Саба? жоспары: Мен ойнаймын ж?не демаламын
Сабақтың тақырыбы: Мен ойнаймын және демаламын.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тақырып бойынша толық түсінік беру, алған білімдерін тиянақтау.Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, бір - бірін сылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздік жұмысы:
ойнау – играть қызық – интересный (-ая, -ое, -ые)
ойнаймын - играю үйірме - кружок
6 – тапсырма. Оқы, жаттап ал.
Тапсырмалармен жұмыс
1 – тапсырма. «Сөйлеп үйрен» жеке жұмыс. Сауатты сөйлем құрап үйренуге берілген тапсырма жұптық жұмыс ретінде орындату.
Комьютерде ойнаймын.Теледидар көремін.
Мен үйде не істеймін?
Кітап оқимын. Демаламын.
2 – тапсырма. Сурет бойынша әңгімені оқы, айт..
Бұл Диас пен Айдар. Олар бүгін үйде. Бүгін-демалыс. Диас пен Айдар шахмат ойнады. Ойын қызық болды. Диас шахмат үйірмесіне барады. Олар – жақсы достар.
5 – тапсырма. Сөйлеп үйрен. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін іске қосу.
ІV. Сергіту сәті.
3 – тапсырма. Өлеңді оқы, жаттап ал.
Олар бірге ойнайды,
Олар бірге ойлайды.
Мерекені, мейрамды
Бәрін бірге тойлайды.
(Қ. Мырза Әли)
4 – тапсырма. Керекті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырып жаз. Жазылым.
Бекіту.
Үйге: 41 бет, 6 – тапсырма.