МИФ ?леміне саяхат сыныптан тыс шара физика п?нінен
Пән мұғалімі: А.Қ.Сейпулла
Сыныбы: 9 – 10
Тақырыбы:«МИФ әлеміне саяхат»
1-жүргізуші: Армысыздар ағайың, ағайын тілін табайын
Бармысыздар бауырлар, өке жоқ бізде, бауыр бар
Есенсізбе ұстаздар, шаршамайтын қыс – жаздар.
2-жүргізуші: Қойдан жуас қонақтар, құрметке ие үлкендер.
Айда жүзген желкендер, ізетке ие жанкүйерлер
Жанкүйер еті тірілер, сайысқа келген сайланып
Отырам деп жайланып, көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып
Екеуі бірге:БӘРІҢІЗГЕ БІР СӘЛЕМ!!!
1-жүргізуші: Математика – ғылымдар патшасы
Информатика – ақпараттар ғылымы
Физика – табиғат патшасы, - атты
Қорытынды кешімізге қош келдіңіздер
2-жүргізуші: Біліммен сайысады топтар мына, алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерімен қызықтамақ, сұрайық шығауларын жұрт алдына
І топ – НЬЮТОН
ІІ топ – ИнфоФизи Матем
ІІІ топ – ПИФОГОР
1-жүргізуші: Сәт сапар тілеп бәріне, сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді, сайысты басталық.
І тур. «Ақындар еліне саяхат»
ІІ тур. «Білімділер еліне саяхат»
ІІІ тур. «Өнерлілер еліне саяхат»
ІV тур. «Алғырлар еліне саяхат»
V тур. «Жанкүйерлер еліне саяхат»
VІ тур. «Ғажайыптар еліне саяхат»
2-жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер, сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып, сіздер бүгін әділ баға берерсіздер, - деп, әділқазылар алқаларымен танысайық.
Математика пәнінің мұғалімі – Гүлмира Сәкенқызы
Қосымша білім беру педагогы – Гүлназ Арманқызы
Информатика пәнінің мұғалімі – Нұргүл Қыдырғалиқызы
1-жүргізуші:І тур. «Ақындар еліне саяхат» әр топ өздерін таныстырады.
2-жүргізуші: Ойлаудан біз жүйрікпіз, басқалардан біз бөлекпіз.
Туғаннан бойға дарыған, жас дарынды түлекпіз, - деп келесі кезекте ІІ тур. «Білімділер еліне саяхат»
І топ – НЬЮТОН-ға қойылатын сұрақтар:
Ең алғаш ғарышқа ұшқан иттің есімі? (лайка)
а2 + в2= с2 кімнің теоремасы? (пифогор)
у=ах3функциясының графигі қандай? (куб парабола)
Түзудің екі нүкте арасындағы бөлігі? (кесінді)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
Жолдың жылдамдыққа қатынасы? (уақыт)
Еркін түсу үдеуінің сан мәні неге тең? (9,8 м/с)
Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап (х)
Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)
Гипотенуза қандай үшбұрышта болады? (тік бұрышты үшбұрышта)
Информатиканың атасы кім? (Чарлз Беббидж)
Бұрыштың өлшем бірлігі? (градус)
Ток күші өлшем бірлігі? (ампер)
Белгілі бір уақыт ішінде жылдамдықтың өзгерісін көрсететін шама? (удеу)
Аз батырмалы құрылғы? (тышқан)
ІІ топ – ИнфоФизиМатем-ге қойылатын сұрақтар:
Адам мен монитор арасындағы қашыұтық қанша болу керек? (60-70 см)
Ауаның қысымын анықтайтын құрал? (барометр)
Ток күшін өлшейтін құрал? (амперметр)
Пернетақтада неше перне болады? (101-104)
Қиылыспайтын түзулер? (параллель)
у=ах2функциясының графигі қандай? (парабола)
Ең ұзын перне? (бос орын, не пробел)
Қатар тұрған үш санның қосыншысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)
Температураның өлшем бірлігі? (градус)
Пішінін де, көлемін де саұтамайды? (газ)
Бүкіл әлімдік желі? (интернет)
Енгізу пернесі қалай аталады? (enter)
Күшті өлшейтін құрал? (диномометр)
WINDOWSдеген не? (терезе, операциялық жүйе)
MICROSOFF фирмасын құрған адам? (Билл Гейтс)
ІІІ топ – ПИФОГОР-ға қойылатын сұрақтар:
Ондық санау жүйесінен басқа қандай санау жүйелерін ьілеміз? (екілік, үштік, төрттік, бестік, алтылық, жетілік, сегіздік)
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында? (сызғыш)
Ұлы Александр патшаның ұстазы Грекияда шыққан ұлы данышпан ғалым? (Аристотель)
Қысқаша көбейту формуласының жалғасын тап? а3 + в3=
«ЭВРИКА» кімнің сөзі? (Архимед)
Дербес компьютердің минимум тізіміне нелер жатады? (жүйелік блок, монитор, клавиатура)
Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)
Компьютердің өқрылғылары нешеге бөлінеді және оларды ата? (2-ге, негізгі және қосымша)
360 минутта неше сағат бар? (6 сағат)
Катет қандай үшбұрыштарда болады? (тік бұрышты үшбқрыш)
Табиға жарық көзі? (күн)
Отырардан шыққан ұлы ойшыл? (Әл-Фараби)
Ең алғашқы программа жазған адам? (Ада Лавлейс)
Астраномияда пайдаланылатын ең басты құрал? (телескоп)
Шанаға қосарланып жегілген 3 ат 30 км жұріп өтті. Әр ат неше км жүріп өтті? (30 км)
Би: 6 сынып оқушылары
1-жүргізуші: Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау, - деп келесі бөлім ІІІ тур. «Өнерлілер еліне саяхат». Үй тапсырмасына клавиатура және тышқан құрылғыларынан бейнелер жасау болатын.
2-жүргізуші: Білім деген биік шың, бақытға сені жеткізер.
Білім деген ақылшың, қиындықтан өткізер, - деп келесі бөлім ІV тур. «Алғырлар еліне саяхат». МИФ – ворд шешеміз.
М Л А Қ П А Р С Ы К А
Т А Ч Й Б И А А З А Н
Ь С Т Ө Р Т Т Н У Й Н
И К Е Л У Ң П Ц Т У
П Н И Ц М Ғ І Б К Ф Г
И П Ф Л Я А І А Й Т Ф
Ф К И О И Ү Т А Е Ф О
А Р З Г Р Ұ Ә И Г Ы Р
Г П И Р А М М Р К В М
О Щ К Ф Т З А К Щ А У
Р Х А Ы Ь Ж Ж Т Ш Х Л
Ф И Г У Р А Т Н И Ъ А
Ж З Э В О Л Ь Т Ж К З
М Е Т Р Ю Д П Е Э З А
Ән: «Көңілді күн» Аруна Бибітқызы
1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі V тур. «Жанкүйерлер еліне саяхат». Ортаға Бақыт Ерболатқызын шақырамыз.
2-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар, жүректе от, көздерінде жалын бар.
Фигуралар шеруін, қол соғып қарсы алайық. VІ тур. «Ғажайыптар еліне саяхат». Тапсырма: 5 ақ парақты пайдаланып геометриялық фигуралар жасау, өз қалауларыңызша.
Ән: «Сен үшін жаралғандаймын» Дүйсенбаев Аслан
1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтайды.
Сөз әділқазылар алқаларында.
2-жүргізуші: Сайыс жайлы төреші, көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып, куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке, келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге, мың рахмет, мың рахмет!
Назарларыңызға рахмет!!!