 25 бетКүнбағыстың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетҚиярдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетҚырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 30 бетСарымсақ - сансыз ауруға ем ғылыми жоба 25 бетПияздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетШырғанақ (облепиха) жидегінің емдік қасиеттері ғылыми жоба 27 бетҚызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетАнар - жеміс-жидектердің патшасы ғылыми жоба 25 бетЖүзім - дертке шипа болатын жеміс ғылыми жоба 23 бетШие жемісінің адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетСәбіз және оның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетСан қырлы сырдың иесі, сүлікте емнің киесі ғылыми жоба 16 бетДәруменге бай - асқабақ ғылыми жобаКиелі сандар сыры ғылыми жоба7 санының қасиеті ғылыми жобаМақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу ғылыми жобаҚазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жобаЧисла в пословицах и поговорках
Этнопедагогика (бастауыш)
Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі ғылыми жоба 28 бетҚазақтың ұлттық киім үлгілері ғылыми жоба 25 бетЗергерлік әшекей бұйымдар жиынтығы ғылыми жоба 20 бетАта салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба 17 бетАқ тілеудің белгісі - бата ғылыми жоба 16 бетСабақ жоспарлары
Көркем жазу сабақ жоспарлары 34 сағат 1-4 сыныптар 2500
Бейнелеу өнері 1, 5, 6 сыныптар толық сабақ жоспарлары500
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми жобалар тізімі
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВТЫҢ ТОТЫНАМА ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЙ КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРІҚ.ӘБДІҚАДЫРОВТЫҢ МЫҢ БІР ТҮН ЕРТЕГІСІМАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУМ.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХҚ ӘБДІҚАДЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҒАНИТӘРБИЕСІНДЕӨСКЕНҒҰЛАМААЛАШТЫҢАРЫСЫ, ЖАСТАРДЫҢКӨСЕМІЖАЛЫНДАПӨТКЕНЖАСҒҰМЫР (ҒАНИМҰРАТБАЕВТУРАЛЫ)СЫР СҮЛЕЙІ - БҰДАБАЙАЛМА ҚЫРАУБАЕВА - ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗӨшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі(Нартай Бекежанов туралы)
О.Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі диалект сөздер
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Қазақ сатирасының бала тәрбиесіне әсері (О.Әубәкіровтың сықақ өлеңдері бойынша)
Халқына пана болған – Бала би
18 Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман
19 Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні
20. Дала академигі Ы.Жақаевтың көркем әдебиеттегі бейнесі
Қазақстан тарихы бойынша
Өзгент қаласы және оның Сыр өңірі тарихындағы маңызы ҒЫЛЫМИ ЖОБАҚазақ хандығының құрылуы және нығаюы ҒЫЛЫМИ ЖОБАТүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел
Ұлы Жібек жолының Сыр бойындағы тармақтары
Шиелі халқының тарихы және әлеуметік жағдайлары
Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі
Еңбегімен ел таныған тау тұлға (Ы.Жақаев туралы)
Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев
Физика бойынша
Уран өндірісінің жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына ықпалы! ҒЫЛЫМИ ЖОБААтом өнеркәсібінің элитасы ҒЫЛЫМИ ЖОБАИнформатика бойынша
ХХІ ғасыр ғылыми техникасы - ұялы телефон. ҒЫЛЫМИ ЖОБАWi-Fi-дың пайдасы мен зияны ғылыми жоба 24 бетХимия бойынша
Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы ҒЫЛЫМИ ЖОБАБиология бойынша
Спирттің бидай өсімдігіне мутагендік әсері ҒЫЛЫМИ ЖОБААғылшын тілі бойынша
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми жобаМатематика бойынша
Қазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жобаСимметрия – ғажайып әлем
Математика және табиғат
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасымен.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы сайты арқылы ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды, диплом жұмыстары мен сабақ жоспарларын кезіктіреcіз!
Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле