Сынып жетекшілеріне арнал?ан презентация Дарынды о?ушылармен ж?мыс


   Дарынды балалармен жұмыс жоспар “Глазунов орта мектебі” ММ Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық Н.Ә.Назарбаев ҚР Білім туралы Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” мәселесі қаралған. Оқушының зерттеушілік, жобалаушылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды.Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы.Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады,билейді, өлең айтады,белгілі бір музыкалық құралда ойнайды,мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қабілет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қабілеттілік-адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тұрақтылықтың көрініс беруі. “Қабілет” түсінігінің ғылыми үш негізгі көрсеткіші 1.Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.2.Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.3.Қабілет-нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Қабілеті жоғары оқушылардың бейімін анықтау Оқушының бейімділігін анықтау Ата-анадан сауалнама алу “Мені не қызықтырады?” Байқау парағы арқылы Ән, би, сурет, спорт т.с.с Балаңыздың бойынан қандай ерекшелік байқалады? Жекелей әңгіме, пікірлесу Қандай үйірме түрлеріне қатысқың келеді? Мақсаты «Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтау, бейімі мен қызығушылықтарына байланысты білім, білік, дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамытып,шыңдау және ғылым жолына бағыт бағдар беру, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»   1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау; 4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.5. Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану. Міндеттері Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау Үшіші кезең. Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру Төртінші кезең. Дарынды оқушылардың жетістіктері Бағдарлама бағыты: Шығармашылық бағытПән олимпиадалар бағытыЗияткерлік бағытыЖобалау-зерттеу бағыты Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер “Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)Джонс креативтілігі сұрақнамасыОқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасыОқу мотивін анықтау сұрақнамасыБаланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесіЖалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)Кім неге бейім? әдістемесі Дарындылық түрлеріне анықтама Жалпы дарындылық түрлері: Көркем дарындылықДарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде дамытылады. Музыка, бейнелеу өнері, орындаушылық, әртістік, сәулет өнері саласындағы жоғары жетістіктерінен көрінеді. академиялық дарындылықМұндай дарынды балалар негізгі ұғымдарды тез есте сақтап, жылдам меңгереді. Ақпаратты өңдеу бейімділігі аса зор. Барлық пән бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізеді. Шығармашылық дарындылықШығармашылық бағытта дарынды балалар:• шарттылықтар мен беделге көнбейді;• пікір айтуда еркін әрі тәуелсіз;• әзіл, қалжыңды жақсы көреді;• жұмысты ұйымдастыру мен тәртіпке көңіл бөлмейді;• жарқын темперамент. Интеллектуалдық дарындылық• интеллекті ортадан жоғары;• шешім қабылдай алады;• дерексіз ұғымдармен, болашақ жоспарлармен жұмыс жасауға қабілеттілік;• икемділік, бейімделгіштік;• жауапкершілік сезімі;• өз біліміне сенімділік;• ойын анық жеткізе білу.Спорттық (психомоторлық) дарындылық: Спорт өмірінде белгілі бір жетістікке жеткен оқушыларерік жігерінің жоғарылығы;мақсаткерлікфизикалық дайындығымақсатты, қозғалыстың бағытын сезіну Шығармашылық дарындылық21 % Көркемдік дарындылық32% Интеллектуалдық дарындылық 15% Психомоторлық дарындылық24% Академиялық дарындылық 8% Дарындылық түрлері Шығармашылық дарындылық Көркемдік дарындылық Интеллектуалдық дарындылық Психомоторлық дарындылық Академиялық дарындылық Ғылыми практикалық конференциялар жобалар Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар Қабілеті жоғары оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары. р/с Жұмыс мазмұны Мерзімі 1 Қабілетті оқушыларды анықтау Сабақ барысы кезінде 2 Жекелей әңгіме және пікірлесу «Мені не қызықтырады?» тақырыбына үнемі 3 Сабақ және сабақтан тыс уақытта жекелеме жұмыс жүргізу кезінде 4 Қосымша тапсырмалар беру (рефераттар, әңгімелер жазып келу) Сабақтан тыс уақытта 5 Қазақ тілі, ана тілі пәні бойынша логикалық тапсырмаларға арналған жұмыс дәптерін жүргізу (бос уақытта орындап отыру) Қазан айынан мамыр айына дейін 6 Дүние тану пәнінен және ана тілі пәнінен рефераттар жазу Тақырыпқа байланысты жоба қорғауға қатыстыру 7 Қосымша математика сабағы бойынша блиц сұрақ-жауаптар ұйымдастыру (шапшаңдыққа) үнемі 8 Ауызша жаттығулар жүргізу Сабақ соңында 9 Математика, қазақ тілі пәні бойынша тест алу Ай сайын 10 Мектепшілік олимпиадаға қатысу кезінде 11 Қалалық жарыстарға қатысу кезінде 12 «Ақбота»,«Сарыарқа дарыны» т.б. интеллектуалдық сайыстарға қатысу кезінде Дарынды балалар банкі № Оқушының аты-жөні Жетістіктері 1 2 3 4 5 6 7 Зияткерлік бағыт – интеллектуалды дарындылық Олимпиада атауы 2014-2015 2015-2016 Дарынды оқушылардың жұмыс нәтижесі Оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттері № Үйірмелер, секциялар Оқушы саны Мекен жайы Нәтижесі 1 2 3 4 5 6 7 Интеллектуалдық сайыстар түрлері 2015-2016 оқу жылындағы 2”б” сынып оқушыларының сапа көрсеткіші Қорытынды -Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:-Қабілеті жоғары балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.-Әр қабілетті баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер бар;-Осы жағдай қабілетті баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады:-Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.