Г?л, оны? ??рылысы мен ма?ызы. №14 зертханалы? ж?мыс: Г?лді? ??рлысын ?арау.
Күні:
Пәні: Биология 6
Тақырыбы: Гүл, оның құрылысы мен маңызы. №14 зертханалық жұмыс: Гүлдің құрлысын қарау.
Оқу – тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: Гүлдің құрлысы, гүлшоғырларының түрлері туралы білім қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің көбею мүшесі гүлдің құрылысымен таныстыру. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік гүлдерінің ерекшеліктері мен гүлшоғырлары маңызы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Тақырыпты өз сөзімен айтып беруге оқушыларды дағдыландыру. Оқушылардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта,суреттер,Биология -6 электронды оқулығы.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тірек-сызба нұсқалары.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ – жауап әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.
3. Жаңа білімдерді қалыптастыру: Гүл-көбею мүшесі.Гүлден жеміс пен тұқым дамиды.Гүлдің құрылысы күрделі.Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды.Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналық болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі. Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді. Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.
Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүл бірнеше бөлімнен тұрады. Гүл жапырақшалары гүл шығатын буыннан өсіп, гүлге қорғаныш болып тұрады. Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны (кіндігі), сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы (егер ол болмаса, отырықшы гүл), барлық гүлдер орналасатын өсімдік сабағы – гүлсидам, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады. Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Гүлдің негізгі мүшелері: аналық (өсімдіктер гүліндегі жыныстық көбеюге қатысатын бөлігі, ол аналық аузынан, мойнынан және түйінінен тұрады) және аталық [өсімдіктер гүлінің аталық жыныс клеткалары (тозаңдар) өсіп жетілетін бөлігі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады]. Егер гүлде аталық та, аналық та болса – қос жынысты гүл, ал олардың тек біреуі ғана болса – дара жынысты гүл деп аталады. Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады. Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.
Өсімдіктің көбею мүшелер: гүл, жеміс, тұқым. Гүл – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.
Гүл бөлімдері
сағағы табаны тостағанша күлте аталық аналық
Гүлшоғырлар деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын айтады
Гүлшоғырлар
шашақ жай масақ собық күрделі шашақ күрделі масақ
Жай Күрделі
жай шатыр шоғырбас себет сырға күрделі шатыр
Гүлшоғырлардың маңызы: гүлшоғырларда жеке тұрған да байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.
Даражарнақты өсімдіктерде тостағанша жапырақшалары болмайды, оларда гүлсерігі болады. Астық тұқымдастарда гүл негізінде 2 түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасқан. Оны гүлсерік нышаны десе де болады.
Жаңа білімді бекіту. № 14 зертханалық жұмыстың мақсаты мен жүру реті туралы мағлұмат беріп , оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын қамтамасыз етемін. № 14 зертханалық жұмысты орындау.
Қорытынды:
Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық). 1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. 2. Тозаң ұясы бар. 3. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. 4. Үлпекке айналған бөлігі. 5. Жәндіктер қоректенеді. 6. Шірне бөлетін бөлігі. 7. Жабысқақ сұйықтық бөледі. 8. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі. 9. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. 10. Хош иіс шығаратын бөлігі. 11. Мойны бар. Блумның «Мен» жүйесі бойынша оқушылар сабақты өздері қортындылайды.
Үй тапсырмасын беру. § оқуға, Жаңа терминдермен жұмыс жүргізу.