Баяндама «Бастауыш сыныпта ?олданылатын дидактикалы? ойындар – баланы? ойын дамытуда?ы басты ??рал»


Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындар – баланың ойын дамытудағы басты құрал»Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түседі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының ой белсенділігін дидактикалық ойындар арқылы дамыту қажет болып отыр.Ал, дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты- бағдарламада анықталған пәндер бойынша білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін анықтап және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқушылардың ойын жетілдіре оқыту әдісі өз деңгейіне көтеріледі.Сынып проблемасын алуға негіз болып отырған бұл өзекті мәселеден мен де тыс қалған жоқпын. Алдыма келген бүлдіршіндерді заман талабына сай оқытып, тәрбиелеудің жолдарын іздестірдім. Қай ұстазды болсын алаңдататын бір жәйт ол баланың дербестік іс-әрекеті, сабақта баланың ойын дитактикалық ойындар арқылы дамыта білу қабілеті. Осы мәселелерді зерделей келе әдістемелік проблемасының тақырыбын «Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындар – баланың ойын дамытудағы басты құрал» - деп алдым.Баланың ойын дидактикалық ойындар жұмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар: 1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (құрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқалар)2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жұмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп ойнату,ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады.3.. Әр бөлімінде халқымыздың ұлттық ойындарын қолданамыз.4. Осы сабақтарды қызықты өткізу үшін математика сабағынан есеп шығару ойындары, әліппеден әріптер жайлы ойындар (әріптерді шапшаң тауып, орнын табу), дене шынықтыру сабағынан қимыл-қозғалыс ойындарын, яғни әр пәнге дидактикалық ойындарды қолдандым.5. Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын,ойлау қабілеттерін қалыптастыру.6. Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, сауалғылар қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру.7. Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту. Бастауыш сыныптарда ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруымыз керек: 1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. 2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.3. Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.4. Ойынның жүру барысында балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. «Бұл қалай өзгерген?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгерту үшін жүргізіледі. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.Ор-өр сұр-сүр терек-зерекТор-тер сан-сән көл-шөл- төл «Орнына қойып жаз» ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.Ойын тәртібі: сынып 3топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.Құл ұ/ы н сө с/з кө н/м беЖұлд ұ/ы з Қорға н/м бек а щ/ш ыШе к/г ара сә н/ң қой түлк ү/іФонетикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін тиянақты, жүйелі етуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.Дыбыс емес таңба. Әрі дауысты, әрі дауыссыз. Түнде жоқ, кеште бар,Оқылмайды, жазылады . Әрі жуан, әрі жіңішке. Отта жоқ, пеште бар.Біраз сөзден табылады. Бұл қай дыбыс? (ш)(ъ, ь) (у)«Кім көп біледі?» ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рольдерін ауыстырып отырады.Мысалы: 1) ара-жәндік 2) алма-жеміс 3) ою-затАра-құрал алма-қимыл ою-қимыл«Ойлан тап» ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады. Ойын тәртібі. Мұғалім бір сөзді ақырын ғана айтады. Оқушылар сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді табады. Мысалы, мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы, «Отан» десек, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді.Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.«Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады. Мысалы, сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры тағы басқа сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады. Сәбіз,қияр, картоп-көкөністер т.с.сОқыту жүйесіндегі оқушылардың ойлауын дамытудағы дидактикалық ойын арқылы жүргізілген тәжірибелік жұмыстар. Әр сабаққа ойын түрлерін орнымен қолдану арқылы оқушылардың оқуға ынтасын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруымызға болады.Сондықтанда өзімнің тәжірибелік жұмысымды 1- нші ; 2- нші және 4- нші сыныптарында жүргіздім.Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Сабақта қолданылатын ойын түрлері кең: «Кім жылдам?», «Кім көп біледі?», «Не өзгереді?», «Почта», «Үндемес». Ойын кезінде мыналар ескеріледі: жоспарлау, дайындау, іске асыру, ойын шарттарының дұрыстығын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынас,тәртіп. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.