т?рбие са?аты: К?з — береке, к?з — мереке


Тақырыбы: Күз – береке, күз – мереке.
Мақсаты: Күз берекесі туралы түсінік алу. Оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту. Оқушыны еңбек етуге, ел ырысын құрметтеуге тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі: газет, эмблема, үлестірме карточкалар, күз байлығы (жеміс көкөністері).
Ұйымдастыру.Әділ қазылар алқасымен таныстыру. Жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақыру.
Берекелі күз келді!
Мерекелі күз келді!
Күз жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз! – дей отыра, бүгінгі күзге арналған шағын мерекемізді ашық деп жариялаймыз. Ендеше сайысымызды бастайық. Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Екі топ – «Ақ бидай», «Сәбіз».
1-кезең – таныстыру
2-кезең – сұрақ-жауап
3-кезең – «Кім шапшаң»
4-кезең – «Салат жасау»
5-кезең – Сән
Буырқанды күзгі дем,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ, сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Асықпаңдар, саспаңдар,
Сыналатын кезің бұл.
Күз маусымын бастаңдар,
Ырыс болып келді жыл.
Алғашқы кезең – Таныстыру. (5 ұпай-ең жоғ.)
2-кезең –«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - дегендей, білімдеріңізді сынайтын кез келді. Ұн арасындағы кәмпиттерді қол тигізбей, ауызбен ашып ішіндегі сұрақтарға жауап беру.
А) күз айлары
Ә) жеміс-жидек
Б) күзге байланысты мақал-мәтел
В) көкөністер
Г) күз туралы қандай өлең білесің?
Д) күзгі еңбек түрлері
3-кезең – «Кім шапшаң?»
Жерге шашылған көкөністерді екі топтан бір баладан шығып (екі көзі байлаулы) себетке тез, көбірек жинау. Қай бала бірінші болады, сол топқа ұпай қосылады.
4-кезең. Ас мәзірі
Қыздар- «Мимоза» салатын, ұлдар – «Оливье» салатының құрамымен таныстыру.
Жұмбақ шешу, мақал-мәтел жарысы.
5-кезең – Сән үлгілерін көрсету.
-Сайыстың қорытындысын шығаруға, әділқазыға сөз берейік. (әділ қазы сөйлейді)
-Балалар, білімді, саналы, дені сау азамат болыңдар, күз мезгіліндей мейірімді болыңдар!