Мені? отбасым (Отбасы к?ніне орай ?ткізілген шара)


Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің отбасым
Тәрбие сағатының бағыты:Отбасылық тәрбие беру
Мақсаты:Отбасы туралы түсініктерін бекіту,отбасында үйлесімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру,туған-туыстар арасындағы байланыстарды ұғынуға көмектесу
Міндеті: Оқушыға «Отбасы күні» мерекесі туралы түсінік беру
Көрнекілігі: нақыл сөздер,стикер,сөзжұмбақ
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбер
Сәлем күн-анамыз, (қол жоғары да)
Қуанатын күн бүгін.(қол ұстасады)
Қайырлы күн,қайырлы күн,(қол кеудеде)
Күліп шықшы сен бүгін!(қол жоғарыда)
II. Негізгі бөлім
Оқушыларды екі топқа бөлу
Кіріспе:
-Бүгінгі тәрбие сағатымызда отбасы жайлы пікірлесеміз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы,алтын ұясы.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап,сол ортаның ыстығына,суығына бейімделіп,ықпалына көніп ер жетеді.Сол отбасынан үлкен өмірге қадам басамыз.Біздің өмірімізге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше.
Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің өлеңінде:
Отбасы-шағын қоғам
Мен президент,сен премьер-дегені бар екен
Шынында да,отбасы-ол шағын мемлекет.Өз болымысы,өз ерекшелігі, өз дәстүрі,өз қағидасы бар.
1.Топтардың отбасы жайлы пікірлері
-Балалар,дұрыс айтасыңдар,адамның жеке болымысының қалыптасуы отбасынан басталады.Адамның бойындағы ар-ұяты,ақыл-ойы,адамгершілігі,басқа адамдармен қарым-қатынасы,мәдениеті алғашқы қадамы отбасынан басталады.Сондықтан отбасы бақытты болу үшін не қажет?(мейірімділік,сүйіспеншілік,бірлік,денсаулық.татулық,сыпайылық)
2.Менің туыстарым.
Жұмбақ
Маған да,саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы,солға оқы.
Өзгермейді ешқашан,
Бәрі де өз жұртың,
Айтады,қане кім атын?(ата,ана,іні,аға,апа)
-Бұлар біздің отбасымызды құрайды.Әрбір қазақ отбасында аталар мен әжелердің алар орны ерекше.Дәстүрлі қоғамда ата-әжелер тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған.Ата-әжелер жыр,дастан,ертегі айтып немерелерін,шөберелерін рухани байытып,мол тәрбие беріп отырған.(Әр топ мүшелері ата,әже туралы өлең,тақпақ айтады)
Ана- отбасының ұйытқысы,жылуы,шуағы,отбасына береке әкеліп,жанұяны бақытқа бөлейді.(топтардың ата-ана туралы пікірі тыңдалады)
3.Отбасымдағы өз орным
-Сенің есімің қандай мағына береді?(оқушылар өз есімі туралы айтып өтеді)
Әрбір топқа 7 сұрақтан беріледі.
1-топқа:
1.Анаңның әкесі саған кім болады,сен оған кім боласың?
2.Жігіттің неше жұрты бар?
3.Қыз баланы жасына қарай қалай атайды?
4.Дүниеде не тәтті?
5.Анаңның ағасы кім болады?
6.Не қатты?
7.Атаңа сен кім боласың?
2-топқа:
1.Немере деп кімді атайды?
2.Әкеңнің апасы кім болады?
3.Өзіңнен кіші ұл кім болады?
4.Анаңның апасы саған кім?
5.Дүниеде не жұмсақ?
6.Ұл баланы жасына қарай қалай атайды?
7.Жеті атаңды білесің бе?
4. «Менің отбасым» туралы ой қозғайды,қорғайды.(сурет салу арқылы немесе эссе,өлең шумақтау арқылы)
5.Сөзжұмбақ
1-топ:
Бәріміздің ортақ үйіміз?(отан)
Отбасы мүшелеріне не керек?(татулық)
Әке мен анаға кім керек?(бала)
Адамға ең қымбат жан?(ана)
Қыз бала өзінен кейінгі қызды қалай атайды?(сіңлі)
Отбасы адамдары бір-біріне кім болады?(туыс)
2-топ:
Әкемнің шешесі?(әже)
Атаңа кім боласың?(немере)
Әкеңнің әкесі?(ата)
Сенен үлкен ер бала?(аға)
Алтыншы ата?(шөпшек)
Сені өмірге әкелген жан?(ана)
Қорытындылау
-Бүгінгі тәрбие сағатынан түйгендерің не?
-Стикерге өздерінің алған әсерлерін жазып,тақтаға іледі
-Біз отбасымызда өз орнымызды біліп,үлкендерге құрмет көрсетіп,кішілерге қамқор болсақ,оларда бізді құрметтейтіні сөзсіз.