1 наурыз Ал?ыс к?ніне орай жасал?ан т?рбие са?аты


Сабақ тақырыбы: Алғыс күні
Сабақ мақсаты: Оқушыларға мәңгілік ел сөзінің мағынасын ашу, бірлікке , ынтымақтастыққа , достыққа үйрету.
Сабақ барысы: Сәлемдесу , түгендеу, Әнұран айтқызу , топқа бөлу.
3топқа бөлінді:
1топ- Ынтымақ
2топ-Достық
3топ-Бірлік
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіздер ме? құрметті оқушылар! Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мұғалім әр топқа 3 плакат таратады. Топтар постер жасайды. Өзінің тобына 1 тапсырма: эмблема жасайды
2 тапсырма: ұран шығарады.
3тапсырма : қорғайды
уақыт шектеулі 3 минут
Қызығушылығын ояту. (бейне фильм) Ассемблея туралы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақтылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Қазақстанда 820 этномәдени бірлестік жұмыс істесе, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің активі 67 мыңнан астам адамды қамтиды. «Елбасының тапсырмасы бойынша аймақтық әкімдіктердің жанынан ақылдастық-кеңестік орган ретінде құрылған Қоғамдық келісім кеңестері Ассамблеяның Елбасы айқындап берген жалпыхалықтық институт мәртебесін айшықтай түседі.
Бір сөзбен айтқанда, сонау жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Ендеше еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет ететін Ассамблея сияқты айрықша институтқа бір жылымызды арнау құптарлық қана емес, қуанарлық та іс. Тіпті бұл жыл дәл осы тұрғыдан алғанда тарихи жылға айналуы да әбден кәдік. Өйткені, қанша дегенмен табыстың, тұтастықтың кілті - бірлікте. Сондықтан да, Ассамблея жылының - Ел бірлігі жылы ретінде есте қалатындай өткізуге жұмыла алсақ игі. 

Оқушыларға жеке тапсырма:
"Алғыс" деген сөзді қалай түсінесін Эссе жазу . Ууақыт шектеулі 4 минут.
"Сұрақ жауап алаңы"
1.Мәңгілік ел деген идеяны қалай түсінесін?
2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? 3.Қазақстан халық Ассемблеясы қай жылы құрылды?
4. Қазақстан халық Ассемблеясының атқаратын қызметі?
5. Бірлік дегеніміз не?
6.Достық дегеніміз не?
7.Ынтамақ дегеніміз не?
Қорытынды: ән айту : " Көк тудың желбірегені"
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
№20 С Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясы

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Алғыс күні
1.03.2016жылы
Сынып жетекшісі: Аитова К
Сынып : 7 "Б"
Ынтымақ Ынтымақ
Ынтымақ Ынтымақ
Ынтымақ Ынтымақ
Достық Достық
Достық Достық Достық Достық
Бірлік Бірлік
Бірлік Бірлік
Бірлік Бірлік
Достық

Бірлік
Ынтымақ