Бастауыш ж?не жо?ар?ы орыс кластарында?ы ?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен к?нделікті саба? жоспарлары

Қазақ тілі. 2-сынып 19.12.2014
I.Сабақтың тақырыбы: Бөлме
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың сөздер мен сөйлемдер, оларды дұрыс жаза білуі,тыныс белгілер туралы білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; Б)тәрбиелік: тазалыққа, достыққа баулу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сабағы, жазба жұмысы
IVСабақтың әдісі: баяндау, бақылау
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сынақхат жұмысы екендігін түсіндіріп, жеке-дара орындауы үшін жағдай жасау.(Оқушыларды жеке отырғызу).
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларды алдымен сынақхаттың мәтінімен екі рет оқу арқылы таныстырып,күрделі сөздерді тақтаға жазып қою. Содан соң мәтіннің әр сөйлемін жеке-жеке мәнермен оқи отырып,( тыныс белгілерге тоқталып),сынақхатты жазуға кірісу.Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей жазуы қадағаланады.Сынақхат мәтіні:
«Бөлме»
Мынау кең және жарық бөлме.Бөлмеде көп зат бар.Еденде әдемі кілем жатыр.Бөлмеде бір есік, екі терезе бар.Әсет және Оспан диванда отыр. Олар – жақсы достар (27 сөз)
VI. Қорытындылау. Сынақхатты басынан бастап, қайта оқып, тексерту.
VII.Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 12.12.2014
I.Сабақтың тақырыбы:
Өткен сабақтарда өткен материалдардан құралған тест тапсырмалары
ІІ.Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушылардың осы уақытқа дейінгісөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер, жіктік жалғаулары т.б. туралы алған білімдерін тексеру.
Ә)дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлану, шешім қабылдап үйрену қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, қорытынды шығарып үйренуге тәрбиелеу
ІІІ.Сабақтың түрі: Бақылау, сұраққа жауап беру.
IV.Сабақтың әдісі: тест тапсырмаларынан сұрақтар қою
V.Cабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары жазылған парақшалар
VІ.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Б) Бақылау сабақ. Тест тапсырмаларын орындауға әзірлеу,түсіндіру.
Әр оқушыға осыған дейінгі сабақтарда өткізілген материалдардан құралған тест тапсырмалары жазылған парақша таратылады. Тест 20 сұрақтан тұрады да, әр сұрақтың төрт жауабы болады. Оқушылар дәптерге тест тапсырмасының реттік нөмірін және жауабын қосып жазады. Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей орындауы қадағаланады.
VІI. Қорытындылау. Қай сұрақтар қиындық тудырды?
VIIІ.Үйге тапсырма. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 22.12.2014
5-тақырып. Сенің есімің қандай мағына береді?
I.Сабақтың тақырыбы: Дүниеге сәби келді
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: күрделі сөздер, олардың түрлері, жалғауларн мен олардың түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: астарлы ойды аша білу, сөйлем құрау мен ойын ашық айта білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: қазақы салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: Салт-дәстүрден құралған сұрақтар жазылған парақшалар
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Салалас құрмаластың алты түріне бір-бірден қосымша әдебиеттерден мысалдар жазу, морфологиялық талдау жасау.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, қазақы салт-дәстүрлер туралы қысқаша айтып өту. Дүниеге сәби келуімен байланысты салт-дәстүрлер туралы айту, қазіргі таңдағы көрінісі туралы әңгімелеу. Сөздердің түрлері, соның ішінде, күрделі сөздерге қайсысы кіретіндігі туралы еске түсіру, мысалдар келтіру. Жалғаулар мен олардың түрлерін айту,мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді оқушыға мәнерлеп, түсінікті етіп оқыту, түсінгендерін сұрау.
2-Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазу, қай түрі екенін ажырату.
3-Сөйлемдердің сыңарларын мағыналарымен сәйкестендіріп жазу. Синтаксистік талдау жасау. Қандай сөйлем түрі екенін талдау.
5-тапсырма, күрделі сөздерді жіктеу, септеу, тәуелдеу.
VІI. Қорытындылау. Оқушыларға қазақы салт-дәстүрлерден құралған сұрақтар таратылады.
«Сүйінші» деген не? Мысал келтір.
«Шілдехана» сөзінің мағынасын түсіндір.
Сәби туылғаннан кейінгі ырым-тиымдарға тоқтал.
VIIІ.Үйге тапсырма 4-тапсырма, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу, Синтаксистік талдау жасау.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 1-сынып 22.12.2014ж
5-модуль. Робот – менің досым
I.Сабақтың тақырыбы: Кел жаттығайық!
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың әріптер мен дыбыстар туралы білімдерін кеңейтіп,кім,не? сұрақтары, олардың ерекшеліктері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Оқушыларды әріптерді құрап, оқуға, ойын толық айта білуге,сөздерді қазақшадан орысшаға және кері қарай аударуға,ойлай білу мен сөйлеуге, санай білуге, есте сақтау мен жазып үйренуге баулу;
Б)тәрбиелік: Шапшаңдыққа,жауапкершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас
IVСабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу.
V.Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі фигуралар мен қазақтың төл әріптерінің үлкейтілген суреті,адам мүшелерінің суреттері.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Балалардың сабаққа бар назарын салып тыңдауын ұйымдастыру. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Сенің басың, сенің көзің, сенің қолың, сенің аяғың сөз тіркестерін жазу. 4-тапсырма,3-тапсырма жаттау.
Б) Жаңа сабақ Оқушыларға бұйрықты сөйлемдер мен сұрақтар туралы түсіндіру, мысалдар келтіру. Олармен бірлесе отырып, тәулік аттарын ретімен айтып шығу, орысша аудармаларын айту. Реттік сан есімдер туралы түсінік беру. Мысалдар келтіру.
Бейтаныс жаңа сөздердің орысша-қызықша атауларын жаттау.
Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.
2-тапсырма, сөйлемдерді оқу.
3-тапсырма, бұйрықты сөйлемдерді оқу, орындау.
В)Сергіту сәті 3-тапсырмадағы сергітуді жаттау, жасау.
4-тапсырма, жұмбақ өлеңді қайталау, жауабын шешу.
2-тапсырма,санамақты оқу, қайталау.
VII. Қорытындылау. Әріптерді көрсетіп, әр оқушыдан сұрау.
VIII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма жаттау, тәулік аттарын жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 19.12.2014
7-модуль. Уақыт. Зат есімнің септік жалғаулары
I.Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Уақыт
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға зат есімнің септік жалғаулары, сұрақтары, уақыт өлшемдері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: уақытты үнемді пайдаланып, жоспар құра білуге, бос уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді қайталау.
Б) Қатемен жұмыс. Өткен сабақта жүргізілген бақылау сынақхатында жіберілген қателермен жұмыс жасау. Дұрыс нұсқаларын тақтаға, дәптерге жазу. Есте сақтауларын қадағалау.
В) Жаңа сабақ. Зат есімнің септік жалғаулары, сұрақтары туралы түсіндіру, мысалдар келтіру. Уақыт өлшемдері туралы оқушылармен бірлесе отырып, түсіндіру. Ең кішісінен ең үлкеніне дейін айтып өту. Дәптерге жазу. Сағаттың өлшем бірліктерін айту. Сағатты тани білудің ерекшеліктерін түсіндіру.
Бейтаныс, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Г) Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.
1-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
3-тапсырма, уақыт өлшемдерінің, жыл мезгілдері мен сағаттың өлшем бірліктерін, тәулік өлшемдерін есте сақтау, қайталау.
5-тапсырма, берілген сөйлемдердегі сан есімдерді сөзбен жазу.
VII. Қорытындылау. Сен қай жыл мезгілін ұнатасың?Оқушыларға сұрақтар қою.
VIII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма, сөйлемдерді аяқтап жазу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі. 3-сынып 22.12.2014ж
1-модуль.
I.Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға жалғаулар туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазып, оқуға, ойланып жауап беру, аударма жұмысы мен сөйлем құрауға баулу;
Б)тәрбиелік: туған жердің қадірін түсінуге, ауылды құрметтеуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: аударма, диалог, сұрақ-жауап
V.Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі фигуралар
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Бір-бірімізге күлімсірей қарап, «сабағымыз қызықты өтсін, бір-бірімізге сәттілік» деп айту.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау 3-тапсырма, жаттау, жазу.
