?стаз?а Та?зым мерекелік кеші


«ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» әдеби-сазды кеш сценарийі
Фанфар әуенімен ортаға жүргізушілер өлең оқып шығады.
( Құндыз, Фархад, Томирис, Әсел)
І жүргізуші:Армысыздар, Аяулы ұстаздар.
ІІ- жүргізуші: Кеш жарық, қадірлі көрермен қауым
ІІ жүргізуші: Бүгін жер бетіне білім нәрін сепкен, кеуделерінде сан түрлі арман ұялаған бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеген қажымас қуат иелері – ұстаздар мейрамы! Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымы сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
ІІ жүргізуші: Әр жанның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесі бұл - Ұстаз. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Сол үшінде:
І жүргізуші: Бастарыңызға бақыт,
ІІ жүргізуші:Жанұяларыңызға шаттық,
І жүргізуші: Еңбектеріңізге жеміс
ІІ жүргізуші:Шығармашылық өріс тілейміз!
І жүргізуші: Бүгінгі ән-күйіміз, жыр-биіміз өздеріңізге арналады.
І жүргізуші:
Ізгілікті өз бойына жинаған,
Шәкіртіне білім нәрін сыйлаған.
Қалап берген іргетасын білімнің,
Ол біз үшін әлемдегі сыйлы адам.
ІІ жүргізуші: Ұлттық ұлы мұрат жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған “Ұстазға тағзым” атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.
І жүргізуші:
Ұстаздар хақында, ұстаз жайында халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлынан асырып ешкім айта алмас, сірә...
ІІ жүргізуші:
«Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деп ұстаздың қоғамдағы орнын айқындап берген болатын.
І жүргізуші:
Ұстаз ол- анық білерім
Ізгілік толы жүрегі
Бүгінгі мейрам Сіздерге
Арнамақ әзиз тілегін - деп, мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Кисикова Акгул Мырзабековнаға береміз.
ІІ жүргізуші:
Біліміңмен тарих жолы жалғансын,
Ұрпақ үшін үлгісіңдер әр қайсың
Өнеріміз, көңіліміз, кешіміз,
Ардақты ұстаз, тек сіздерге арналсын- деп, мектеп мақтанышы, «Айгөлек» Республикалық байқауының жүлдегері, 9 «В» класс оқушысы Амангелдиев Абылайханды «Тек Алға!!!» әнімен ортаға шақырамыз.
ІІ- жүргізуші:
Қоғамдағы қай мамандықтыңда тамырында- ұстаздық жатқаны мәлім. Қандай жетістікке жеткен тұлға болмасын- барлығы ұстаз алдын көргені шындық. Қазақ киноматографиясынң көшбасшыларының бірі- Серке Қожамқұлов «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді ішәкірттей сезінемін» деген екен
І- жүргізуші:
« Уақыттан асқан жүйрік жоқ,
Уақыттан асқан билік жоқ» деген дана халқымыз. Уақыт біздің арамызға да өз билігін жүргізді. Ортамызда жүрген жайсаң тұлға Римма Турекулованы биыл біздермен бірге төл мерекесін тойлауға тағдыр жеткізбеді.
( Римма апайға арналған еске алу өлең мен слайдұа кезек)
І- жүргізуші:
Жанымызда жүрген жақсы адам Турекулова Римманы бір минут еске алайық!
ІІ жүргізуші:
Ұстазым білім - бұлағым
Арналсын саған жыр-әнім
Біз шыңға шығар шәкіртпіз
Сен шыңнан биік шынарым
Ұлағатты ұстаздық жолын «Бағым» деп таныған мектебіміздің жас мамандары әннен шашу шашпақ.
Зарина мен Гүлбану
І-жүргізуші:
Ұстаз - әнші, биші де
Күйші болса несі мін?!
Бірге тербеп келеді,
Ән-ғұмырдың бесігін - дей келе, бойынан бар ізгілік табылған ұстаздарымыз Абай мен Арайлымға ән кезегін берейік
ІІ-жүргізуші:
Лайық ол- қандай құрметке,
Лайық ол қандай сыйға да.
