Тренерлік саба?тар (1-саба? та?ырыбы: Б?дан ?рі даму ба?ыттары мен басымды?тарын аны?тау ?шін жеке т?л?аны? ??ндылы?тары мен к?з?арастарын на?тылау, 2-саба? та?ырыбы: О?ыту ж?не о?у ?дістемесін жетілдіру ма?сатында зерттеу ж?ргізу ?ажеттігін)


Апта Күні: 4- күн Тренер С. И. Мирманова Өткізілетін орны: Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп
Тақырыбы 1-сабақ: Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау.
Мақсаты Мұғалімдер зерттеулер мен жетілдіру арқылы кәсіби дамудың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
Оқыту нәтижесі Мұғалімдер құндылықтар мен басымдықтар жүйесіне қатысты өздерінің көзқарастарын дәлелдейді, сыныптағы жағымды атмосфера және ұжымдық сезімнің қалыптасуы үшін ұжымның тәртібі мен ұйымдастырушылығының мәнін бағалайды.
Түйінді идеялар 1) Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жөніндегі жұмыстағы көпнұсқаулық мұғалімнің кәсіби рөлінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
1-сабақ Тренердің іс-әрекеті Тыңдаушыныің іс-әрекеті Ресурстар
Сергіту сәті
(3 минут)
Команда құруға арналған жаттығу
(3 минут)
ТӘЖІРИБЕДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ
(20 минут)
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
(20 минут)
Рефлексивті қорытынды (С тыңдаушы)
(10 минут)
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫҢЫЗ, ҰСТАНЫМЫҢЫЗ ЖӘНЕ ТИІСТІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ ТУРАЛЫ ИДЕЯЛАРЫҢЫЗДЫ ДАМЫТУ
(20 минут)
Кері байланыс
Кейінгі жұмыс
«Мен қандаймын?» Мақсаты: Екі қолмен жұмыс істегенде мидың екі жағы да іске қосылуын қамтамасыз етеді.
-Тыңдаушы әріптестер! Сіздер оң қолмен де , сол қолмен де 1-ден 10-ға дейін сандарды бірдей мезгілде жазып шығуларыңызды өтінемін. Сіздердің жазулардың әдемі не нашар жазуға басты көңіл аударылмауы тиіс.Сіздер өз жазуларыңа ұқсас жұп сандарға және тақ сандарға назар аударып өз жұптарыңызды табуларыңызға болады.
Команда құруға арналған жаттығу.
Ендеше, осы сандар арқылы «Санамақ» ойынымен топтарға бөлінсек...
- Бір, екі, үш,
Біз жинаймыз күш.
-Төрт, бес,
Кемеңді алға ес!
Төменде бір мұғалімнің өз мақсаттарына қол жеткізу және өз тәжірибесін дамыту үшін стратегиялық іс-әрекетті қалай пайдаланғаны туралы оқиға беріледі.
Тәжірибедегі құндылықтар, ұстаным және стратегиялық іс-әрекет.
Бұл мұғалімнің бастаманы қалай қолға алып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу мен дамыту үдерісін ұйымдастырғанын топтағы басқа қатысушылармен бірге талқылаңыз.
Бұл тапсырманы Сіз басқа екі мұғаліммен бірге орындауға тиіссіз. Сіз үш адамнан тұратын топта (A, B және C) жұмыс істей отырып, шағын топтағы пікірталас арқылы өзіңіздің кәсіби құндылықтарыңыз бен міндеттеріңізді талдауға тиіссіз.
Кәсіби рөл
Құндылықтар мен мүдделер
Дамыту бойынша жұмыс
Мектептік даму басымдықтары
Кеңес алу
Күшті жақтары
Қажеттіліктер
Төменде берілген кестелерді толтыру үшін құндылықтар, ұстанымдар мен стратегиялық іс-әрекеттер туралы не білгеніңізді пайдаланыңыз. Бұл тапсырма Сізге не қажет екендігін, қандай өзгеріс енгізгіңіз келеді және өзгерісті қалай енгізе алатыныңыз туралы сіздің ойларыңызды дамытуға
көмектеседі
«Үш М және Ә»
«Мен қандаймын?
1-3. Мен батылмын
5-7-9. Мен ақылдымын
2-4. Мен іскермін
6-8. Мен өз- өзіме сенімдімін
-Бір, екі, үш,
Біз жинаймыз күш.
-Төрт, бес,
Кемеңді алға ес!