Б) Жаңа сабақ. Отан, елбасы, мемлекеттік рәміздер, еліміздің қалалары мен астанасы туралы сұрақтар қоя отырып, туған жер, ауыл туралы түсіндіру. Өз ауылдары туралы баяндау. Жалғаулар туралы түсіндіру, мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары.
1-тапсырма, мәтінді мәнерлеп оқу, орысшаға аудару.
2-тапсырма, ауылдардың атауларын жазу.
5-тапсырма, жалғауларды жалғап, сөйлемдерді жазу, жалғаулардың астын сызу.
4-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
VII. Қорытындылау.
VIII.Үйге тапсырма. 3-тапсырма, «Ауылда не бар?» тақырыбында өз ауылдарындағы бар заттар туралы тізіп жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 3-сынып 23.12.2014ж
5-модуль. Қазақстан картасы. Кел, ойнайық!
I.Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға жалғаулар туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазып, оқуға, ойланып жауап беру, аударма жұмысы мен сөйлем құрауға баулу;
Б)тәрбиелік: туған жердің табиғатын аялауға, өзен-көлдері мен тауларын, байлығын түсінуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: аударма, диалог, сұрақ-жауап
V.Сабақтың көрнекілігі: Өзен-көлдердің, таулардың, теңіздердің, ормандардың суреттері
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Бір-бірімізге күлімсірей қарап, «сабағымыз қызықты өтсін, бір-бірімізге сәттілік» деп айту.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау 3-тапсырма,ауыл туралы жазу.
Б) Жаңа сабақ. Отан, елбасы, мемлекеттік рәміздер, еліміздің қалалары мен астанасы туралы сұрақтар қоя отырып, туған жер, ауыл туралы, оның байлықтары туралы сұрау. Өз ауылдарының табиғаты туралы әңгімелеу. Табиғаттың не екендігін, табиғат байлықтарына нелер жататындығын тізіп айту. Жалғаулар туралы түсіндіру, мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары.
1-тапсырма, сурет бойынша әңгімелеу.
2-тапсырма, мәтінді тізбектей оқу, орысшаға аудару.
3-тапсырма, сызба бойынша сөйлемдер құрап жазу. Жалғаулардың астын сызу.
5-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
6-тапсырма, сөзжұмбақты ауызша шешу.
VII. Қорытындылау. Әр оқушыға тау, өзен, орман, көлдің суреттерін таратып, сөйлемдер айтқызу.
VIII.Үйге тапсырма Табиғат туралы бес мақал-мәтел жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 23.12.2014
5-тақырып. Сенің есімің қандай мағына береді?
I.Сабақтың тақырыбы: Сәбиге ат қою
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: есімдік, олардың түрлері туралы білімдерін кеңейту, сабақтас құрмалас сөйлем мен олардың түрлері туралы еске түсіру, бекіту;
Ә)дамытушылық: астарлы ойды аша білу, сөйлем құрау мен ойын ашық айта білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: қазақы салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: Тіл білімінің әр саласынан алынған сұрақтар жазылған парақшалар.
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 4-тапсырма, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу, Синтаксистік талдау жасау.
Б) Жаңа сабақ. Сәбиге ат қою дәстүрі туралы оқушылармен бірлесе отырып, баяндау.Ат қоюдың маңыздылығы туралы айтып өту. Есімдік оның түрлері мен сұрақтары, сөйлемдегі қызметтері туралы еске түсіру, жазу. Мысалдар келтіру. Құрмалас сөйлемнің бір түрі- сабақтас құрмалас сөйлемдер мен олардың түрлеріне тоқталу, мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді оқушыға мәнерлеп, түсінікті етіп оқыту, түсінгендерін сұрау.
2,3-тапсырма, етістіктерді сәйкестендіру.
1-тапсырма, мәтіннен есімдіктерді теріп жазу, қай түрі екенін ажырату.
2-тапсырма, мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табу, түрін ажырату. Синтаксистік талдау жасау.
5-тапсырма, сөздерге фонетикалық - математикалық талдау жасау.
Тақтаға шыққан әр оқушыға әр сала бойынша төмендегіә сұрақтардан парақшалар таратылады.
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.
Сөз таптарын ата, мысалдар келтір.
Омоним, антоним, синоним, эвфемизм, дисфемихм, архаизм, кәсіби сөздер, терминдер, неологизм, диалектизм деген не, мысалдар келтір.
Сөйлемдердің түрлерін, жіктелуін ата.
VІI. Қорытындылау.
VIIІ.Үйге тапсырма 4-тапсырма, сөйлемдерді дұрыс құрап жазу. «Менің есімімнің қойылу тарихы» тақырыбында ауызша дайындалып келу.
ІХ.Бағалау.
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.
Сөз таптарын ата, мысалдар келтір.
Омоним, антоним, синоним, эвфемизм, дисфемихм, архаизм, кәсіби сөздер, терминдер, неологизм, диалектизм деген не, мысалдар келтір.
Сөйлемдердің түрлерін, жіктелуін ата.
Сөйлем мүшелері, сұрақтары туралы айт.
Жалғаудың түрлерін айт, мысалдар келтір.
Күрделі сөздердің түрлері, мысалдар келтір.
Буынның түрлері, мысалдар келтір.
Сөздердің байланысу түрлері, мысалдар келтір.
Қазақ тілі. 4-сынып 23.12.2014
7-модуль. Уақыт. Зат есімнің септік жалғаулары
I.Сабақтың тақырыбы: Уақыт және біз
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға ілік септігі, жалғаулары мен сұрақтары, реттік сан есімдер туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: уақытты үнемді пайдаланып, жоспар құра білуге, бос уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Септік жалғауларын, сұрақтарын жаттау, \
3-тапсырма, қазақшаға аудару, орысша нұсқасымен бірге жазу.
Б) Жаңа сабақ. Оқушыларға септік жалғауларының бір түрі ілік септігі, жалғаулары мен сұрақтары туралы түсіндіру, мысалдар келтіру, жазу. Ілік септігінің жалғану ерекшеліктеріне тоқталу, жазу. Реттік сан есімдер туралы түсіндіру.
Бейтаныс, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
В) Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.
1-тапсырма, сағат суреті бойынша сөйлеу.
2-тапсырма, реттік сан есімдер жасап, сөзбен жазу.
3-тапсырма, сөйлемдерді толықтырып жазу.
4-тапсырма, жұмбақты шешу, жазу, ілік септігінің астын сызу.
VII. Қорытындылау. Ілік септігіне мысалдар келтіріп, әр оқушыға айтқызу.
VIII.Үйге тапсырма. 5-тапсырма, сөз тіркестеріне ілік септігінің жалғауын жалғау. Астын сызу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі. 2-сынып 23.12.2014
6-модуль. Менің сүйікті ойыншығым
I.Сабақтың тақырыбы: Менің ойыншықтарым. Алмастың ойыншықтары
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға сөздер, сөз тіркестері мен диалог туралы, қ-ғ дыбыстарының ерекшелігі туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Оқушылардың сөйлемді дұрыс құрай білу, мәтінді сауатты оқу,түсінігін айта білу, сауатты жазу,ойын ашып айта білу, орысшаға аудару, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікті бағалауға, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV.Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, диалог, аударма, сұрақ-жауап
V.Cабақтың көрнекілігі: Әртүрлі фигуралар
VІ.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 4-тапсырма, жазу, жаттау.
Ә) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, лдардың ойыншықтары, сүйкімді ойыншықтар мен әр ойыншықтардың ерекшеліктері туралы әңгімелеу. Сөздер, сөз тіркестері мен диалогтің не екенін түсіндіру. Мысалдар келтіру. Қ-ғ дыбыстарының ерекшеліктері туралы айту, мысалдар келтіру.
Жаңа сөздерді қайталау, жаттау.
Тақырыпқа сай пысықтау тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, ойыншық атауларын тізбектей оқу, орысшаға аудару.
3-тапсырма, диалогті тізбектей оқу.
5-тапсырма, суреттерді сөзбен алмастырып жазу.
1-тапсырма, сөздер мен сөз тіркестерін жазу.
