МАДТ арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайы?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасыКүні: _______________________
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық
Мақсаты: «Сөз», «дыбыс» түсініктерін қалыптастыру, дыбыстардың екі тобымен - дауысты, дауыссыз дыбыстармен таныстыру.
Білімдік міндеттері: Балаларға ұзақтығы әртүрлі дыбыстарды тануға, дауысты, дауыссыз дыбыстарды атауға үйрету. Жазу барысында дұрыс отыруға, ұзын және қысқа таяқшаларды жазуға, штрихтауға үйрету.
Дамытушылық міндеттері:Ойлау қабілетін, тілін, артикуляциялық моторикасы мен ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Тәрбиелеушілік міндеттері: Сауат ашуға ынтасын, дербестігі мен қызығушылығын тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: сөз, дыбыс, дауысты, дауыссыз.
Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімніңіс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық «Сөздер мен дыбыстар» еліне шақырады.
Тіл және тыныс алу гимнастикасы жүргізіледі. «Көңілді тіл» ойыны. «Жел соғады» ойыны (тілдің бұлшық етін белсендіру). Қызығушылық білдіреді.
Жаттығулар орындайды.
Ұйымдастыру-іздестіру «Дыбыс», «дауысты», «дауыссыз» дыбыстар ұғымдары қалыптасады.
- Мынау елді дыбыстар мекендейді. Олар көрінбейді, бірақ оларды естуге болады. Дыбыстар ұзақтығы бойынша әртүрлі болады (қысқа, ұзақ, орташа ұзақ) және олар түрлі үйшіктерде тұрады: дауысты дыбыстар — қызыл, ал дауыссыз дыбыстар — көк үйшіктерде. Дауысты дыбыстар жеңіл айтылады және оларды әндетуге болады.
«Әртістер» ойыны (а,о,у,ы,э дыбыстарын әндетіп айту). Дауыссыз дыбыстарды айту барысында ауа кедергіге ұшырайды.
«Не қандай дыбыс шығарады?» ойыны (дауыссыз дыбыстарды айту).
Жазу кезінде дұрыс отыру ережесімен таныстырады. Ұзын және қысқа таяқшаларды жазуға үйретеді.
«Жетпей тұрған суретті сал » боя Тыңдайды.
Жауап береді (жемістер)
Ойын ойнайды
Тыңдайды, есте сақтайды.
Дауысты дыбыстарды әндетеді.
Дауыссыз дыбыстарды атайды.
Жазу барысында ережелерді сақтай отырып, ұзын және қысқа таяқшаларды жазады.
Салып, бояп орындайды.
Рефлексивті – түзетушілік «Сөздер мен дыбыстар» елінде саяхат барысында не білгендері туралы қорытындылауды ұсынады. Жақсы жұмыстары үшін алғыс білдіреді. Жаңадан не біліп, үйренгендері жайлы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- «дауысты», «дауыссыз» дыбыстар түсініктерін.
Нені игереді:
- жазу барысында дұрыс отыру ережесі, дәптер, қол, қарындашты дұрыс ұстау туралы түсініктерді;
Нені біледі:
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды атауды;
- ұзақтығы әртүрлі дыбыстарды тануды;
ұзын және қысқа таяқшаларды жазуды, штрихтауды.