Математика, 2-сынып Те?деу шешу т?сілдері
Ашықбаева Гаухар Калмұратқызы
ГСБ №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
-190524130
Тақырыбы: Әріпті өрнектермен жұмыс жасау
Мақсаты: Белгісіз айнымалысы бар өрнектің қарапайым түрін шешуді дұрыс ұйымдастырмайынша күрделі түріне түсінік беру қиын болатынына көз жеткізу. Әріпті өрнектің мәнін тауып, санды өрнекке айналдыру жолдарын тиянақтау.
Бастауыш сынып оқушының өмірінде өшпестей із қалдырып, білімдерінің іргетасы қаланып, бекитін кезі. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінде терең білім, кәсіби біліктілік пен пәнге деген сүйіспеншілік болуы тиіс.
Бастауыш сынып бірнеше пәндердің жиынтығы болғандықтан жекелей бір пәнді бөліп қарастыру қиын. Дегенмен көптеген жас мамандардың айтуынша оларға математика пәні қиындық келтіреді. Мұғалім есепті шеше алады, бірақ оның шешілу жолдарын оқушыға түсіндіріп жеткізе алмайтыны рас. Әсіресе, жазбаша есептер мен санды, әріпті өрнектердің сынып сайын күрделенуі де әдістемелік шеберлікті қажет етеді.
Осындай проблемалық тақырыптардың бірі ретінде әріпті өрнекті түсіндіруді өз тәжірибеме сүйене отырып, айта кеткім келеді.
Алдымен 1-сыныптағы әріпті өрнекке тоқталайық. Баланың жас ерекшелігіне сәйкес әріпті өрнек тек қана екі санның қосындысы не айырмасы түрінде қысқа ғана беріледі. Міндетті түрде бір ғана әріп алынады. Оларға төмендегідей түрдегі әріпті өрнектерді ұсынады:
3+а; а-5
Бірте-бірте әріпті өрнектердің мәнін тауып шешу жолдары қарастырылады.
Мыс: а+3 а=2,1,3 5-а а= 4,3,2
Оқушы мұндай жеңіл әріпті өрнектердің мәнін табуға онша қинала қоймайды. Оларға қиындық келтіретіні әріпті өрнектің қиын түрі - теңдеу.
1-сыныпта жас ерекшелігін ескере отырып, теңдеуді сынап көру тәсілімен шығарады.
10-а=3 Мұндағы; белгісіз сан 7-ге тең.
Енді өз тәжірибемде теңдеуді сынап көру тәсілімен шешудің екі жолын қарастырамын.
1-тәсіл: 10-а=3 теңдеуінің шешімін бірте-бірте анықтау. Мысалы әуелі а-ның орнына 1-ді қойып, 2-ні, 3-ті қойып ретімен табады. Бұл біршама уақыт алады, бірақ әріпті өрнектің дұрыс шешілуі үшін маңызды.
2-тәсіл: Бұл жерде ережелермен жұмыс жасаймын. Жалпы математикада ережемен, формуламен жұмыс жасауға дағдылану керек. Себебі, бұл дәлдікті, нақтылықты сүйетін пән.
Азайту және қосу компоненттерінің атауын үйренгеннен кейін кейбір компоненттерді белгісіз қылып әйнекше қою арқылы шығатын есептеулер жүргізген сәттен бастап ақ ережелерді пысықтай бастаймыз. Негізі бұлар 2-сыныптан басталады. Әйтсе де, 1-сыныптан бастап айта беру артық етпейді.
Мысалы, бізге 10-а=3 теңдеуі берілсе, баланың назарын қай компонент белгісіз екеніне аударып алып, ережесін сұраймыз.
Ереже: Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтамыз.
Бұл 1-сынып оқушысына көп қиындық келтірмейтініні өзім байқап жүрмін,
2-сыныпта да әріпті өрнектер тақырыбы бар. Енді ол сызба түрінде беріле бастайды.Мысалы:
а 5 4 3 2
а-2 а+2 Мұнда оқушы бір кестемен бірнеше әріпті өрнектің мәнін қойып, жауабын табады. Әрі бұл ортақ ұқсастығын табуға, айырмашылығын анықтауға, яғни оқушының өз бетінше ой қорытуына таптырмайтын жұмыс түрі дер едім.
Әріпті өрнектерде үйреншікті а-ның орнына басқа да латын әріптері келе бастайды. Үйреншікті нәрсесінің өзгеруі де оқушылар үшін тосын болып қалуы мүмкін. Мұғалім барлық уақытта да алдын ала дайындау жұмыстарын, әңгімелесуді дәл уақытында жүргізуге мән беруі керек.
2-сыныпта теңдеу де оңайдан күрделіге қарай ауыса бастайды. Мысалы:
1-сыныпта: 2-сыныпта:
10-а=3 10-а=5-2
Оқулықтың өзінде де теңдеуді шешу туралы нақты әдістемелік түсініктер берілген. Шешу жолын анықтап, әр қадамды анықтап көрсеткен. Көпшілік жағдайда баланың өзі оқып шеше беретіндей етіп жоспарланған, анықтап көрсетілген.
1,2-сыныптарда әріпті өрнектер мен теңдеулер қосу және азайту амалдары бойынша құрылатын болса, 3-сыныптан бастап көбейту мен бөлу амалдары кіріктіріледі. Көп таңбалы сандармен жұмыс, әріпті өрнектердің арасына жақшаның пайда болуы, теңдіктің екі жағында екі түрлі амал қолданылуы оқушының түсінбей қалуына да себеп болып жатады.
Мысал келтірейік:
120: х= 15· 2 түріндегі теңдеудін шешілу қадамдары 2-сыныптағы теңдеудегідей. Бірақ оқушыны көп таңбалы сандар шатастырады. Мұндай кезде әріптің немесе белгісіз санның қайда тұрғанына назар аударту керек. Кейде мынадай да түрде теңдеулер кездеседі. 100:20=х:2
Оқулықта әріпті өрнекті, теңдеулерді мәтін түрінде сипаттап беретіні де бар. Мысал келтірсек: Ойлаған санға 2-ні қоссақ, ең кіші екі таңбалы сан шығады. Оқушы ілесіп жазып отыру үшін қаншама білімді еске түсіреді. Х+2=10
Менің өз тәжірибемде байқағаным, баланың жүргізіп оқуы жолға қойылмайынша мәтіндік есептер мен талдауларды шешу мүмкін емес. Алдыңғы ойды соңғы ой басып кетіп, оқушының ойын шашып алуы да есептеулердегі әлсіздіктерге әкеліп соғады деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, пәнді оқытуды ұсақ-түйек деген болмайды. Қалай болғанда да сыныпта ойлау, сөйлеу, оқу қатар жүрмесе ешбір жұмыс нәтиже бермейді. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Математикадан сабақ жоспары:
Пән: математика Сынып: 1- сынып
Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнек,10-а
Жалпы мақсаттары: Оқушылардың әріпті өрнек туралы білімдерін тиянақтау, 10 санының құрамын еске түсіру, жадыны дамыту жұмыстарын жүргізу
Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Туған жер мен елге деген құрметін қалыптастыру, тазалыққа шақырып, экологиялық білім беру
Күтілетін нәтижелері: қызығушылықтары артады, сөйлеу, ойлау дағдылары дамиды, талантты балалар анықталады.Әріпті өрнекті өз бетімен құрғызу арқылы теңдеудің сынап көру тәсіліне дайындық жұмыстарын жасайды
Оқыту әдістер: Сұрақ-жауап, диалог
Керекті жабдықтар: Флипчарт, оқулық, слайдтар, кеспе цифрлар
Кіріспе: Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Кіріспе 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру (сыныпты топтарға бөліп, топ басшысын сайлау). Топ басшысы сабақтың әр кезеңінде топтағы оқушыларды бағалап отырады. 1.Оқушы геометриялық фигураларды таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау №4 166-бет
1 оқушы оқиды, қалғандары тексереді Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасы талданады.
Негізгі бөлім
Сабақтың мақсатын таныстырады.
1.Жұмбақ айтылады
Сандар туралы, амалдар туралы жұмбақтар жасырылады
2. Жадыны дамыту тапсырмалары немесе сан құрамын еске түсіру
3.Ойын «Бұл қай сан?»
Мұғалім санды сипаттап жасырады
Логикалық тапсырмалар беріледі
4.Ойын «Өрнектер»
Оқушылар әріпті өрнекті бөлек, санды өрнекті бөлек айтып шығып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады
5. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
10 цифрының салынуын қайталайды
«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тапсырма:
10 санын пайдаланып, әріпті өрнек құрастыру, мәнін де қандай сан қоюға болатынын өздеріне ойлату
10-а а-ның мәні 10-нан кіші болу керек Оқушылар тыңдайды
1.Жұмбақ шешіледі.
2. Тапсырма бойынша оқушылар өз ойларын жеткізеді.
3. Оқушылар кеспе цифрды көтеру арқылы жауап береді
4 Оқушы ойын жинақтайды, айтады, жеткізеді.
5.Ойланады, талдайды.
.