Ньютон за?дары.Ньютон за?дары та?ырыбын ме?герту.


Сабақтың тақырыбы: Ньютон заңдары
Сыныбы: 10 сыныпМақсаты:
Білімділік - оқушының бойында тақырып бойынша білім қалыптастыруДамытушылық - оқушының шығармашылық қабілетін дамыту және қызығушылығын оята отырып Ньютон заңдары тақырыбын меңгерту.
Тәрбиелік - өздігінен жұмыс жасауға үйрету,ұқыптылыққа,тазалыққа,есте сақтауға,ойланып ой қорытындылай білуге баулу, оқушының ақыл-ойының қалыптасуына ықпал жасау.
Түрі: дәстүрліТипі: Жаңа білімді қалыптастыруӘдісі: Сұрақ-жауап, сөздік көрнекілікПайдаланатын құрал-жабдықтар: Компьютер, бейнепроектор, Activ студио бағдарламасы, Activ pen, электрондық оқулық, жұмыс дәптеріПәнаралық байланыс: информатика
Пайдаланатын оқулықтар: Оқулық 10 сынып Р.Рымкеевич «Есептер жинағы», Қ.Т.Намазбаев «Физика негіздері және тест жаттығулары»
Сабақтың жүру барысыI. Ұйымдастыру кезеңіА) Оқушыны түгендеуӘ) Класс тазалығын тексеруБ) Оқушының назарын сабаққа аударуII. Жаңа тақырыпқа кіріспеДинамика-механикалық қозғалысты, оны тудыратын себептерді ескере отырып, зерттейтін механиканың бөлімі. Алғашқы боп қозғалыстың себебін түсіндіруге тырысқан Аристотельдің ойынша, дененің қалыпты күйі-тыныштық және ол тыныштыққа ұмтылады. Аристотель денеге түсірілген қорытқы күш оның қозғалысына себеп болады деп ұйғарды. Бұл ұйғарымды Галилей жоққа шығарды. Ол мынадай принцип ұсынды: егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе күштер теңгерілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты күйін сақтайды.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіруНьютонның I-ші заңыЕгер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе әсерлер теңгерілсе,онда дене тыныштық күйін сақтайды немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.
Ньютонның II-ші заңыДененің алатын үдеуі күшке тура пропорционал.
a═F/m
Ньютонның III-ші заңыДенелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы болады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
А) Тест тапсырмалары1. 2 м/с² үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қаншаға артады?
А.140Н В.120Н С.150Н Д.130Н Е.160Н
2. Орнынан массасы 1 т автомрбиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомобильге қандай тұрақты күш әсер еткен?
А.1000Н В.1800Н С.2000Н Д.2200Н Е.2500Н
3. Массасы 40кг бала айналу осі 2 м биіктікке бекітілген әткеншек теуіп тұр. Әткеншек ең төменгі нүктеден 4,4 м/м жылдамдықпен өтсе, бала осы нүктеде орындыққа қандай қысым түсіреді?
А.750Н В.766Н С.787Н Д.816Н Е.806Н
4. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен динамометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6 Н-ды көрсетті. Үйкеліс коэффициенті қаншаға тең?
А.0,26 В.0,03 С.0,34 Д.0,08 Е.0,3
5. Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанымен массасы 3 т автомобильді 2 м/с² үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз?
А.3 см В.4см С.5см Д.6см Е.7 см
Б) Есептер шығару1. Вертикаль α═30° бұрыш жасай ν═800 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан массасы m═50 кг снаряд құмы бар платформаға келіп түсіп, сонда қалып қояды. Егер құмның массасы m═16 г болса, снаряд түскенен кейінгі платформаның жылдамдығын табу керек.
2. Массасы 10 г оқтың автомат ұңғысның ұшып шығу жылдамдығы 300 м/с болса, иыққа түсірілетін орташа қысым күші қандай? Автомат секундына 50 оқ шығарады.
V. Қорытындылау,бағалауБақылау сұрақтары1. Ньютонның II-ші заңын неліктен қозғалыстың негізгі заңы деп атайды?
2. Күш дегеніміз не? Күш қалай пайда болады?
3. Күш әрекетінің әсері неге тәуелді?
4. Механикада есеп шығарудың алгоритмі қандай?
5. Дене импульсі және күш импульсі деп нені айтады?
VI. Оқушыны бағалауVIІ.Үйге тапсырма беру
2 тарау.§1,2
3 жаттығу № 4,5