Открытый урок на тему Жануарлар
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылыБастауыш сынып мұғалімі: Шонабаева Азиза Еруовна
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жануарлар әлемі жайлы толық мағлұмат беру:
2. Заттың атын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін дамыту:
3. Адамгершілікке, жануарларды қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интер-ті тақта, плакат, бүктеме.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Үш би» өлеңін жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жануарлар мәтінін түсіндіру.
Оқушыларға тізбектетіп оқыту.
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар.
а) Жануарлар қашан пайда болған?
ә) Ғалымдар жануарларды қандай топтарға бөледі:
б) Кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Дәптермен жұмыс.
Ж ж
Жануар, жәндік, жорғалаушы.
206-жаттығу.
Архитектор, құрылысшы,
Малшы болып ойнаймыз.
Теміржолшы, жұмысшы,
Әнші болып ойнаймыз
207-жаттығу.
Сөздердің артығын тап!
ІV. Сабақты қорытындылау.
Пальма ағашының әр бөлігіндегі сұрақтарға жауап бер.
Үй жануарларын ата.
Құстар болмаса өсімдіктерге не болар еді?
Бунақденелілердің денесі неше бөліктен тұрады?
Сүтпен қоректенетін аңдарды қалай атайды?
Жылан, кесіртке, тасбақа жануарлардың қай тобына жатады?
Бақаны неліктен қосмекенді деп атайды?
Балықтың адам ағзасына тигізер қандай пайдасы бар?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма «Жануарлар» оқу.