«Дипактың оқиғасын» оқиды, талқылайды «Үш қадамдық сұхбат» 1.А Ә ден, В Б дан
2. Ә А дан Б В дан
3. 4 адамдық топ ішінде
Мұғалімнің құндылықтары
Мұғалімнің ұстанымы;
Мұғалімнің өзгерістер енгізу үшін алдын ала қолданатын стратегиялық іс-әрекеті.
Құндылықтарыңыз, ұстанымыңыз және тиісті стратегиялық іс-әрекеттеріңіз туралы идеяларыңызды дамыту (Білім беру платформасын қара).

A B-ға төменде жазылған сұрақтарды қояды. C В-ның жауаптары туралы ескертулерді жазады.
(Қорытындысында, C В-ға оларға рефлексивті қорытынды жазуға көмек көрсету үшін түсініктеме береді. Осы қорытындыдан кейін сіздің портфолиодағы тәжірибелік дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл жұмыс кейін үш мұғалімде де «сұхбат» беру мүмкіндігі болатындай етіп құрылады, топтағы әрбір адам әртүрлі позицияда болуы мүмкін.)
Постермен жұмыс
Стратегиялық іс-әрекет – Өзгерістер енгізуім үшін менің не істеуім керек?
Ұстаным – Мен оны қандай түрде көргім келеді?
Құндылықтар – Мен үшін не маңызды? Менің нені өзгерткім келеді?
Тыңдаушы игерген үш мәселе және жақсартуға тиіс үш мәселені атап көрсетеді.
Кейінгі жұмыс: Өз блогтарында бір күндік сабақтарының
қорытындысы туралы өз пікірлерін білдіру.
Қосымша оқу:
Қағаз, маркер
Мәтін. Әрбір оқиғада мыналарды белгілеу үшін, түрлі-түсті үш қарындаштар
Сұрақ жазылған кеспе қағаздар
Сіз қандай мектепте жұмыс істейсіз? Сіз онда қанша уақыт жұмыс істейсіз? Мектептегі Сіздің рөліңіз қандай? Ол сыныптағы жұмысқа ғана негізделген бе немесе Сіздің қандай да бір әкімшілік міндеттеріңіз немесе ерекше жетекші (жетекшілік) рөліңіз бар ма
Сіздің негізгі кәсіби құндылықтарыңыз қандай? Сіз негізінде білім беруде нені маңызды деп санайсыз
Сіз сабақ беруден басқа қызметтерді атқарасыз ба немесе арнайы тапсырмалар орындайсыз ба? Сіз бұрын өз еркіңізбен қосымша қандай да бір жобалар немесе бастамаларға қатыстыңыз ба? Сіздің жолыңызда қандай күрделі міндеттер тұрды?
Қазіргі уақытта сіздің мектебіңізде оқытудың қай салаларын дамыту қажет? Басымдықтары қандай? Осы басымдықтарды алға жылжытуға сіз қалай көмек берер едіңіз?
Егер мектепте жобаны жүзеге асыруды қаласаңыз, сіз кіммен кеңесуге тиіссіз? Сізге қандай дағдылар мен қасиеттеріңізді дамытуға тура келеді?
Сіздің ойлауыңызша, даму үшін сізге қандай қолдау қажет болады?
Нұсқаулық,постер және түрлі-түсті қарандаштар
Стикер
Нұсқаулық, интернет желісі, бағдарлама
Апта Күні: 4-күн Тренер С. И.Мирманова Өткізілетін орны: Қазыбек бек бекетіндегі орта мектепТақырыбы 2-сабақ: Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу
қажеттігін негіздеу және мойындау. Сыныптағы психологиялық ахуал.
Мақсаты Мұғалімдер зерттеулер мен жетілдіру арқылы кәсіби дамудың қажеттілігі
туралы қорытынды жасайды.
Оқыту нәтижесі Мұғалімдер құндылықтар мен басымдықтар жүйесіне қатысты өздерінің көзқарастарын дәлелдейді, сыныптағы жағымды атмосфера және ұжымдық сезімнің қалыптасуы үшін ұжымның тәртібі мен ұйымдастырушылығының мәнін бағалайды.