VІІI. Қорытындылау. 2-тапсырма мен 6-тапсырмадағы жұмбақ өлеңденрдің жауабын шешу.
ІХ.Үйге тапсырма 2-тапсырма, жазу. 2-тапсырма жаттау.
Х.Бағалау.
Қазақ тілі. 3-сынып 19.12.2014ж
5-модуль. Қазақстан картасы. Кел, ойнайық!
I.Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға жатыс септігінің жалғаулары туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазып, оқуға, ойланып жауап беру, аударма жұмысы мен сөйлем құрауға баулу;
Б)тәрбиелік: еліміздің әсем қалаларын құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: аударма, диалог, сұрақ-жауап
V.Сабақтың көрнекілігі: Алматы қаласының суреті
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Бір-бірімізге күлімсірей қарап, «сабағымыз қызықты өтсін, бір-бірімізге сәттілік» деп айту.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау 2-тапсырма, жаттау.
Б) Жаңа сабақ. Еліміздің рәміздері, астанасы, елбасы туралы қайталап өту. Бұрынғы астанамыз – Алматы қаласы туралы баяндау. Оның ерекшеліктері мен байлықтарына тоқталу. Қандай техникалық заманауи жабдықтар бар екендігін түсіндіру. (метро, мұзайдын, спорт алаңы, т.б.)Оның табиғаты туралы әңгімелеу.Жатыс септігі туралы еске түсіру, жалғауларын қайталау.
В) Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары.
1-тапсырма, мәтінді тізбектей оқыту, әр сөйлемді оқушыларға жеке-жеке аударту. Түсінгендерін сұрау.
Сергіту сәті
4-тапсырма, жатыс септігінің жалғаулары жалғанған қала аттарын көшіріп жазып, жалғаулардың астын сызу.
5-тапсырма, А - әрпінен басталатын бес қаланы теріп жазу.
VII. Қорытындылау. Сен қандай үлкен қалаға бардың? Онда нелерді көрдің? Оқушылардан жеке сұрау.
VIII.Үйге тапсырма 6-тапсырма, тиісті сұраулық шылауларды қойып жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 09.02.2015ж
7-тақырып. Технология жаңалықтары
I.Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары бойынша білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу, оқуға, ойланып жауап беру, жауапкершілік қабылдай білуге баулу;
Б)тәрбиелік: жауапкершілікке, ойланып жауап беруге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сабақ
IVСабақтың әдісі: тест сұрақтарын жауап алу.
V.Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары жазылған парақшалар.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау 4-тапсырма, мәтінді орысшадан қазақшаға аударып жазу.
Б) Бақылау сабақ. Оқушыларға өтілген тарау бойынша 25 сұрақтан тұратын, әрқайсысының төрт жауап нұсқасы бар тест тапсырмаларынан парақшалар таратылады. Оқушылар жеке отырғызылып, әрқайсысының дербес орындауы қадағаланады.
VII. Қорытындылау. Қандай сұрақтар қиындық тудырғандығын сұрау.
VIII.Үйге тапсырма 5-тапсырма, мәтінді көшіріп жазу, морфологиялық талдау жасау.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 12.01.2015ж
7-модуль. Уақыт. Зат есімнің септік жалғаулары
I.Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Нәтиже сабақ
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың жеті септіктің сұрақтары, жалғаулары мен әрқайсысының ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: уақытты үнемді пайдаланып, жоспар құра білуге, бос уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 3-тапсырма, табыс септік жалғауындағы сөздерді кімді, нені сұрақтары бойынша жіктеп жазу.
Б) Қатемен жұмыс. Өткен сабақта жүргізілген сынақхат барысында жіберілген қателермен жұмыс жасау. Тақтаға, дәптерге, қате сөздердің дұрыс нұсқаларын жазу және есте сақтау.
В) Нәтиже сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, қазақ тіліндегі септіктерді ретімен атап айту. Жалғаулары мен сұрақтарына тоқталу. Әрқайсысына мысалдар келтіріп жазу.
Г) Септік туралы білімдерін бекіту тапсырмаларын орындау.
2- тапсырма, 122-б., шығыс септіктегі сөздерді кімнен, неден, қайдан сұрақтары бойынша жіктеп жазу.
4-тапсырма, өлең жолдарын мәнерлеп оқу. Апта күндерін ретімен атап шығу. Орысшаға аудару.
5-тапсырма, көмектес септіктегі орысша жазылған сөздерді қазақшаға аударып, сөйлемді толығымен жазу. Көмектес, барыс септіктеріндегі сөздерді тауып, астын сызу.
VII. Қорытындылау. 1-тапсырма, өлең жолдарын мәнерлеп оқу.
VIII.Үйге тапсырма 1-тапсырма, өлеңді жаттау. 3-тапсырма, мәтінге өз сыныптары туралы жазу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 13.01.2015ж
I.Сабақтың тақырыбы: Сәбиге ат қою
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: оқушылардың сөздер мен сөйлемдер, оларды дұрыс жаза білуі,тыныс белгілер туралы білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; Б)тәрбиелік: қазақы салт-дәстүрді, ырымдар мен тыйымдарды бағалауға, мәнін түсінуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сынақхаты
IVСабақтың әдісі: баяндау, бақылау
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сынақхат жұмысы екендігін түсіндіріп, жеке-дара орындауы үшін жағдай жасау.(Оқушыларды жеке отырғызу).
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларды алдымен сынақхаттың мәтінімен екі рет оқу арқылы таныстырып,күрделі сөздерді тақтаға жазып қою. Содан соң мәтіннің әр сөйлемін жеке-жеке мәнермен оқи отырып,( тыныс белгілерге тоқталып),сынақхатты жазуға кірісу.Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей жазуы қадағаланады.Сынақхат мәтіні:
Балаға ат қою
Қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша нәрестеге үш күннен қалдырмай ат қойылады. Халқымыз балаға ат қоюға ерекше мән береді. Ат қою дәстүрінен де халықтың наным-түсінігі, салт-санасы, арман-мүддесі, эстетикалық талғамы көрінеді.Әдетте ат қою құрметіне ауылдың шежіреші қариясы шақырылады.
Мұсылмандықтың енуіне байланысты көп жерлерде ат қоюға молда шақырылатын болған.Ол азан шақырады. Осыған байланысты тілімізде «азан шақырып ат қою» тіркесі қалыптасқан.Ат қоюшылар нәрестенің құлағына аузын тақап, оған қойылған атты үш рет сыбырлап айтады.Ат қойған адамға құрмет ретінде арнайы сыйлық беріледі.
Елдің атақты азаматтарының атын мәңгі есте қалдыру үшін немесе солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен ырым ғып, жас сәбиге лайықты есім сыйлайтын дәстүр ең көп таралған. (106 сөз)
VI. Қорытындылау. Сынақхатты басынан бастап, қайта оқып, тексерту.
VII.Үйге тапсырма. «Шілдехана» тақырыбындағы 6-тапсырма.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 12.01.2015ж
5-тақырып. Сенің есімің қандай мағына береді?
I.Сабақтың тақырыбы: Сәбиді қырқынан шығару
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: құрмалас сөйлемдер, олардың бір түрі-сабақтас құрмалас, соның ішінде қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: астарлы ойды аша білу, сөйлем құрау мен ойын ашық айта білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: қазақы салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: Салт-дәстүрден құралған сұрақтар жазылған парақшалар
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластың төрт түрлі жасалуына қосымша әдебиеттерден мысалдар жазу. Синтаксистік талдау жасау.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, сәби туылғаннан бастап жасалатын ырымдар мен тыйымдар, салт-дәстүрлерді атап өту. Әрқайсысының ерекшелігіне тоқталу. Солардың бір түрі- қырқынан шығару салты туралы түсіндіру. Оның мәнісі туралы баяндау.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бір түрі- қарсылықты бағыныңқылы сабақтас туралы , оның ережесі, жасалу жолдары туралы түсіндіру. Мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
2-тапсырма, сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіру.
5-тапсырма, күрделі сөздердің жасалу жолына тоқталу, жіктеу.
Қосымша әдебиеттен 127-тапсырма, көп нүктенің орнына тиісті жалғаулар мен шылауларды қою арқылы, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар жазу. Синтаксистік талдау жасау.
