Сауат ашу жене жазу. Саба?ты? та?ырыбы: О о дыбысы мен ?рпі.
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Сауат ашу жене жазу.
Сабақтың тақырыбы: О о дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: О дыбысы мен әрпін таныстыру, сөз ішіндегі
ерекшелігін меңгерту. Дыбыстардың дауысты
және дауыссыз екенін ажырату, дыбыстық талдау
Дамытушылығы: жасауға баланың ойлау қабілетін, сөздік
қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Ертегі түрімен, ойын, түсіндіру
Көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, суреттер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекетіҰйымдастырушылық-оятушылықҰйымдастырушылық-ізденушілікҚорытындылау.
Өзін-өзі бағалау
Балалар сендердің көңіл- күйлерің қандай ?
Сабағымыз көтеріңкі көңіл –күйде өту үшін мен сендерді шаттық
шеңберіне шақырамын. Бір-бірімізге мақтау айтып қуаныш, сыйлап көрейік.
Қолымыздағы гүлді әркім өзінің жанындағы досына тілек айта отырып,
сыйлайды.
Еліміз тыныш болсын.
Аспанымыз ашық болсын.
Ұйқымыз тыныш балсын.
II «Мен айтайыншы» ойыны.
Ауаға өткен әріпті жазамын,сіздер сол әріпті табасыздар
А, Н, С, Ш, У
Мыс: Н қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Балалар біздер ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Орманда нелерді көріп тұрмыз?
Мынау ненің суреті?
Бұл қоян сендерден көмек сұрап келіп отыр,қоян ормандағы үйіне барайын
десе , барлық аңдар жолына тұрып алыпты.. Балалар қоянға шытырман жолдар арқылы үйіне жетуге көмектесейік. Қоянға көмектесеміз бе?
Ол үшін жолда тұрған аңдардың тапсырмасын орындауларың қажет.
III Аң патшасы Арыстан.
Арыстан сендерге сандық алып келіпті. Сандықтың түсі қандай?
Сандықтың ішінде не бар екенін табу үшін жұмбақ шешеміз.
Оспан да өлең, жаттады
Олжас та, өлең жаттады.
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары.
Жұмбақтың шешуін таптық.Енді сандықта не бар екен.
Мынау не?
Сақина қандай әріпке ұқсайды.
Бүгін біз от, орақ, орамал,ожау сөздерінің басында кездесетін О дыбысымен танысамыз.
О дыбысын тақтаға ілу.
Ауада жазу, тақтаға жазу.
О дыбысын бәріміз бірге айтайықшы?
О дыбысы қалай айтылып тұр.
Олай болса, ол қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз.
IY.Аюдың тапсырмасы.
«Сөз ойла, тез ойла.»
Мына суреттегі заттарға қарап сөз ойлайық.
Орамал, от, орақ т.б.
Орамал сөзін кубик арқылы жазу.
Y. Жолбарыстың тапсырмасы«Мен бастаймын сен аяқта»
Мен сөйлемді бастаймын сендер аяқтайсыңдар.
Бөлмеде әдемі ойыншықтар көп.
Кубик арқылы жазу неше сөзден тұратынын айту.
YI Қасқырдың тапсырмасы.
Сан арқылы сөз табыңдар. Шешуін текшемен жазыңдар
3 2 3 2 1 2 4 1 2 3
Н А Н А Т А О Т А Н
YII Түлкінің тапсырмасы
Сергіту сәті
YIII Дәптермен жұмыс
О дыбысын үлгіге қарап салу .О дыбысын мозайкадан құрастыру.
Балалар қоянға біз өткен сабақта алған білімімізді, жаңа сабақта алған біліктілігімізді, күштілігімізді,көрсету арқылы қоянды үйіне жетуге
көмектестік қоян сендерге риза болып үйіне келді.
IX «Кім көп жұлдызша жинайды » ойыны
Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
О дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Тамаша.
Дауыссыз дыбыс.
Көк текшемен.
Аңдарды.
Қоян.
Ия.
Қызыл.
( О )
Сақина.
О дыбысына.
Созылып айтылады.
Дауысты дыбыс.
Қызыл текше.
Мамамда ---------- орамал бар.
Менде доп --------.
Бөлмеде --------ойыншықтар көп.
Оқу іс-әрекеттен күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: О әрпімен танысты, дауыссыз дыбыс екенің білді.Игерді: О әрпі бар сөздер ойлату, сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасауды білді.Меңгерді: Сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.