Түйінді идеялар 2) Жетілдіру жөніндегі жұмыс тек қана мұғалімнің өз тәжірибесін жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге мектептегі басқа да мұғалімдердің тәжірибесіне әсер ете алады.Табысты оқыту мен оқудың маңызды аспектісі ретінде оқуды
оңтайландыруға, мұғалім мен оқушыларды өзін-өзі іске асырудан қанағаттану сезімін қамтамасыз етуге, жақсы және ұйымдасқан жұмыс ахуалын сақтап тұруға әсер ететін өзара қарым-қатынас сипатын түсіну.
1-сабақ Тренердің іс-әрекеті Тыңдаушыныің іс-әрекеті Ресурстар
Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу
4-минут
1- жаттығу.
А)
ОҚУ МӘДЕНИЕТІ СІЗДІҢ СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРТІБІНЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
(20 минут)
СІЗДІҢ СЫНЫПТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАНДАЙ? ОЛ ОҚУШЫҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
20 минут
2-жаттығу. ОҚУШЫҒА ӨЗІНІҢ ТҮСІНБЕГЕНДІГІН МОЙЫНДАУЫ МАҢЫЗДЫ ЕКЕНІН ТҮСІНУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАМЫЗ? МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ КЕҢЕЙТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
15 минут
МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
15 минут
БОЛАШАҚТЫҢ МЕКТЕБІ
10 минут
Кері байланыс
4 минут
Келесі тапсырма:
2 минут Сергіту сәті 2-сабақ
Мақсаты: Екі қолмен жұмыс істегенде мидың екі жағы да іске қосылуын қамтамасыз етеді.

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу.
Мына сұрақтар төңірегінде ойланыңыз:
«Қарлы кесек» стратегиясы
«Социометрия» әдісі -кесте. Сыныптағы мұғалім мен оқушы мінез-құлқының түрлерін жіктеу
Сіздің сыныбыңызда эмоциялық деңгей тұрақты ма әлде ол сабақ барысында өзгеріп тұра ма?
Психологиялық жағдайлардың өзгеруіне не ықпал етеді?
Бұл өзгерістерді сіз қалай анықтадыңыз?
Эмоциялық ахуал барлық оқушылар үшін бірдей ме?
Психологиялық жағдайдың өзгеруіне оқушылар қалай қарайды?
Сіз өз әріптесіңізді сіздің сабақтарыңызды бақылап, сыныптың психологиялық жағдайын анықтауда өз ұсыныстарын беруін сұрай аласыз.
Психологиялық жағдайды әдейі өзгерткіңіз келген жағдайлар болды ма?
Сабақтағы жеке оқушылармен және топтармен жұмыста сіздің іс-әрекетіңіз қаншалықты жүйелі болып келеді?
Сіздің беріп тұрған материалыңыз оқушылардың түсінуіне, қабылдануына қиын болса, бұндай жағдайда не істейсіз? Бұл олардың өзін-өзі бағалауды дамытуда маңызды болып саналады. Сiз қолданатын сөздер оқушыларға қиындықтардың пайда болуы қалыпты құбылыс екендігін және де бұны мойындау оқытудың маңызды бөлігі болып табылатындығын көрсетеді.
Жаңа не үйрендіңдер?
Бәрінен де неге риза болдың?
Сізге ең оңайы не болды?
Сізге не ерекше қиын болды?
Өз проблемаңызды шешуге не көмектесті?
Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де өзгеріп тұрады. Бұл жаттығу мұғалімге оқушылардың күнделікті қарым-қатынасын, ол қарым-қатынасты оқушы өзіне қалай елестететінін және оларды қалай өзгертуге болатынын анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды ұсынады.
Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін шығармашылық топтарға жаңа және дәстүрлі бағдарламалардың (тәсілдердің) жақсы жақтарын айқындап, олардың өзара әсерлерінің деңгейін анықтап алу қажет.
Сіз үшін бүгін не маңызды болды?
Болашақ мектебінен сіз не күтесіз?
Мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»
Тыңдаушылар екі қолына қаламсап алып, бір мезгілде мынадай әрекет жасайды.
Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.
Оң қолымен бес шеңбер, сол қолымен бес үшбұрыш салады.
Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен өзінің фамилиясын жазып шығады. (жазудың әдемі, нашарлығына назар аударылмайды!


Сыни тұрғыдан ойланады. Берілген сұрақтар төңірегінде ойланады, ой бөліседі.
Топ тыңдаушылары жеке жауап ұсынады, кейін жұп ақылдасып, екі жауапті үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп үдерісті қайталайды.Осылай төрт жауап бірігеді.
Берілген сұрақтар негізінде мұғалім және оқушы әрекетін жіктейді.