Себебі, білсең, бұл мектеп-
Жақсысын ылғи жинаған- деп бүгінгі әз мерекелеріңізбен құттықтағалы отырған кәсіподақ ұйымының төрайымы Қожабек Мира Шаймарданқызына тілек кезегін береміз!
І-жүргізуші:
Ашылса алдан күн-парақ
Өнердің жүгін арқалап
Әнші ағай Мұрат, Гаухармен
«Бағым сен» әнін шырқамақ
Мұрат-Гаухар «Бағым сен»
ІІ-жүргізуші: Ұстаз - ұрпақ тәрбиелеп отырған ана, Ұстаз - ұлт болашағын ұйытып отырған әке. Ұстаз - мектепте қызметкер болғанымен, жанұяда жылулық нұрын себуші адам. Мектебіміздің әншісі Жумабаева Арайлымды «Орамал» әнімен ортаға шақырамыз.
ІІ-жүргізуші:
Сәуле болып білімге жағылайық,
Әр мектептің өзіне заңы лайық,
Антымыз бар дәстүрлі жас маманбыз
Сол уәденің жанынан табылайық- деп мектебіміздегі жас мамандардан құралған «Жас қанат» тобы мен жетекшісі Айгүл Амангелдіқызына кезек берейік.
І-жүргізуші:
Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»
Деген ұстаз - ұстасы ғой мұраның.
Құрметтеген бар адамзат баласы
Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім - деп аяулы қстаздардың құрметіне әнші ұлдарыңыз Оңайбергенов Абай әннен шашу шашпақ!
ІІ-жүргізуші:
Қошаметтеп, қол соғып отырыңыздар!
ІІ-жүргізуші:
Ұстаздарға басымызды иейік,
Елімізге бейбіт өмір тілейік
Қане, ұстаздар мерекеде бүгінгі
Қуанышпен ортаға кеп билейік- деп математика және тарих бірлестіктерінің мұғалімдерін « Ғажайып» биімен қарсы алайық!
І-жүргізуші:
Ұстаздарымыздың мәртебесін көтерер, келешек еліміздің дарынды ұрпақтары көбейе берсін!
ІІ-жүргізуші:
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Жақсылықта жүздескенше!
Бірге:
Хош, сау-болыңыздар!
Рима Турекулованы еске алу
Күн ауысты, ай да, жыл да өзгерді
Думан-дүние алдарқатты біздерді
Құс та қайтты, жапырақтар уақыттың
Құрбанына айналғанда... күз келді
Ай ауысты, атқанымен тынық таң
Жүрдектігін уақыттың кім ұққан?!
Жер бетінде жамау-көңіл біз жүрміз
Апай, Сіз де жаурайсыз ба суықтан?
Болғаны да ойын-арсыз, күлкі-арсыз
Сәл мұңайып, жылап-жоқтап тынармыз
Адам аяқ басып жүрген әлемді
Апай, Сіз де шын сағынған шығарсыз
Өмір, бұл да- ақылсыздың түсіндей
Кешір, бізді қалған езде кішірмей
Кешір, бізді жатқа айналсақ бір жүріп
Жаныңыздың дертті екенін түсінбей
Мектеп қалды, шәкірт қалды, жай қалды
Пенде беріп, жұмыр басқа қайғы алдық
Күні кеше жадыраған жүзіңіз
Бүгін бұлдыр елеске тек айналды.
Бірге жүрген жолдас қалды, дос қалды
Бір анадан туса-дағы қосқан кім?
Бәрі орнында... тек сіз жүрген мектепте
Жақсы жанның орыны бөлек бос қалды.
Тірі адамға, тірлік қымбат, бас-қайғы
Тіршілікте басқа уақыт таппаймыз
Римма апай, мейірбан-жүз, нұр-жанар,
Бейнеңізді мәңгі есте сақтаймыз

Новый ОМ ұжымы