Саба? жоспары Дауысты дыбыстар жуан, жі?ішке дыбыстар (5 класс)


Сабақтың тақырыбы:Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуі, дыбысталу ерекшелігі туралы оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару .
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. « Әліпбиі» сөзі қай тілден енген. 2.Қазақ әліпбиінің авторы не білдік?
– жаттығу.
ІІІ Білім тексеру: Сұрақ жауап 1.Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді? 2.Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады? 3. Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарымыздың рөлі, жазылуы қандай екен?
ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и, у, э, дауыстылары кездеседі:кино, уран, электр, Қазақтың төл сөздерінде и, у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі( жазылуы – қи, ит, су, сурет, айтылуы – қый, іит, сұу, сүурет). Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар деп, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар деп, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлеміз.
Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай
жуан жіңішке ашық қысаң еріндік езулік
а,о,ұ,ы,у ә,ө,ү,і,е,э,и,у а,ә,о,ө,е,э ы,і,и,ү,ұ,у о,ө,у,ұ,ү а,ә,е,э,ы,і,и
Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Олар: а,о,ұ,ы,у.
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Олар: ә,ө,ү,і,е,э,и,у.
У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішен дауыстылар тобына жатады.

V. Жаңа тақырып бойынша өздік жұмысы:
Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
Қазақтың төл дауысты дыбыстары нешеу?
Төмендегі сөздерде қанша әріп бар?
Балалар, мектеп,баспасөз, шығарма, сусындар, мекеме, мәжіліс.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
240 -жаттығу (жазбаша)
Жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.

241 -жаттығу (жазбаша)
Берілген сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазу..

VІІ. Сабақты қорыту:
-Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
Дауысты дыбыстадың жіктелуін жаттау, 242-жаттығу (жазбаша)