VІI. Қорытындылау. Оқушыларға қазақы салт-дәстүрлерден құралған сұрақтар таратылады.
VIIІ.Үйге тапсырма 6-тапсырма, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу, Синтаксистік талдау жасау.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 2-сынып 13.01.2015ж
6-модуль. Менің сүйікті ойыншығым
I.Сабақтың тақырыбы: Біздің аулада
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға сөйлемдер, өлең туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Оқушылардың сөйлемді дұрыс құрай білу, мәтінді сауатты оқу,түсінігін айта білу, сауатты жазу,ойын ашып айта білу, орысшаға аудару, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікті бағалауға, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV.Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, аударма,диалог сұрақ-жауап
V.Cабақтың көрнекілігі: Әртүрлі фигуралар
VІ.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 5-тапсырма, орысша жазылған сөздердің қазақшасын аударып, сөз тіркестерін жазу.
Ә) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, сөз, сөз тіркесі туралы білімдерін қайталау, бекіту. Мысалдар келтіру. Сөйлем туралы түсіндіру. Мысалдар жазу. Өлең дегеніміз не екендігін түсіндіру. Өлеңді оқу мәнері мен ерекшелігі туралы түсіндіру.
Жаңа сөздерді қайталау, жаттау.
Тақырыпқа сай пысықтау тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, диалогті тізбектей оқу, орысшаға аудару.
2-тапсырма, өлеңді мәнерлеп оқу. Асықпай, өз мәнерімен оқыту.
3-тапсырма, суреттерден сөйлемдер құрап жазу. Ауызша орысшаға аудару.
5-тапсырма, сөйлем құрау реті бойынша сөйлемдер құрап жазу.
VІІI. Қорытындылау. 6-тапсырма, сөзжұмбақты шешу.
ІХ.Үйге тапсырма 4-тапсырма, жазу, 2-тапсырма жаттау.
Х.Бағалау.
Қазақ тілі. 3-сынып 13.01.2015ж
5-модуль. Қазақстан картасы. Кел, ойнайық!
I.Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың Қазақстан, оның картасы мен табиғи байлықтары туралы білімдерін бекіту, қалалар мен жер, су атауларының жазылу ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: сауатты жазып, оқуға,өз ойын ашық айта білуге баулу;
Б)тәрбиелік: еліміздің әсем қалаларын құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
IVСабақтың әдісі: аударма, сөйлем құрау, сұрақ-жауап
V.Сабақтың көрнекілігі: табиғат байлықтарының суреттері
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау Үш жаңылтпаш жазу, жаттау.
Б) Нәтиже сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып , өткен тарау бойынша білімдерін бекіту. Сұрақтарға жауаптар беру:
1. Қазақстанда неше облыс орталығы бар?
2. Астанасы қай қала?
3. Ең кіші елді мекеннен ең үлкеніне дейін атап шық.
4. Еліміздің рәміздері деген не? Әрқайсысына тоқтал.
5. Сен қай облыста тұрасың?
6. Табиғи байлықтары туралы еске түсірейік. (таулар, өзен-көлдер, теңіздер)
В) Нәтиже сабақты пысықтау тапсырмалары.
2-тапсырма, сызба бойынша сөйлемдер жазу.
Сергіту сәті 5-тапсырма бойынша, сергітуді жасау.
4-тапсырма, сөйлемдерді толықтырып жазу.
1-тапсырма, Астана туралы сөйлемдер жазу.
VII. Қорытындылау. Өзен, көл, теңіздердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.
VIII.Үйге 3-тапсырма, кестедегі сөйлемдерді керек сөздермен сәйкестендіріп жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 13.01.2015ж
8-модуль. Қыс
I.Сабақтың тақырыбы: Қыс.Қысқы ауа райы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың жеті септіктің сұрақтары, жалғаулары мен әрқайсысының ерекшеліктері туралы білімдерін толықтыру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: табиғат құбылыстарын тануға, әр мезгілдің ерекшелігін қабылдай білуге, денені шынықтыруды дағдыға айналдыруға тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,диалог, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1-тапсырма, өлеңді жаттау. 3-тапсырма, мәтінге өз сыныптары туралы жазу.
Б)Жаңа сабақ.Оқушылармен бірлесе отырып, жыл мезгілдері, ай аттары, уақыттың өлшем бірліктері туралы еске түсіру. Жыл мезгілінің бір түрі – қыс, оның өзіне тән табиғи ерекшеліктері мен қыстағы ауа райы туралы әңгімелеу. Қыс мезгілінің пайдасы мен зияны туралы оқушылар пікірін сұрау. Қыстағы амалдар мен тірлік, қысқы жабдықтар туралы айту.
В) Септік туралы білімдерін бекіту тапсырмаларын орындау.
Бейтаныс, жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшіру, еске сақтау.
2-тапсырма, мәтінді тізбектей оқу. Орысшаға аудару. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді теріп жазу, қай септікте тұрғанын, сұрағын анықтау.
3-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
5-тапсырма, суреттердің орнына сөздерді қойып, сөйлемдер құрап жазу.
4-тапсырма, берілген суреттерден өз беттерімен сөйлемдер құрап жазу.
VII. Қорытындылау. 3-тапсырма, диалогті орысшаға аудару.
VIII.Үйге тапсырма 1-тапсырма, қарамен жазылған сөздерді теріп жазу, қай септікте тұрғанын, сұрағын жазу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі. 1-сынып 19.01.2015ж
5-модуль. Робот – менің досым
I.Сабақтың тақырыбы: Ойын сабақ
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың әріптер мен дыбыстар туралы білімдерін кеңейтіп,санамақ, сөздер сөз тіркестері туралы білімдерін қалыптастыру; Ә)дамытушылық: Оқушыларды әріптерді құрап, оқуға, ойын толық айта білуге,сөздерді қазақшадан орысшаға және кері қарай аударуға,ойлай білу мен сөйлеуге, санай білуге, есте сақтау мен жазып үйренуге баулу;
Б)тәрбиелік: Шапшаңдыққа,жауапкершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Ойын сабақ
IVСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу, аударма.
V.Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі фигуралар мен қазақтың төл әріптерінің үлкейтілген суреті.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Балалардың сабаққа бар назарын салып тыңдауын ұйымдастыру. Ә) Үй тапсырмасын сұрау.100б,5-тапсырма, жаттау, жазу.
Б) Ойын сабақ Оқушыларды үш топқа бөлу арқылы жарыстыра отырып, ойын сабақ өткізу. Топқа бөлініп, жарысу арқылы, келесі тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма, әріптерді ата, мысалдар келтір.
2-тапсырма, сөз тіркестерін қазақшаға аударып айт. (большой слон, белый медведь, две обезьяны, три тигра, черный волк, белый заяц, пять ежей, красное ведро, белый медвежонок, желтый мяч, черная машина)
3-тапсырма, сұрақтарға жауап бер.
- диалог дегеніміз не?
- сөз тіркесі дегеніміз не?
4-тапсырма, үш топтан үш оқушы шығып сөздерді жазып жарысу. (доп, бас, көз, құлақ, қалам, дәптер, бұлт, кітап, шелек, шар, қонжық)
5-тапсырма, апта күндерін ретімен айтып шық.
6-тапсырма, үш топқа үш түрлі әріп беріп, сол дыбыстардан басталатын сөздер жазып жарысу.
VII. Қорытындылау. Үш қатардан бір бірден өлең жолдарын сұрау.
VIII.Үйге тапсырма. Өзі туралы жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 3-сынып 29.01.2015ж
6-модуль. Туған күн
I.Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: тәуелдік, көптік жалғаулары туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: сауатты жазып, оқуға,өз ойын ашық айта білуге баулу;
Б)тәрбиелік: сыпайылыққа, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ.
IVСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог.
V.Сабақтың көрнекілігі: Тәуелдік жалғаулары жазылған парақшалар.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Шағын мазмұнды әңгіме оқып келу, мазмұнын айту.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, көптік, тәуелдік жалғаулары туралы еске түсіру,мысалдар келтіру. Сыйлық туралы әңгімелеу, ол не үшін, қай сәтте, кімге арнап берілетіндігін әңгімелеу.
В)Бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап, бір сөзді тәуелдеп жазу.
2-тапсырма, мәтінді тізбектей оқу, орысшаға аудару.
