Урок


Сабақ тақырыбы: Киім дүкенінде
Пән мұғалімі: Аягөз Майрашқызы Секенова
№ 2 Новоишим орта мектебі
Сабақ тақырыбы: Киім дүкенінде
Грамматикалық тақырыбы: Көптік жалғау.
Дыбыстарды қайталаймыз.
Ә І Ң Ғ Ү Ұ Қ Ө Һ
Жаңа сөздер.
аяқкиім – обувь сұр – серый
шалбар – брюки кеш – вечер, вечеринка
шұлық – носки қысқа – короткий
баскиім – головной убор ұзын – длинный
белдемше – юбка әдемі – красивый
жейде - рубашка сәнді – модный
көйлек – платье жарасу – подходить (быть к лицу, об одежде)
күртеше – куртка кию – одевать
сөмке – сумка туған күн – день рождения
көк – голубой екен оказывается
қара – черный
Жаңа сөздерді қолдана отырып сөз тіркесің құрастырыңыздар.
Жаңа сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.
5. Сұхбатты оқыңыздар, аударыңыздар.
Сәлем Марал!
Сәлем, Жазира!
Халің қалай?
Рахмет, жақсы. Сенің ше?
Жаман емес!
Жазира, кешке бос уақытың бар ма? Бүгін менің туған күнім, мейрамханаға барамыз.
Туған күнін құтты болсын! Қай мейрамхана? Мекенжай қандай?
Кеш «Дастархан» мейрамханасында болады. Мекенжайы: Абай көшесі, жиырма алтыншы үй.
Мен кешке барамын. Марал, мен әдемі көйлек сатып алдым, бүгін кешке киіп барамын.
Қандай көйлек?
Қара ұзын сәнді көйлек. Аяқкиім, сөмке де алдым.
Құтты болсын!
6. Әр суретін астына атауларын жазыңыздар.


______________ _________ _____________________

_____________ ________________ ________________

______________ _____________ ________________
7. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
бірінші суретін түсі қандай?
екінші суретін түстері қандай?
үшінші суретін түсі қандай?
төртінші суретін түсі қандай?
бесінші суретін түсі қандай?
алтыншы суретін түсі қандай?
жетінші суретін түсі қандай?
суретін түсі қандай?
суретін түсі қандай?
Грамматикалық тақырып.
Сұрақтары: Кімдер? Нелер?
Көптік жалғау
Соңғы дыбыс Жуан Жіңішке Мысалдар
После гласных и сонорных
А, ә, ы, і, у, е, и, р, й, у -лар -лер Балалар, мекемелер
После сонорных и звонких
Ж, з, л, м, н, ң -дар -дер Қағаздар, әндер
После глухих согласных Б, в, г, д, к, қ, п, т, с, ш -тар - тер Оқулықтар, мектептер
8. Кестені толтырыңыздар.
Сөз -лар -лер -дар -дер -тар -тер
Шалбар Киім Күрте Бас киім Көйлек Жейде Сөмке Күртеше Аяқ киім 9. Жоғарыдағы берілген суреттенрді, көптік жалғауың пайдаланып сөйлем құрастырңыздар.
Үлгі: Мен бес жұп шалбарлар сатып алдым.
10. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыздар.
Мен көрмеден ................. киімдер көрдім.
Жомарт Жанарға ............... сатып берді.
Әжем .................. қонаққа киді.
............ түсі өте әдемі.
.................. қымбат тұрады.
Керекті сөздер: кимешекті, тонның, аяқкиім, ұлттық, сәукеле
11. Сіз үлкен сауда орталығында жүрсіз. Көптік жалғауың жалғаңыздар.
1.Сіз сыйлықтар бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
2.Сіз киімдер бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
3. Сіз зергерлік бұйымдар бөліміндесіз. Әңгімелеңіз.
4. Сіз азық-түлік бөліміндесіз. Әңгіелеңіз.
5. Сіз шаруашылық заттар бөліміндесіз.Әңгімелеңіз.
12. Мәтінді оқып қарамен жазылған сөздерді аударыңыз. Мәтіннің
мазмұнын айтыңыз.
Дүкенде
Менің үйімнің жанында үлкен сауда орталығы бар. Азық-түлікті де,
киім-кешек, ұсақ- түйектерді де мен осы сауда орталығынан аламын. Мұнда барлық заттарды табуға болады.
Сауда орталығы үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатта азық-
түлік,шаруашылық заттар, ұсақ-түйектер,кондитерлік өнімдер, газет-
журналдар, гүлдер бар. Екінші қабатта сырт киімдер, іш киімдер,
маусымдық киімдер, аяқ киімдер, сыйлықтар, зергерлік бұйымдар,
балалардың киімдері, ойыншықтар, балаларға арналған ойын залы
орналасқан.Ал, үшінші қабатта түрлі жиһаздар сатылады.
Бұл сауда орталығы адамға өте қолайлы, қазіргі заманға сай салынған.
13. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сауда орталығы қайда орналасқан?
__________________________________________________________
2. Онда нелер сатылады?
__________________________________________________________
3. Сауда орталығы қанша қабаттан тұрады?
__________________________________________________________
4. Бірінші қабатта не бар?
__________________________________________________________
5. Екінші қабатта не бар?
__________________________________________________________
6. Үшінші қабатта не бар?
__________________________________________________________
7. Сауда орталығы қалай салынған?
__________________________________________________________
8. Балаларға арналған ойын залы қай қабатта орналасқан?
__________________________________________________________
Сабақты қортындылау.