Лингвистикалы? ба?ытта?ы жалпы білім беретін №16 орта мектебіні? математика п?ніні? м??алімі Оспанова Ба?ытты? шы?армашылы? есебі


Лингвистикалық бағыттағы жалпы білім беретін №16 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Оспанова Бақыттың шығармашылық есебі
«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардактайтын, жақындары мен жат адамға да әділ, елдің бәріне жақсылық жасап, қорқыныш дегеннің не екенін білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп Әбу Насыр Әл – Фараби айтқан қасиеттердің барлығы мұғалімнің бойында болуы керек. Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс – тәжірибесінен орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми – педагогикалық әдебиетте жетклікті деңгейде кездеседі. Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалау Бағдарламаның негізгі міндеті болып табылады.
«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем,- деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады.Мен алдыма қойған мақсатыма жету үшін сабақ беру процесінде Сындарлы оқыту технологиясының жеті модулін ықпалдастыра отырып , оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай туғызамын. « Сын тұрғысынан ойлау», «Диалогтік оқыту», АКТ-ны қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар, өз ойларын еркін жеткізе білу , шығарған есептеріне талдау жасау,шығару алгоритмін дұрыс пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады.
Соңғы 3жыл ішіндегі сабақ беретін сыныптарымның сапа көрсеткіші
2011-2012 оқу жылы-28%
2012-2013 оқу жылы-32%
2013-2014 оқу жылы-36 %.

2014-2015 оқу жылында осы технологияны пайдаланып бірнеше сабақ өткіздім.Мысалы,10А сыныбында « Функцияның графигін қарапайым түрлендіру» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақ барысында, оқушылардың алған білімдерін еске түсіру мақсатында, диалогтік оқу тәсілін қолдандым.Сұрақтарды (ашық сұрақ,түрткі сұрақ,қайта бағыттаушы сұрақ) түрлендіріп қоя отырып, оқушылардың алған білімдерін жинақтап, сабаққа қолайлы атмосфералық жағдай туғыздым. Оқушылар сын тұрғысынан ойлау стратегиясын, функцияның графигін қарапайым түрлендіру барысында қолдана отырып,постер арқылы қорғап шықты.Оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында сабақ соңында шағын тест алдым.Оқушылар постер қорғау кезінде, бір-бірлерін әр түрлі стикерлер қолданып формативті бағалады.

Сонымен қатар, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын шешу жолдары» тақырыбында 9 – 10 сынып оқушыларының қатысуымен семинар өткіздім.
Аталған зерттеу қазақстандық оқушылардың халақаралық зерттеулердегі көрсеткіштерін арттыруға негізделген. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. 15 жаста негізгі білім беру сатысын аяқтап,ересек өмірге дайындалады,осыған сәйкес зерттеудің міндеті оқушылардың өз беттерінше өмір сүрулеріне қажет білім,білік дағдыларын анықтау болып табылады.
Тапсырманы 9-10 сынып оқушылары үлкен қызығушылықпен орындады
.



Соңғы 3-жылдағы педагогикалық қызмет жұмысымның нәтижесі:
№ тақырыбы жұмыс түрі қосымша
1 Жалпы білім беретін пәндер бойынша математика пәнінен Қалалық олимпиада 2013 ж. ІІ орын
2 Жалпы білім беретін пәндер бойынша математика пәнінен КИО интернет олимпиада
Сертификат.Ең үздік нәтиже
2012,2013,2014ж.ж
3 Жалпы білім беретін пәндер бойынша математика пәнінен Ақбота-2013 интеллектуалды марафоны Сертификат.II,III орындар (3 оқушы)
4
Жалпы білім беретін пәндер бойынша математика пәнінен «Кенгуру –математика для всех» халықаралық конкурсы Диплом III орын
(23 оқушы)
5 Жалпы білім беретін пәндер бойынша математика пәнінен Ақбота-2015 интеллектуалды марафоны Диплом II орын
(7 оқушы)
Қараша айында Балқаш қаласының математика пәні мұғалімдерінің қатысуымен қалалық семинар өткіздім. Семинардың мақсаты «Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарынан алған тәжірибелерімізбен бөлісу.


Мәтін есептерді шешу қазіргі таңда оқушылар үшін ең басты қиындық туғызатын тапсырмалардың бірі болып табылады. Бұл тек қана төменгі сынып оқушылары үшін ғана емес,жоғары сынып оқушылары үшін де ең басты мәселе. Мәтін есептерді шешуде арифметикалық амалдарды дұрыс орындай білу жеткіліксіз.Ең бастысы:
- мәтіннің мағынасын дұрыс түсіне білу;
- есептің шартын дұрыс жаза білу;
- есепті шешу алгоритмін тұжырымдай білу;
- есепті тиімді тәсілмен шығара білу.
Мәтін есептерді кестенің көмегімен шешу көбінесе қозғалысқа және бірлесіп
орындалатын жұмыстарға берілген есептер үшін тиімді.

Жаһандану  заманында  ұлттық  бәсекеге  қабілетті  болудың  көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді.  Сондықтан,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігіп, білім  беру  жүйесін  халықаралық  биікке  көтеру  кезек күттірмейтін  өзекті  мәселе. Бұл  мәселені шешудің  кілті  ұстаз  қолында.