Сергіту сәті Қарлығаш боп ұшу.
4-тапсырма негізінде әрқайсысы жанындағы оқушыға бір-бір тілектен айту.
7-жаттығу, (Ш.Бектуров, «Казахский язык» 43-бет), берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап жазу.
VII. Қорытындылау
VIII.Үйге тапсырма «Ең пайдалы сыйлық» тақырыбында шағын эссе жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 19.01.2015ж
8-модуль. Қыс
I.Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың жеті септіктің сұрақтары, жалғаулары мен әрқайсысының ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ
IVСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тапсырмалар орындау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1-тапсырма, жаттау, 5-тапсырма жазу.
Б)Нәтиже сабақ. Оқушыларды үш топқа топтастыру. Төмендегі тапсырмалар негізінде жарыстыру.
1-тапсырма (сұрақ-жауап) - септіктерді, сұрақтарын ата.
Жіктеу есімдіктерін ата.
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегеніміз не, мысалдар келтір.
2-тапсырма, бір- біріне өткен сабақтардан сұрақтар қою.
3-тапсырма, әр топтан бір оқушыдан шығып, бір топ жіктеу, екі топ септеу.
4-тапсырма, 138б. 4-тапсырманы орындау.
194б- 4-тапсырма (Ш.Бектуров) әр топқа таратылады. Өздері орындарында жазып, бір оқушыдан тақтаға жазады.
VII. Қорытындылау. Септіктерді атап айту, сұрақтарын айту.
VIII.Үйге тапсырма 1-тапсырма, толықтырып жазу.
ІX.Бағалау.
Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын тттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт
Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғап. Толықтырып жаз.
Сәлім... іні... колхоз... бастығы. 2. Сейіт... іні... институт... оқып жүр. 3. Менің дос... төртінші сынып... оқиды.
Төмендегі сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғап. Толықтырып жаз.
Ол үй... бесінші қабат... тұрады. 2. Абай көшесі... Пушкин кітапхана... бар. 3. Ол ойыншықтар... інісі... берді.
Қазақ тілі. 10-сынып 20.01.2015ж
6-тақырып Технология жаңалықтары
I.Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің пайда болуы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: құрмалас сөйлемдер, олардың бір түрі-сабақтас құрмалас, соның ішінде қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: астарлы ойды аша білу, сөйлем құрау мен ойын ашық айта білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: технологияның әр жаңалығын игере білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі:
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Шартты, қарсылықты, себеп, мезгіл бағыныңқылы сабақтастарға мысалдар жазу, синтаксистік талдау жасау.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, технология жаңалықтары туралы айту. Соңғы замандағы технология жетістіктеріне тоқталу. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, ережесі, жасалу жолдары мен сұрақтары туралы түсіндіру. Мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, «Дербес компьютердің пайда болуы» тақырыбындағы мәтінді оқу, мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазу, түріне қарай ажырату, синтаксистік талдау жасау.
2-тапсырма, мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазу, морфологиялық сатылай кешенді талдау жасау.
3-тапсырма, мәтіннен үш сөзге фонетикалық математикалық талдау жасау.
269-жаттығу (қосымша оқулық) көп нүктенің орнына қосымша не көмекші сөздерді қойып, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас жасап жазу. Синтаксистік талдау жасау.
VІI. Қорытындылау. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары мен сұрақтарын айту.
VIIІ.Үйге тапсырма 5-тапсырма,
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі, 4-сынып 26.01.2015ж
I.Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: оқушылардың сөздер мен сөйлемдер, оларды дұрыс жаза білуі,тыныс белгілер туралы білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; Б)тәрбиелік: ұлтжандылыққа, қазақы салттарды құрметтеуге, дастарқан мен астың қадірін түсінуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сынақхаты
IVСабақтың әдісі: баяндау, бақылау
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сынақхат жұмысы екендігін түсіндіріп, жеке-дара орындауы үшін жағдай жасау.(Оқушыларды жеке отырғызу).
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларды алдымен сынақхаттың мәтінімен екі рет оқу арқылы таныстырып,күрделі сөздерді тақтаға жазып қою. Содан соң мәтіннің әр сөйлемін жеке-жеке мәнермен оқи отырып,( тыныс белгілерге тоқталып),сынақхатты жазуға кірісу.Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей жазуы қадағаланады.Сынақхат мәтіні:
Қазақтың дастарқаны
«Қазақтың дастарқаны»
Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі болады.Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазы, қарта, жал, жая жатады. Сүт тағамдарына құрт, ірімшік, май кіреді. Дәннен жасалатын тағамдарға: қуырылған бидай, тары, жент жатады.
Тамақ ішуге шақырғанда, көп күттіруге болмайды.(55 сөз)
VI. Қорытындылау. Сынақхатты басынан бастап, қайта оқып, тексерту.
VII.Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі. 2-сынып 20.01.2015ж
7-модуль Менің демалыс күнім. Жүр, «Думанға» барайық!
I.Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. «Думан» ойын-сауық орталығы
А) білімділік: оқушыларға септік жалғаулары туралы білім беру, кім, не? сұрақтарының ерекшеліктері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: уақытты бос өткізбеуге, тәртіптілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 2-тапсырма, жаттау.
Б) Қатемен жұмыс. Өткен сабақта жүргізілген сынақхат барысында жіберілген қателермен жұмыс жасау. Тақтаға, дәптерге, қате сөздердің дұрыс нұсқаларын жазу және есте сақтау.
В) Жаңа сабақ. Оқушылардың туған ел, қалалар, елбасы, астана, ғимараттар, рәміздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Қысқаша баяндап беру. Астана қаласы, оның ерекшелігі мен елордадағы ойын – сауық орталығы туралы әңгімелеу. Жалғаулар туралы түсінік беру. Мысалдар келтіру.
Бейтаныс , жаңа сөздерді бірнеше мәрте қайталау, есте сақтау.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, суретке қарап әңгімелеу. Қандай нәрселер бейнеленгендігін баяндау.
2-тапсырма, мәтінді тізбектей оқу. Түсінгендерін сұрау.
Сергіту сәті. 4-тапсырмадағы сергітуді жасау.
5-тапсырма, орысша жазылған сөздерді қазақшаға аударып сөйлемді толық жазу.
6-тапсырма, Мен есімдігін тіркестіру арқылы жалғауларды жалғап, сөйлемді толық жазу.
VII. Қорытындылау. Сен қандай қалаларда болдың? Қандай қызықты орындарда болдың? Оқушыларды сөйлету.
VIII.Үйге тапсырма 4-тапсырма, сергітуді жаттау.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі, 1-сынып 21.01.2015ж
6-модуль. Менің аулам
I.Сабақтың тақырыбы: Біздің аула
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың әріптер мен дыбыстар туралы білімдерін кеңейтіп,сан есімдер, олардың бір түрі-реттік сан есімдер туралы алғашқы түсінік беру;
Ә)дамытушылық: Оқушыларды әріптерді құрап, оқуға, ойын толық айта білуге,сөздерді қазақшадан орысшаға және кері қарай аударуға,ойлай білу мен сөйлеуге, санай білуге, есте сақтау мен жазып үйренуге баулу;
Б)тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
IVСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
V.Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі фигуралар мен қазақтың төл әріптерінің үлкейтілген суреті.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Балалардың сабаққа бар назарын салып тыңдауын ұйымдастыру. Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларға сан есімдер дегеніміз не, оның бір түрі – реттік сан есімдер туралы түісінік беру. Мысалдар келтіру. Мысал келтіру барысында оқушылардың партадағы реттік санын басшылыққа алып, әрқайсысын сөйлету. Орысша аудармасын түсіндіру. Сан есімге қойылатын сұрақтар туралы айту. (Қанша? Неше?) Аула, үй, жеміс ағаштары туралы оқушылармен бірлесе отырып әңгімелеу.
Бейтаныс сөздердің аудармаларын жаттау.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
Тапсырма, сурет бойынша әңгімелеу. Балаға атқою, мысық пен итке ат қойып, ауладағы көріністі әңгімелеу.
Реттік сан есімдерді тізбектей оқу, орысшаға аудару.
Сергіту сәті.Жаттығу орындау.
