?леуметтік орта К?здік киімдер


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. Тақырыбы: Күздік киімдер. Мақсаты:1. Ұл бала мен қыз балалардың киімдерін ажыратып, күздік киім түрлерін топтастыра білуге тәрбиелеу.
2. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған заттарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал: түрлі-түсті қарындаш, дайын қағаздан қиылған күрте, баскиім, аяқ-киім силуэттері.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, көрсету, сөздік, ойын, практикалық.
Оқу іс-әрекетінің кезендері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.Нұрланып күн тұрса, Күллі әлем жайнайды. Жер беті құлпырса, Бұлбұлдар сайрайды іс-әрекеті
Балалар шатық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастыру-ізденістік Тәрбиеші жалпы киім түрлері туралы сұрайды. Тәрбиеші балаларға күздік киімдер және ұл бала мен қыз баланың киімдері жайлы әңгімелейді. Ұл балаға арналған киімдердің түймелері оң жағында, ілгіші сол жағында, ал қыз баланың киімінде керісінше, түймелері сол жағында, ілгіші оң жағында болатынын айтып түсіндіреді.
«Не артық» дид/ойыны
Ойын шарты: тақтаға үш баскиімнің, бір аяқкиімнің суреті ілінеді. Балалар артық затты табу керек.
Сұрақ-жауап:
-қазыр жылдың қай мезгілі? -күз мезгіліне б/ты қандай киімдер білесіңдер? -ұл бала мен қыз балаға арналған күздік киімдердің айырмашылығы қандай?
Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Енді жолға шығайық. Ұзын, қысқа жолдарды, Біліп біздер алайық. Тез, тез жүріп жүгіріп, Бақшамызға барайық.
Балалар естеріне түсіре отырып, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері, олардың айырмашылығы, қалың және жұқа киімдер, баскиім, сырт киім және аяқкиім болып бөлінетіндігі туралы айтады. Тәрбиешінің айтуы бойынша өздерінің киген киімдерінің түймелігін қарап, салыстырып айтады.
Балалар не артық екенін табады.
Күз Күрте, етік, жылы кофта, жемпір, шапка.
Орнымыздан тұрайық, Енді жолға шығайық. Ұзын, қысқа жолдарды, Біліп біздер алайық. Тез, тез жүріп жүгіріп, Бақшамызға барайық
Рефсексиялық-түзетушілік
Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.
Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін, ненің суретін салғанын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: маусымдық белгілері бойынша киімдерді топтастыруды, ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырата білуді;
Игереді: экономикакүздік киім түрлерін, ұл бала мен қыз баланың киімдерінің өзіндік ерекшелігін;
Меңгереді: өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын;
Есеп беру: