Планирование на тему «Білгір сынып-2015» 4-сынып


«Білгір сынып -2015» сайысы
Мақсаты : 1. 4-сыныптар арасындағы үздік сыныпты анықтау
2. Математика пәні бойынша білімдерін анықтай отыра, оқушылардың білімге деген
ұмтылысын нығайту
3 Ұжым болып жұмыстануға тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Жүрісі:Құрметті ұстаздар, білімге құштар шәкірттер!
4-сыныптар арасындағы өтетін «Білгір сынып -2015» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
Математика керек әр күнде
Математика керек әркімге
Есеп керек өмірде
Есепсіз білім білім бе
Сайыс барысында математика пәні бойынша төртінші сыныптықтардың білім дәрежесі сыналады.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы –білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан Әл Бируни. Бүгінгі сайысқа қатысқалы тұрған топтарды таныстырып өтейік.
4а сыныбынан «Үшбұрыш» тобы
4ә сыныбынан « Төртбұрыш» тобы
4б сыныбынан «Шаршы» тобы
4в сыныбынан « Дөңгелек» тобы
Бүгінгі сайыс түрлері
І . Әр топ өздерін таныстырады, амандасу рәсімі
ІІ . «Қас қағым сәт» Топқа ортақ сұрақ
ІІІ.«Тапқыр болсаң тауып көр» (логикалық сұрақ)
ІV. « Біліктілік» сайысы (есептер шешу)
V . Әр топ атына сай ой-пікірлерін қорғау
VІ. «Ойымды жалғастыр» санға қатысты берілген мақал-мәтелді жалғастыр
Асықпайық, саспайық
Есептеуден қашпайық
Сайысымыздың алғашқы
«Таныстыруын» бастайық
Сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша таныстыруды бастайық.(Әр топ өздерінің таныстыруын
айтады)
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие тәлім алар ма? дегендей, бұл бәйге -ойдың бәйгесі.
Екінші бөлім «Қас қағым сәт» Топқа ортақ сұрақ
Уақытты қалай табамыз
4 қойдың аяғы нешеу
Ұзындығы 14 см,ені 5 см тіктөртбұрыштың периметрі
Ең үлкен бес таңбалы сан
5 тәулікте неше сағат бар
Қиылыспайтын түзулер
1 дм-де неше мм бар
Бұрыш түрлерін ата
Бесбұрыш неше кесіндіден тұрады
3 мүшел неше жыл
Ауылда 4 күн,4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты
Дүниенің неше бұрышы бар
Бір адам ауылға бара жатыр еді, оған 3 танысы қарсы кездесті.Қанша адам ауылға барды
Екі нүктенің арасындағы түзу
Барлық қабырғалары тең төртбұрыш
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда
Сенбіден кейін 2 күннен соң қай күн келеді
126 мен 7 дың көбейтіндісі
Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны
Құрамында әріпі бар теңдік
Үшінші бөлім «Тапқыр болсаң тауып көр» (логикалық сұрақ)
1-сұрақ.Теңізге төгілген бір тонна мұнай 12 м2 су бетін жұқа қабат қылып жабады.Бір жыл ішінде теңіздерге 10 млн тонна мұнай төгіледі. Бір жыл ішінде теңіздер мен мұхиттар беттері неше м2 мұнаймен жабылады ?
1-сұрақ.Теңізге төгілген бір тонна мұнай 12 м2 су бетін жұқа қабат қылып жабады.Бір жыл ішінде теңіздерге 10 млн тонна мұнай төгіледі. Бір жыл ішінде теңіздер мен мұхиттар беттері неше м2 мұнаймен жабылады ?
Бәріне белгілі,тұщы су қоры өте аз.Краннан 1 мин ішінде 3 л су канализацияға ағып кетеді Қоңырау кезінде дұрыс жабылмай қалған 3 краннан неше л су ағып кетеді? (қоңырау 15 мин)
4.Ертеде кедейшілікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты.Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып,ұрылар келеді. Кемпір: Ә,бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен,мен бұларды алдайын деп ойлайды.Сөйтіп бір шелек суды сапырып отырып,мынадай өлең айтады:
Суырып суырып Сарманға бер
Құйып құйып Құрманға бер
Есіктегі екеуге бер Өзің іште маған бер деген екен
Мұны естіген ұрылар: Қой мұнымыз жарамас,бұл үй толы кісілер екен, әрі біреуі бізден артық екен,кетейік деп кетіп қалады. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылайша қорқытыпты. Сонда үйдегі адам саны нешеу, ұрылар нешеу болғаны?
Ұзын, ұзын, ұзын жол
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су
Түбіне жеткен бар ма екен? , дегендей келесі төртінші бөлімде деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Айша 4 жыл ішінде 958 ағылшын сөзін жазды.1-сыныпта 105 сөз,ал 2-сыныпта одан 86 сөз көп,ал 3 –сыныпта 1 және 2 сыныпта қанша болса, сонша сөз жазды. Қалғанын 4-сыныпта жазды. Айша 4-сыныпта неше сөз жазды
ІІ деңгей
3 мектепте 2870 оқушы оқиды. 1-мектпете 975 оқушы, 2-мектепте біріншіге қарағанда 129 оқушы кем. Қалғаны 3-мектептің оқушылары.Үшінші мектеп оқушылары біріншіге қарағанда нешеуі артық
ІІІ деңгей
Автобуста отырған жүргіншілердің жартысы және 4 адам шыққаннан кейін автобуста 32 адам қалды. Автобуста неше адам болған.
Мықты болсаң- алдағыны басып оз
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе
Мықты болсаң-тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң- бөгеттерді бұзып өт,демекші бесінші бөлімде әр топ атына сай ой-пікірлерін қорғайды
Келесі алтыншы соңғы бөлім «Ойымды жалғастыр» деп аталады, бұл кезеңде әр топқа 5 мақалдан беріледі, мақалдың жалғасын табады.
«Үшбұрыш» тобына
1.Жеті жұрттың тілін біл, ...
2. Жүздің түсін білгенше, ...
3. Тойған үйге ... бар
4. Айла алтау, ақыл ...
5. ... қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық
« Төртбұрыш» тобына
Бір елі ауызға, ...
30 тістен шыққан сөз , ...
Екі аяқтыда бажа тату, ...
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ...
Досыңды үш күн сынама, ...
«Шаршы» тобына
Бір елі ауызға, ...
30 тістен шыққан сөз , ...
Екі аяқтыда бажа тату, ...
Алтау ала болса ауыздағы кетеді, ...
Досыңды үш күн сынама, ..
« Дөңгелек» тобына
Бір кісі қазған құдықтан, ...
2. Құтты қонақ келсе, ...
3. Біреу тойып секіреді, ...
4. Жүзден жүйрік, ...
5. Екі жақсы қас болмас, ...
Жарысып, қарсыласып біз ойландық
Білімділік көрсетіп те сыналдық
Жеңсек те, жеңбесек те ренішсіз болалық
Әділқазы алқасының нәтижесін тыңдалық ,дегендей білім жолы ұзын жолда төртінші сыныптардың білім дәрежесін сыналған сайыс мәресіне жетті.Енді сайыс қорытындысын тыңдау үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.
Қорытындылау
Марапаттау