3-тапсырма, дәптерге күннің жадын, тапсырма нөмірін салып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
VII. Қорытындылау. Реттік сан есімдерге мысалдар келтіру.
VIII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма, сызба бойынша сөйлем құрап жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 22.01.2015ж
6-тақырып Технология жаңалықтары
I.Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту сабағы. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: құрмалас сөйлемдер, олардың бір түрі-сабақтас құрмалас, соның ішінде мақсат бағыныңқылы сабақтас туралы түсіндіру, білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: астарлы ойды аша білу, сөйлем құрау мен ойын ашық айта білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: технологияның әр жаңалығын игере білуге, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі:
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1-тапсырма,мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, қай түрі, қалай жасалып тұрғандығы туралы айту.
Б) Жаңа тақырып. Оқушыларға мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, оның жасалу жолдары мен сұрақтары туралы түсіндіру. Тақтаға мысалдармен бірге жазу.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
Әр оқушыға бір сабақтас құрмалас сөйлем таратылады да, тапсырмалар беріледі.
1-Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, синтаксистік талдау жасау.
2-Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,морфологиялық талдау жасау.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, асты сызылған сөздерге фонетикалық-математикалық талдау жасау
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған сөздерге морфологиялық кешенді сатылай талдау жасау.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,екі сөзге фонетикалық талдау жасау.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған сөздерді септеу.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, асты сызылған сөздерді жіктеу.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған сөздерді тәуелдеу.
VІI. Қорытындылау. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдары мен сұрақтарын айту.
VIIІ.Үйге тапсырма 5-тапсырма,
ІХ.Бағалау.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, синтаксистік талдау жаса.

Жұртқа белгілі шешен, данышпан болған соң, заманындағы хан Жиреншемен қас болған.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,морфологиялық талдау жаса.
Вагонға кірер сыртқы есікті ашып, Асқар далаға қараса, ала шұбар бұлты бар айлы түн екен.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, асты сызылған сөздерге фонетикалық-математикалық талдау жаса.
Біз ұшып шыққалы, он үш сағат болды; жерді көрмегелі, жеті сағат болды.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған сөздерге морфологиялық кешенді сатылай талдау жаса.
Қалған топтың барлығы да сар желіп отырып, Абайларды қуып жетті.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған екі сөзге фонетикалық талдау жаса.

Егер түзу көрінсе, ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған сөзді септе.
Жаңағы мақала жазылған соң, бір-бір мақаладан жібереміз.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып, асты сызылған сөзді жікте.

Қазір ғана тау басынан түссе де, Айдынғали алқынбапты.
Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратып,асты сызылған сөздерді тәуелде.
Абай әкесінің мұнымен сөйлесер сөзі жоқ екенін білгендіктен, күні бойы үнсіз отырды.
Қазақ тілі. 10-сынып 26.01.2015ж
6-тақырып Технология жаңалықтары
I.Сабақтың тақырыбы: Ғаламтордың шығуын білесің бе? Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары мен тыныс белгілері туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: сөз мағынасын аша білу, аударма жұмысы, сауатты оқу, жазу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалар жазылған парақшалар
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Заманауи, жаңа өнертапқыштар құрылғылары туралы ізденіп, жазу.Құрмалас сөйлемдердің түрін ажырату.
Б) Жаңа тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлемдер, олардың тыныс белгілері, мағыналық топтары туралы түсіндіру, мысалдар арқылы бекіту. Жаңа заман жетістіктерінің бірі - ғаламтор туралы түсінік беру, оның пайдасы мен зиянына тоқталу, оқушылар пікірін тыңдау.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1- «Ғаламтордың шығуын білесің бе?» тақырыбындағы мәтінді оқу, түсінгендерін сұрау.
2- мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу, мағыналық топтарын ажырату, тыныс белгілеріне тоқталу.
3-тапсырма, сөйлемдерді сыңарларымен байланыстыру. Синтаксистік талдау жасау.
VІI. Қорытындылау. Ғаламтор, оның желілері туралы әңгімелесу.
VIIІ.Үйге тапсырма 4,5-тапсырмалар (Әлеуметтік желілер туралы сұрақтарға жауап жазу).
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 27.01.2015ж
6-тақырып Технология жаңалықтары
I.Сабақтың тақырыбы: «Балбұлақ» электронды журналымен танысамыз. Бірыңғай мүшелер, олардың тыныс белгілері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен олардың тыныс белгілері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты оқып, жазуға, айқын, көрнекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу;
Б)тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі:
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 4,5-тапсырмалар.
Б) Жаңа тақырып. Оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелері, олардың тыныс белгілері, сөйлемдегі қызметтері туралы түсіндіру. Мысалдар келтіру. «Балбұлақ» электронды журналы, жалпы электронды басылым түрлері мен олардың қызметтері туралы әңгімелеу.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді түсінікті етіп оқу, түснігндерін сұрақтар арқылы бекіту.
4-тапсырма, мәтіннен жаңа сөздерді (неологизм) табу, мағынасын ашу.
3-тапсырма, мәтіннен бірыңғай мүшелерді табу. Сөйлемдегі қызметін анықтау.
2-тапсырма, сөйлемдерді сыңарларымен сәйкестендіру. Синтаксистік талдау жасау.
VІI. Қорытындылау. «Сен қандай электронды немесе басқа да басылымдарды оқисың?», «Қандай мақалалар ұнайды?» тақырыптарында шағын эссе жазу.
VIIІ.Үйге тапсырма Мәтіннен тыныс белгілердің әрқайсысына көңіл бөліп, қойылу себебін түсіндіру.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 2-сынып 27.01.2015ж
7-модуль Менің демалыс күнім. Жүр, «Думанға» барайық!
I.Сабақтың тақырыбы: Аттракциондар
А) білімділік: оқушыларға өлең, сөз тіркесі, етістік туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: уақытты бос өткізбеуге, тәртіптілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 3-тапсырма, жаттау.
Б) Жаңа сабақ. Аттракциондар туралы түсіндіру, олардың бейнесі туралы әңгімелеу, өлең мен сөз тіркесі туралы қайталау, ерекшеліктеріне тоқталу. Етістік туралы түсіндіру. Мысалдар келтіру.
Бейтаныс , жаңа сөздерді бірнеше мәрте қайталау, есте сақтау.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді оқу, орысшаға аудару.
2-тапсырма, етістіктерден сөз тіркесін жасап жазу.
Сергіту сәті. Жаттығу жасау.
4-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
Етістіктерді қосу арқылы, ойдан сөз тіркесін жасап жазу.
VII. Қорытындылау. 5-тапсырма, сөзжұмбақты шешу.
VIII.Үйге тапсырма 6-тапсырма, жаттау, көшіріп жазу, етістіктердің астын сызу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі. 3-сынып 27.01.2015ж
6-модуль. Туған күн
I.Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту сабағы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: тәуелдік, көптік жалғаулары туралы білімдерін кеңейту, буын туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазып, оқуға,өз ойын ашық айта білуге, көркем сөйлеу мен тілдік қорын байыту;
Б)тәрбиелік: кішіпейілділікке, көпшілдікке тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ.
IVСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог.
V.Сабақтың көрнекілігі: Тіл дамытуға арналған шығармалар жазылған қосымша әдебиет
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 4-тапсырма, сөз тіркестіре отырып, сөйлемдер құрап жазу.
Б)Тіл дамыту сабағы. Оқушылармен бірлесе отырып, өткен тақырыптарға тоқталу, еске түсіру, тәуелдік, көптік жалғаулары туралы айтып өту. Буын туралы бұрынғы өткен материалдардан еске түсіре отырып, қайта түсіндіру. Сөздерді мысал келтіріп, буындарға бөлу. Дауысты дыбыс пен буын санының сәйкестігі туралы түсіндіру.
Бейтаныс, жаңа сөздерді бірнеше мәрте қайталау, жаттау.
Тапсырмалар орындау.
6-тапсырма (Ш.Бектуров «Казахский язык») берілген сөздерді буынға бөліп жазу, буын санын анықтау, дауысты дыбыстардың астын сызу.
Сергіту сәті.Өлеңмен жаттығу жасау.
«Лайықты есім» атты тіл дамытуға арналған қысқаша әңгімені
( Ш.Бектуров) оқушыларға мәнерлі етіп оқып беру, түсінгендерін тараулар бойынша оқушылардан сұрау.