2а) Сабақта сөйлесуге қанша уақыт бөлінгенін зерттеу үшін, сабақтың бейнеклипін көреді. Бұл орайда оқушылар мен мұғалім айтқан сөздердің ара-қатынасын ескеру қажет.
Жалпы сабақта әңгімеге қанша уақыт беріледі?
Әңгіме кезінде кімнің рөлі негізгі болып табылады?
Қай оқушы әңгімеге көп қатынасады? Белсенділігі төмен немесе мүлде әңгімеге қатыспаған кім?
Қай кезде мұғалім көп сөйлейді?
Қандай жағдайда әңгіме тек оқушылар арасында жүреді?
2б) Оқушылардың өзара қарым-қатынасы
Ересек оқушылардың өзара қарым-қатынастарының тәсілдерін терең зерттеу қажет. Бұл зерттеу түрлі қатынас түрлерінің толық тiзiмін жасауды талап етедi. «Білім алу», «ұйымдастырушылық», «әлеуметтік» және т.б. сөздерді пайдалана отырып, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жіктеуге болады. Сіздің байқауыңызша, өзіне-өзі сенімі төмен оқушыларға қатынастың нақты қай түрі көмектеседі? Бұл оларға қалай көмектеседі?
Алға басу. Мына мәлімет сізге топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыруға көмектесе ме? Сiз сабақтағы жұмысты топтардың құрамын үнемi өзгертiп отыратындай етiп ұйымдастыра аласыз ба?
Жеке жұмыс:
Жақында өткізген сабағыңызды талдап, мұғалім мен оқушының, сіздің пікіріңізше, қарым-қатынасын белдікте (ось) берілген координаттармен салыстырады.
Топтық пікірталас:
Сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына не әсер етеді? Ол қарым-қатынас әртүрлі жағдайларға қарай өзгеріп отыра ма? Сіз өзара қарым-қатынасты қалай өзгертер едіңіз? -еген сұрақ төңірегінде ой өрбітеді.
Шағын топтардағы жұмыс: «Тыңдап отырған үштік» Шешен, тілші, хатшы
1. Бар идеялардың тізімін алып, оны әріптесіңізбен талқылаңыз.
2. Сіздің мектебіңіз үшін анағұрлым маңызды және қолайлы идеяларды анықтаңыз, неліктен олар осындай екендігін талқылаңыз.
3. Оларды енгізу стратегиясын және оқу жоспарына (оқу тапсырмаларына) енгізілуі мүмкін өзгерістерді анықтаңыз (мәселен, бұрын мұғалімдер үлгі бойынша карточкаларды жай таратты, сурет салды
«Ойлан, жұптас, бірік»
Берілген сұақтарға жеке, сосын жұппен, содан соң топпен жауап береді.
Кері байланыс береді.
Бақылау және зерттеу жұмыстары
Қағаз және қалам
Үлестірме материалдар
1.Сыныпта тәртіп ережелері қаншалықты сақталады?
2.Қабылдауға болатын және қабылдауға болмайтын мінез-құлықтарға нені жатқызасыз?
3.Қандай ынталандыру шараларын қолданасыз?
4.Оқыту мақсаттарын қаншалықты нақты түсіндіресіз?
5.Жаттығулар мен тапсырмаларды түсіндіру жолдарыңыз қандай және оған оқушылардың топтары қаншалықты терең/кең деңгейде жауап береді?
6.Оқушылардың мәселелерін қаншалықты дәрежеде шеше аласыз?
7.Сіздің әртүрлі топтағы оқушыларға қолданатын тәсілдеріңіз бір-біріне қаншалықты ұқсас немесе олардың қандай айырмашылықтары бар?
Өз пікіріңізді әріптесіңізбен бөлісіңіз
Нұсқаулық «Үлестірме материалдар» 106-бет
«Үлестірме материалдар»
77-бет
«Үздік сабақтың алты белгісі» 123-бет
«Үлестірме материалдар»
Үздік сабақтың алты белгісі»122-123-беттер
Ұсынылатын жаттығу:
Төменде берілген сызбада сыныптағы мұғалім-оқушы қарым-қатынасы моделі көрсетілген. Онда екі белдік (ось) берілген: бірі - мұғалімнің іске араласуын, екіншісі оқушының бастамасын көрсетеді.

Қағаз және стикерлер
Нұсқаулық «Үлестірме материал» Қарым-қатынас моделі 78-бет