?аза? тілінен презентациялы? саба? Зат есімні? жекеше ж?не к?пше т?рлері 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
І. Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тіілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым, дара тілім, - деп ақындар жырлағандай сабағымызды бастайық. Сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз.
Ойын бес айналымнан тұрады1-ші айналым – “Бәйге”2-ші айналым – “Тіл өнері”3-ші айналым – “Жеті жұмбақ”4-ші айналым – “Дода”5-ші айналым – “Жорға”
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Бәйге айналымы: Сұраққа жауап беру.1.Зат есім дегеніміз не?2.Зат есім қандай түрлерге бөлінеді?3.Көпше түрге мысал келтір?4.Оқушылар, кітаптар – жекеше түрге айналдыр? 5.Көптік жалғауларды ата?6.Бор, қала, мектеп – көпше түрге айналдыр?7.Суреттер, гүлдер – жалғауды тап?Үй тапсырмасын бекіту. 5-жаттығу. Ереже жаттау
Тіл өнері: мақал-мәтелдерде кездескен зат есімдерді тап.1. Ақыл – сөздің атасы, Ой - әкесі, Тіл – анасы, Сөз – баласы.2. Дініңді ұста болсаң қазақ,Тіліңді білмей болма мазақ. 3. Піл көтермегенді, тіл көтереді.4. Алма ағашы аласа болса да алмасы тамаша.ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ.Негізгі бөлім. Жеті жұмбақ
7 жұмбақ. Жеті жұмбақтың тапсырмалары белгісіз. Балалар деңгейлік тапсырмаға байланысты көп балл алған бала көп жетон алады.1-ші (40) – 1-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жаз. 2-ші (40) – 2 -жаттығу. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жаз.3-ші (40) – жұмбақ жасыру. Қиылған қамыс Қиылған қамыс Онан соң ашылған қамыс Онан соң жыбырлайды Онан соң қыбырлайды (мұрын, ауыз, көз, қас). 4-ші (40) – арнайы сұрақ. Көпше түрден жекеше түрге айналдыру.
5-ші (50) – 3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Көптік жалғаулы бар зат есімдерді теріп жаз. 6-шы (50) – 4-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдерді жекеше түрге айналдырып жаз.7-ші (50) – Түбір – қосымша – көптік жалғау.
Ү. Сабақты қортындылау Жорға айналымы. Жалпы он сұрақ беріледі. Әр сұраққа 2 секунд (жылдам жауап). №1 нұсқа:Қазақ тілінде неше сөз табы бар?“Ақ киімді денелі ақ сақалды” кімнің өлеңінен үзінді?Білім – теңіз, оқу ... не ?Ұрысқақ сөзінің түбірі қайсы?Қыздар сөзіне сұрақ қой?Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата?Тау, кітап, ара қандай есім?Сөз мағынасын өзгертетін қосымша?Жекеше зат есім дегеніміз не?Сөздің одан әрі бөлінбейтін, мағыналы бөлігі?
№2 нұсқаДауысты дыбыс нешеу?Орманның емшісі қандай құс?-лар,- лер, -дар, -дер қандай жалғаулар?Әкеңнің әкесі саған кім болады?Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?Жалқы есім дегеніміз не?Заттың атын білдіретін сөз табы?.Заттың, қимылдың, сапаның атауы? Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата?Көпше зат есімге мысал келтір?
ҮІ. Үй тапсырмасы.5-жаттығу. Өлеңді жаттау.
Бағалау.Алған ұпайларды жинақтап, ұпай сандарын қосып, жеңімпазды анықтаймыз. Алған жетондар бойынша бағалау. Оқушыларды мадақтау.