Қоянның көжекке «Жолбарыс» есімін беруі.
Қоянның көжекке «Қасқыр» есімін беруі.
Қоянның көжекке «Ақкөжек» есімін беруі.
Мәтін бойынша сұрақтар қоя отырып, әр оқушының пікірін білу.
Әңгімеде не туралы айтылып тұр?
Бұл әңгімеден нені түсіндің, қандай үлгі алуға болады?
VII. Қорытындылау
VIII.Үйге тапсырма Қосымша балалар әдебиеттерінен бір қысқаша мазмұнды әңгімені оқу, баяндау.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 09 .02.2015ж
9-модуль. Қалада.Ауылда.Көмекші есімдер
I.Сабақтың тақырыбы: Ауылда. Менің ауылым
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: септік жалғаулары туралы білімдерін кеңейту, тәуелдік жалғаулары туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: туған жерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 5-тапсырма, мәтінді көшіріп жазу, көмекші есімдердің астын сызу.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесіп отырып, алдыңғы сабақтарда өткізілген септік жалғаулары, сұрақтары туралы білімдерін бекіту сұрақтары арқылы қайталап өту. Тәуелдік жалғаулары туралы түсіндіру. Жалғауларды жазу, мысал арқылы еске сақтау. Жақтары мен түрлері туралы, ерекшеліктері туралы баяндау. Ауыл туралы, туған жер туралы білетіндерін әңгімелету.
В) Бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, сурет бойынша әңгіме құрап айту.
3-тапсырма, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мәтінді толық жазу.
4-тапсырма, сызба бойынша септік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді жазу, септіктің түрлерін ажырату, сұрақтарын табу.
5-тапсырма, Орысша берілген сөз тіркестерін қазақшаға аударып, сөйлемдерді толықтырып жазу.
VII. Қорытындылау. «Ауыл», «қала» сөздерін тәуелдеп айту.
VIII.Үйге тапсырма 1-тапсырма, жаттау, 6-тапсырма, септік жалғаулы сөздердің астын сызу, түрін ажырату, сұрағын табу. Көмекші есімдердің астын сызу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі, 1-сынып 26.01.2015ж
6-модуль. Менің аулам
I.Сабақтың тақырыбы: Біздің үй. Үйлер
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: сөз, сөз тіркестері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Оқушыларды әріптерді құрап, оқуға, ойын толық айта білуге,сөздерді қазақшадан орысшаға және кері қарай аударуға,ойлай білу мен сөйлеуге, санай білуге, есте сақтау мен жазып үйренуге баулу;
Б)тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
V.Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі фигуралар мен қазақтың төл әріптерінің үлкейтілген суреті.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 4-тапсырма, сызба бойынша сөйлемдер жазу.
Б) Жаңа сабақ. Оқушыларға сөз бен сөз тіркесі туралы алғашқы түсініктерді беру. Сөз тіркесінің сөзден айырмашылықтары мен әрқйысысынң ерекшеліктеріне тоқталу. Мысалдар келтіру. Оқушыларға мысалдар айтқызу.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді тізбектей оқу. Жақша ішінде орысша жазылған сөздерді қазақшаға аударып, толықтыру.
2-тапсырма, сурет арқылы сөз тіркестерін жасап жазу.
Сергіту сәті, өлең арқылы жаттығу жасау.
4-тапсырма, диалогті оқу.Орысшаға аудару.
1-тапсырма, сөз тіркестерін көшіріп жазу. Ауызша орысшаға аудару.
VII. Қорытындылау. Сөз тіркестеріне әр оқушыға бір мысалдан айтқызу.
VIII.Үйге тапсырма. 2-тапсырма жаттау, 4-тапсырма, сызба бойынша сөйлемдер жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі, 1-сынып 28.01.2015ж
6-модуль. Менің аулам
I.Сабақтың тақырыбы: Қандай үй.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: сөз, сөз тіркестері туралы білімдерін кеңейту, көмекші сөздер туралы білім беру беру;
Ә)дамытушылық: Оқушыларды әріптерді құрап, оқуға, ойын толық айта білуге,сөздерді қазақшадан орысшаға және кері қарай аударуға,ойлай білу мен сөйлеуге, санай білуге, есте сақтау мен жазып үйренуге баулу;
Б)тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
V.Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі фигуралар мен қазақтың төл әріптерінің үлкейтілген суреті.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау.2-тапсырма, жаттау, 4-тапсырма, сызба бойынша сөйлемдер жазу.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылардаң сөз бен сөз тіркесі туралы алған білімдерін қайта тексеру, сұрақтар қою, мысалдар айту. Көмекші сөздер туралы түсіндіру. Оларды атау, орысшаға аудару. Мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, сөйлемдерді оқу. Орысшаға аудару.
6-тапсырма (108 б) сөйлемдерді көшіріп жазу.
Сергіту сәті. «Көбелек» өлеңі арқылы жаттығу жасау.
3-тапсырма, диалогті тізбектей оқу. Орысшаға аудару.
VII. Қорытындылау. Көмекші сөздерге мысалдар айтқызу.
VIII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма, жаттау, 1-тапсырма, жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі, 3-сынып 09.02.2015ж
I.Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның таулары
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: оқушылардың сөздер мен сөйлемдер, оларды дұрыс жаза білуі,тыныс белгілер туралы білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; Б)тәрбиелік: табиғатты сүюге, құрметтеуге, сұлулықты тамашалй білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сынақхаты
IVСабақтың әдісі: баяндау, бақылау
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сынақхат жұмысы екендігін түсіндіріп, жеке-дара орындауы үшін жағдай жасау.(Оқушыларды жеке отырғызу).
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларды алдымен сынақхаттың мәтінімен екі рет оқу арқылы таныстырып,күрделі сөздерді тақтаға жазып қою. Содан соң мәтіннің әр сөйлемін жеке-жеке мәнермен оқи отырып,( тыныс белгілерге тоқталып),сынақхатты жазуға кірісу.Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей жазуы қадағаланады.Сынақхат мәтіні:
«Қазақстанның таулары»
Қазақстанда Алтай,Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар және Іле Алатауы бар. Тау биіктеген сайын, ауа мөлдір, таза болады. Биік тауларда қар жатады. Таудан мөлдір бұлақтар ағады. Таудың теріскей жағында орман, ал күнгей жағында неше түрлі шөптер өседі.
Орманда саңырауқұлақ өседі. Жазда саңырауқұлақтарды жинап, тұздайды. Ол дәруменді, пайдалы тағам.
Іле Алатауында жабайы алма, өрік ағашы, қайың өседі.
(53 сөз)
VI. Қорытындылау. Сынақхатты басынан бастап, қайта оқып, тексерту.
VII.Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 24.02.2015ж
8-тақырып Мен мамандық таңдаймын
I.Сабақтың тақырыбы: Уақытты дұрыс жоспарлау. Есімдіктің мағыналық түрлері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: есімдіктің мағыналық түрлері , ерекшеліктері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты оқып, жазуға, анық, көрнекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу;
Б)тәрбиелік: уақытты дұрыс пайдалана білуге, үнемшілдікке, жоспар құра білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған парақтар
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. 6-тапсырма, мәтінді қазақшаға аудару, құрмалас сөйлемдердің түріне қарай ажырату, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
Б) Жаңа тақырып. Оқушыларға уақыттың маңыздылығы мен оны жоспарлай білудің қажеттілігі туралы олармен бірігіп отырып түсіндіру. Есімдіктің мағыналық түрлері, ерекшеліктерін айту. Мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, «Уақытты дұрыс жоспарлау» тақырыбындағы мәтінді оқу, мәтіннен есімдіктерді табу, түрін ажырату.
4-тапсырма, берілген пікрсайысты диалогке өз көзқарастарын айту, диалогті жалғастыру.
3-тапсырма, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мәтінді толықтырып жазу. Синтаксистік талдау жасау.
VІI. Қорытындылау. Есімдіктің түрлерін атау, мысалдар келтіру.
VIIІ.Үйге тапсырма 6-тапсырма, бір күнге жасайтын жұмыстарын жоспарлап келу. Категорияларға бөлу. Морфологиялық, синтаксистік талдау жасау.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 2-сынып 27.02.2015ж
9-модуль. Тазалықты сақтайық
I.Сабақтың тақырыбы: Тазалық ережесі
А) білімділік: оқушыларға өлең, сөз тіркесі, етістік туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: тазалыққа, денсаулықты шынықтыруға тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Тазалық жаттау.
