Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: «9 – мамыр – Же?іс к?ні»! Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? ма?саты: 1. ?лы Отан со?ысы туралы ма??лмат беру. 2. 9 – Мамыр – Же?іс к?ні екенін толы? т?сіндіріп ?ту. 3. Балаларды Отанын, елін, жер
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «9 – мамыр – Жеңіс күні»!
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы туралы мағұлмат беру. 2. 9 – Мамыр – Жеңіс күні екенін толық түсіндіріп өту. 3. Балаларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы суреттері, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Ән: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.Шаттық шеңбері:
Армысың, Алтын күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Армысың, достарым!
Армысың, қонақтарым!
Тәрбиеші: 1.Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.
2.Көктем мезгілінің қайсы айы? Мамыр.
3.Көңіл-күйлер қалай? Жақсы.
Тәрбиеші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Құрметті балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 71 жыл болды. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын.
-Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен, бүгінгі «9 мамыр – Жеңіс күні » атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз, бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүлшоғын қойып, батырлар есімін еске алады.
Тәрбиеші: Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктембізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 Мамырына қайта оралтады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғына. ( бір минут үнсіздік)
1941 жылы 22 маусым күні таңшапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздық пен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды, елімізге шабуыл жасап соғыс ашты.
Бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды, әрі бұл соғыс біраз жылға созылды. Сөйтіп, 1945 жылы 9 – Мамыр күні біз фашистерді жеңіп шықтық.
Тәрбиеші: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың батырлар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағулова.
Тәрбиеші: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде не бары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.
Тәрбиеші: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?
Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз,
Жаудан елді қорғаған.
Жаумен жалғыз алысты,Түбінде Мәншүк соғыстың.Бермеді қолдан намысты,Жүректі қызы қазақтың.Мәншүк апай батыр қыз,Ардақтаймыз атын біз.Ұқсап Мәншүк апайға,Өсіп келе жатырмыз.
Қосамыз біз өлеңге,
Айтамыз біз ән қылып.
Мәншүк әпке ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.
Тәрбиеші: Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әүбәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.
Айтамыз біз өлеңғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.
Зымырап жылдар өтеді,
Жанымыз жауға ызалы.
Соғыста өлген атаныБөбегім сен де ұмытпа.
Әлияны бұл күнде,Барлық бала біледі.Әлия апа көңілде,Әпкеміз деп жүреді.
Жер мен көктің арасын,Шарпығанда қалың өрт.Әлия орыс қаласын,Азат етіп, болды мерт!Ол жеңісті көрген жоқ,Келді кейін азат күн.Бірақ мәңгі өлген жоқ,Батыр қызы қазақтың!
Тәрбиеші: Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
Қазақтың қамы үшін,
Жүрегі ауырған.
Елінің намысын
Қорғаған Бауыржан!
Өр бабам-Бауыржан!
Атам Отан қорғаған, Онда қорқақ болмаған.Алтын жұлдыз кеуде де,Нағыз батыр ол маған!
Батыр бопты бабамыз,Біздер, әлі баламыз,Күзетте тұр тұрағыӘскердегі ағамыз.Одан үлгі аламызБізде сондай боламыз.Тәбиеші: Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай,
Ұмытылмас мәңгілік.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Елдегі көп балаға.
Тәрбиеші: Балалар, Отан туралы тақпақтар айтайық.Бейбітшілік болса,Туған жер құлпырады.Үйлер де құламайды,Ешкім де жыламайы.
Соғыс өртін көзбен көрген,Отан үшін жанын берген.Мақтанышымыз ардагерім,Жеңіс туын желбіреткен.
Жас ұрпақ тілегі,Бейбіт күн асқары.Ашық боп тұрсын де,Әлемнің аспаны!
Тәрбиеші: Мақал – мәтел:«Отан – оттан да ыстық»«Отан үшін отқа түс, күймейсің!»
Хормен: «Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз».
Тәрбиеші: Рақмет, балалар!
Тәрбиеші:
Тәрбиеші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Тәрбиеші: Осымен «9 – мамыр – Жеңіс күні»! ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!