Осы заман?ы шет мемлекеттері эскерлеріні? жаппай жою ?аруы . Жары?ты? с?улелену.


11 а,б-сыныпСабақтың тақырыбы: Осы заманғы шет мемлекеттері эскерлерінің жаппай жою қаруы . Жарықтық
сәулелену.
Сабақтыц мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену әсерін ұғындыру.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
Көрнекілік қүралдар: АӘД оқулығы,плакаттар.
Сабақтың барысы:
а) ¥Гіымдастыру кезеңі — 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. о) Өтілген гақырыпты сұрау кезеңі- 10 мин.
Ядролық қару дегеніміз не?
Ядролық жарылыстар ненің көмегімен жүзеге асырылады?
Ядролық жарылысты неше түрге бөледі?
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңдар.
Соққы толқын дегеніміз не? б) Негізгі болім - 22 мин.
111 сз мемлекеттер армниларының жаппай жою қаруы. Ядролық жарылыс кезіндегі жарықтық
сәулелену.
Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі дегеніміз - спектрдің көзге көрінетін, ультракүлгін жэне иифрақызыл облыстарындағы оптикалық диапазондағы электромагниттік сэулелену. Соққы толқынның қандай ортада туып, тарауына (суда не топырақта) карай оны ауа толқыны, соққы толқын (суда) жэне сейсможарылгыш толқын (топырақта) деп бөледі.
Ауа соққы толқыны деп ауаны шүғыл түрде қысып үстап, содан кейін жарылыс орталығынан жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен жан-жаққа тарататын аумақ айтылады.
Жарықтық сәулеленудің негізгі қайнар көзі - ауа мен оқ-дэрінің қүрылымдық материалдарының жоғары температурага дейін қызған буынан түратын, ал жер үсті жарылыстарында буланған топырақтан да түратын жарылыстың жарқырауық бөлігі болып саналады. Жарқырауық бөлік үш фазадан: бастапқы, бірінші жэне скінші фазадан тұрады.
Бастапқы фаза өте қысқа мерзімді - оқ-дәрідегі ядролық реакцияның бастапқы кезеңінен гомотерминалдық шардың үстіңгі қабатынан соққылы толқын бөлініп шығуына дейінгі кезенді қамтиды. Бастапқы фазадағы температура біраз уақытқа дейін 10 000 тең болады. Соққы толқыны жарқырауық боліктің үстіңгі жағына шығу кезеңі бірінші фаза деп аталады, онда жарқырауық бөліктің дамуы соққы толқын аймағының таралу заңдылығымен айқындалады. Жарықтық температурасы соққы толқын аймагындағы ауа температурасына тең болады.
Соққы толқыны аймағының жылжу шамасына қарай ондағы ауа температурасы мен қысымы кемиді де, ауа жарқырауы тоқтамайтын сәт туады. Соққы толқыны аймағы айқындала түседі. Температура минимумға түсіп, кайтадан көтеріле бастайды жэне осы кезден бастап жарқырауық бөліктің дамуының екінші фазасы
басталады.
Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуінің зақымдау қабілетін айқындайтын негізгі өлшемі - жарық импульсі болып табыладыЖарық импульсі U - жарықтық сәулеленудің энергия мөлшері. Жарық импульсі бір шаршы метрге джоульмен (дж/метр квадрат) немесе бір шаршы см-ге калориямен (кал/см квадрат) өлшенеді. 1кал/см квадрат = 4,2 х 100000 дж/м квадрат.
Жарық импульсі жарылыс орталығынан қашықтаған сайын азая түседі жэне жарылыс түрі мен атмосфера жагдайына байланысты болады.
Жарықтық сәулеленудің қарқындылығы қашықтаған сайын шашырау мен жұтылудың әсерінен төмендей түседі. Темендегі кестеде жарық импульсінің кейбір жағдайдағы мәні көрсетілген.
Көріну қашықтығы,км Жарылыс эпицентрінен қашықтығы, км
1 2 3,5 4,5 5,5 10
Жарылыс күші 20 мың тонна
20 40 91 - - 40 50 12 2 “ -
Жарылыс күші 100 мың тонна
20 “ 18 12 7 2
40 “ - 35 25 15 5
Жарықтық сәулеленудің зақымдау аймағы тек қана жарық импульсінің мэніне ғана байланысты емес, Ісм квадрат бет жарық энергиясының қандай үлесін жүта алатындығы мен оның қандай температурада
қызатындыгына да байланысты.
Адамдардың жарықтық сәулеленуден зақымдануы адам терісінің эр түрлі дәрежеде күюі мен көзінің зақымдалуы арқылы көрінеді.
Күйік төрт дәрежеге бөлінеді: 1-ші дәрежелі күйікте тері шала зақымдалады, сырттай қарағанда, тек сәл қызарады; 2-ші дәрежелі күйікте күлдіріктер пайда болады; 3-ші дәрежелі күйікте терінің терең қабаттары жансызданады; 4-ші дәрежелі күйікте тері мен тері астындағы жасушалар, кейде тіпті терендегі ұлпалар
жарақаттанады.
Кез келген көлеңке беретін объект жарықтық сәулеленуден қорғаныш бола алады.
Жарықтық сәулеленуден қорғанудың қосымша шаралары:
орлардың, жыралар мен жергілікті заттардың экрандау қасиетін қолдану;
жарықтық сәулелену энергиясын жұтуға арналған түтінді бүркеме жасау;
материалдардың шағылысу қабілетін көтеру (бормен ақтау, ашық түсті сырлармен бояу);
жарықтық сәулелену эсеріне төзімділікті арттыру (балшық жағу, топырақ, қар себу, маталарды отқа төзімді құраммен жарақтандыру);
ортке қарсы шаралар жүргізу (тез жанатын материалдарды алып тастау);
көзілдіріктер, жарық бекіткіштер жэне т.б. қолдану. в) Қорытынды болім - 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:Жарықтық сәулелену дегеніміз не?
Жарылыстың жарқырауық бөлігі неше фазадан түрады?
Жарық импульсі туралы айтыңцар.
Күйік дәрежесі туралы не білесіңдер?
Жарықтық сәулеленуден қалай қоргануға болады?

АӘД үйымдастырушы- оқытушысы: Молдағалиев Самат