Наурыз к?же ашы? саба? жаспары


Сабақ өтілетін күні:
Сабақ тақырыбы:
Әдебиеттік оқу 2 - сынып. Наурыз көже (Н.Қазыбеков)
Жалпы мақсат:
Наурыз мейрамы жайында түсінік беру. Наурыз көженің құрамымен таныстыру.
Нәтижесі:
1.Тірек сөздерді таба біледі.
2.Мәтін мазмұнын түсінеді.
3. « Наурыз» сөзінің мағынасын ашады.
4. Наурыз көженің құрамын біледі.
Сабақта қолданылған модульдер, әдіс-тәсілдер:
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Блум таксономиясы.
Сілтеме:
Әдебиеттік оқу 2 сынып Атамұра 2013жыл.
Н. Қазыбеков өмірі мен шығармашылығы.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Power Point презентациялар ,слайд, түрлі түсті қағаздар стикерлер, маркерлер, бетшелер, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де!
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!
Үй тапсырмасын тексеру
Білу 
«Кір жаятын жіп» әдісі
Оқушыларға «Ұзынсары» мәтіні бойынша тірек сөздер жаздырту.
Оқушыларды қызыл, сары, көк түсті қағаздар таңдату арқылы топқа бөлу.
«Миға шабуыл»
Наурыз туралы бұрыннан білетіндерін еске түсірту, сызбаға толтырту.
наурыз
Жаңа сабақты меңгерту
Нұрқасым Қазыбеков туралы мәлімет беру.
Үй тапсырмасы бойынша жазған тірек сөздерді айтады, мәтін мазмұнымен сәйкес келетін жерін әңгімелеп береді, сөзді іледі.
Түстерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді, топ ережесін еске түсіреді.
Наурыз жайында білетіндерін еске түсіреді, сызбаға түсіреді, жұмыстарын қорғайды.
Автор туралы мәлімет алады.
Түсіну
«Джигсо» әдісі
Талқылау сұрақтары:
-Наурыз сөзінің мағынасы қандай?
-Қазақ халқы наурыз күнін басқаша қалай атаған?
- «Ұлыстың ұлы күнінде адамдар не істейді?
-Наурыз тойының мақсаты қандай?
- Наурыз тойында не пісіріледі?
- Наурыз көже жасау үшін нелер қажет?
- Наурыз көжені не үшін жасайды деп ойлайсың?
Оқушылар мәтінді жеке түсініп оқиды;
Жұппен бір-біріне түсіндіреді;
Баяндамашы топқа түсіндіреді.
Оқығаны, түсінгені бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті
Наурызға арналған ән.
Бойларын сергітеді.
Қолдану.
Тауып оқу.
-Наурыз жайында айтылған жолдарды тауып оқы.
-Наурыз тойының мақсаты жайында жазылған жолдарды тауып оқы.
-Наурыз көженің жасалу жолы жайында жазылған жолдарды тауып оқы
« Қара –жап-айт –жаз- тексер»
Наурыз көже құрамы:
Бидай,тары,қамыр,бұршақ,ет, тұз сүт.
Кездесуге келген әжей наурыз көженің жасалу жолымен таныстырады.
Мәтіннен тауып оқиды.
Наурыз көженің құрамын
жазады.
Наурыз көже құрамы туралы білімдерін толықтырады.
Талдау.
Сәйкестендір
Наурыз тілейді
Жақсылық 7 дәмнен құралады
Наурыз көже жыл басы,жаңа күн
Өкпе-араздық құшақтасып көріседі
Жас-кәрі ұмытылады
1-ші бағандағы сөздерді 2-ші бағандағы сөздердің тиістісімен сәйкестендіреді.
Жинақтау.
«Бес жол өлең» стратегиясы
1 топ наурыз
2 топ наурыз көже
3 топ көктем
Бес жол өлең арқылы ой қорытады.
Бағалау
Табыс критерийін толтырту
Жинаған ұпайларына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқу.
Наурыз мерекесі жайында ізденеді.
Кері байланыс
Тақырып бойынша түсінген, түсінбегенін стикерге жазып ілу.