Windows XP ж?мыс столы. Обьектілерді іздеу. Аны?тама. Аны?тама ж?йесін ?олдану.


Тақырыбы: Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.
Сабақ мақсаты: а) Windows XP жұмыс столы тақырыбы бойынша оқушылардың білім мен біліктілігін бекіту.
Б) Операциялық жүйенің негізгі әрекеттерін меңгерту.
В) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі:Практикалық жұмыс жазылған карточкалар, жұмыс столы
Сабақ түрі: ПРактикалық жұмыс
Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру.
Сабақ типі:Қайталау, пысықтау сабағы
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Компьютерде орындалатын практикалық тапсырмалар беру
Оындалған жұмысты талдау, пікірталас жүргізу
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Терезенің анықтамасын бер.
Терезенің қандай түрлері болады?
Терезе элементтерін ата.
Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?
Шиыру жолақтары қай кезде пайда болады?
Активті терезенің белгілері қандай?
Терезені активті түрге қалай келтіреміз?
Меню дегеніміз не?
Созылған меню қай уақытта пайда болады?
Жаңа сабақ Windows XP жұмыс столы. Обьектілерді іздеу. Анықтама. Анықтама жүйесін қолдану.
Жаңа сабақты практикалық жұмысты компьютерде орындаудан бастаймыз.
Терезе элементтері мен оның өлшемдерін өзгерту тәсілдері.
«Мой компьютер» терезесінің тақырыптар аумағын, жималау, жаймалау батырмаларын, жүйелік меню белгішісін тап.
Терезені экран бойында жылжытыңдар.
Терезенің биіктігі мен енін өзгертіңдер.
Терезеде айналдыру (шиыру) жолақтары пайда болатындай етіп өлшемін өзгерт.
Windows – тың негізгі ұғымдарын бекіту, «Активті терезе», Windows-тағы тізімдер мен ауыстырып-қосқыштар.
Экранда 5 терезе ашыңдар. Олардың әрқайсысын кезекпен тікелей терезеде шертіп, барлық терезелерді активті қалыпқа келтіріңдер.
Пернетақтаның берілген қаріпін ауыстырыңдар. Есептер тақтасындағы пернетақтаның индикаторы қалай өзгерді?
Жұмыс столының қасиеттерін баптау.
«Свойства» диалог терезесін ашыңдар (маустың оң жағы арқылы). Жұмыс столы үшін сурет немесе өрнек түрін таңдаңдар.
Обьемныйтекст заставкасын таңдаңдар. Оның параметрлерін өзгетріңдер.
Обьектілерді іздеу.
Пуск – Найти – Файлы и папки командасын орындаңдар.