Презентация по казахскому языку на тему ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ндері ар?ылы о?ушыларды патриотты? сезімге т?рбиелеу
Баяндама тақырыбы:«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу»
Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау. Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті.
«Білім туралы» Заңда: «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, Қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», - деп жазылған.
Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті – өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу.
«Елдің елдігін сақтайтын-әдебиеті, тарихы, салт - дәстүрі» М. Жұмабаев
Патриоттық тәрбиенің бастауы мақал-мәтелдерден басталады. Мысалы: Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу үшін мынадай мақалдардың мағынасына баса назар аударылады.Туға тағзым - тарихқа тағзым. (Поклонение знамени - поклонение истории).Туға құрмет – елге құрмет. (Уважение к знамени – уважение к народу). Сонымен қатар мақал-мәтелдердің ішіндегі ең көлемдісі «Отан» туралы мақал-мәтел: Мысалы:Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса).Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің. (Родину предать, что себя заживо похоронить).Отанды сүю – отбасынан басталады. (Любовь к Родине, у семейного очага зарождается).
6 - 8 сыныптарда батырлар жыры басталады. Батырлар жыры арқылы оқушыларға Отанын қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерлігін айта келіп, өз елін, жерін сүюге және өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.