Б) Жаңа сабақ Оқушылар көмегімен тазалық, денені таза ұстаудың ережесін шығару. Тазалықтың пайдасы мен тазалықты сақтамаудың залалы туралы баяндау. Тазалықты сақтау құрал-жабдықтарын атау, орысшаға аудару. Сөз тіркесі мен сөйлемніңң ерекшеліктерін түсіндіру. Етістік туралы түсінік беру.
В) Бейтаныс , жаңа сөздерді бірнеше мәрте қайталау, есте сақтау.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді оқу, орысшаға аудару.
2-тапсырма, етістіктерден сөз тіркесін жасап жазу.
Сергіту сәті. Жаттығу жасау.
4-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
Етістіктерді қосу арқылы, ойдан сөз тіркесін жасап жазу.
VII. Қорытындылау. 5-тапсырма, сөзжұмбақты шешу.
VIII.Үйге тапсырма 6-тапсырма, жаттау, көшіріп жазу, етістіктердің астын сызу.
ІX.Бағалау.
Қазақ тілі, 3-сынып 02.03.2015ж
I.Сабақтың тақырыбы: Біздің спортзал
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: оқушылардың қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу, оқу, есте сақтау, сөйлем құрай білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік спортқа бейім болуға, денені үнемі шынықтырып жүруге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөз жарысы.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару. Жақсы психологиялық ахуал тудыру мақсатында, күндей күлімсірей қарап, сәттілік айту.
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларға қазақ тіліндегі төрт жалғаудың ерекшеліктері туралы жеке-жеке сұрақтар қойып, мысалдар айтқызу.
1.Көптік жалғауларын атап, олардың жалғану ерекшеліктеріне тоқтал.
2. Жіктік жалғауларының ерекшеліктерін атап, мысал келтір.
3. Тәуелдік жалғауларының ережесін айтып, мысал келтір.
4. Қазақ тілінде қанша септік бар, атап шық.Орыс тілімен салыстыр.
Оқушыларға «Біздің спортзал» тақырыбында әңгімелеп айту. Сорттық жаттығу түрлері, денені шынықтырудың маңыздылығы туралы өздеріне айтқызу. Спорттық ойындар, мен олардың ерекшеліктері туралы баяндау. (волейбол, баскетбол, футбол, теннис, арқан тартысу, күрес, бокс, т.б.)
Бейтаныс жаңа сөздерді бірнеше мәрте қайталау, аудармасымен жаттау.
Б) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді тізбектей оқу, орысшаға аудару.
1-тапсырма (жазба) мәтіннен септік жалғаулы сөздерді табу, теріп жазу, сұрақтарын табу.
Сергіту сәті, жаттығу жасау.
2-тапсырма, берілген спорттық құрылғыларды қоса отырып, сөйлемдер құрап жазу.
3-тапсырма, жаңылтпашты бірнеше мәрте қайталап оқу, жатқа айту.

VI. Қорытындылау. 4-тапсырма, жүгіру, ауыр атлетика, ұзындыққа секіру, күрес – спорттық ойындарының тақырыбында ауызша жұмыстар жасау.
(тақырып бойынша 10 сөз айту, ең көп әріптен құралған сөздер айту, ең ұзын сөйлемді ойлап айту, екі оқушы бір-біріне сұрақ қойып жарысу)
VII.Үйге тапсырма. «Олимпиада чемпионы» тақырыбында эссе жазу.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі, 3-сынып 03.03.2015ж
I.Сабақтың тақырыбы: Спортзалда
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: атау, ілік септіктері туралы, п-б дыбыстарының жалғау жалғанғандағы өзгерістері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу, оқу, есте сақтау, сөйлем құрай білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа бейім болуға, денені үнемі шынықтырып жүруге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, диалог, сұрақ-жауап.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Жаңа сабақ. Оқушылардан септік түрлері мен атаулары туралы сұрау. Атау және ілік септіктері туралы түсіндіру, сұрақтарын айту, мысалдар келтіру. Жалғауларына тоқталу. Кім, не? сұрақтарының қойылу ерекшеліктерін түсіндіру. Орыс тілінен айырмашылығын түсіндіру. (Орыс тілінде жан-жануарларға кто?- десе, қазақ тілінде не?- дейді. Ілік септігінің жуан, жіңішке жалғауларына назар аудару.Септік атауларының астарына үңілдіріп, аталуы мен жалғауларына мән беру. П дыбысынан аяқталатын сөздердің жалғау жалғанғандағы б дыбысына айналу ерекшеліктерін түсіндіру.
Бейтаныс жаңа сөздерді бірнеше мәрте қайталау, аудармасымен жаттау.
Б) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, диалогті екеуара оқыту, орысша оқыту.
1-тапсырма, (жазба) атау немесе ілік септігінде тұрған сөздерді теріп жазу, сұрақтарын анықтау.
2-тапсырма, берілген сөз тіркестерін жекеше түрде тәуелдеп жазу. Ілік септіктердің астын сызу.
Сергіту сәті. 3-тапсырма бойынша, жаттау негізінде жаттығу жасау.
5-тапсырма, бір спорттық құралды қойып, пирамида әдісімен сөйлем құрау.
VI. Қорытындылау. 6-тапсырма, диалогтің арасынан кез –келген сөйлемнің орысша аудармасын айту арқылы, тапсырмадан оның қазақша баламасын тауып айтқызу.
VII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма, орысша берілген сөз тіркестерін қазақшаға аударып, сөйлемдерді толықтырып жазу. 3-тапсырма жаттау.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 03.03.2015ж
8-тақырып Мен мамандық таңдаймын
I.Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту сабағы
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: тұрақты тіркестер білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты оқып, жазуға, анық, көрнекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу;
Б)тәрбиелік: әдептілікке, ізденімпаздыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиет «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Б) Жаңа тақырып. Оқушылардан сөз тіркесінің ережесін сұрау, мысалдар келтіру. Сөз тіркестерінің түрлеріне тоқталу, еркін және тұрақты сөз тіркестерін ажырата білу жолдарын түсіндіру. Сөйлемдегі қызметі, қойылатын сұрақтары туралы айту.Мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, тұрақты сөз тіркестерін жазу, антоним бола алатын тіркестерді атап шығу.
2-тапсырма, тұрақты сөз тіркестерін айту, оларға синоним сөздерді ойлап табу.
3-тапсырма, тұрақты сөз тіркестерін жазу, мағыналарын табу.
VІI. Қорытындылау. Берілген шашыраңқы тұрақты сөз тіркестерін орын-орнына қойып жазу.Мағынасын ашу.
VIIІ.Үйге тапсырма Төмендегі тұрақты сөз тікестерін қатысытырып сөйлемдер құрап жазу. Бағы жанбады, су сепкендей басылды, көзді ашып-жұмғанша, айы оңынан туды, мойны жар бермеді, маңдай терімен тапты, ақ көңіл жан.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі, 3-сынып 05.03.2015ж
I.Сабақтың тақырыбы: Спортшы Бейбіт
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: оқушылардың сөздер мен сөйлемдер, оларды дұрыс жаза білуі,тыныс белгілер туралы білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; Б)тәрбиелік: табиғаттың әсемдігін, көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне біліп, табиғатты бағалауға тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сынақхаты
IVСабақтың әдісі: баяндау, бақылау
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сынақхат жұмысы екендігін түсіндіріп, жеке-дара орындауы үшін жағдай жасау.(Оқушыларды жеке отырғызу).
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларды алдымен сынақхаттың мәтінімен екі рет оқу арқылы таныстырып,күрделі сөздерді тақтаға жазып қою. Содан соң мәтіннің әр сөйлемін жеке-жеке мәнермен оқи отырып,( тыныс белгілерге тоқталып),сынақхатты жазуға кірісу.Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей жазуы қадағаланады.Сынақхат мәтіні:
«Спортшы Бейбіт»
(56 сөз)
VI. Қорытындылау. Сынақхатты басынан бастап, қайта оқып, тексерту.
VII.Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі, 1-сынып 04.03.2015ж