«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары Мектеп: №27 Дихан о/м Мерзiм: 07.10.2015 №7Тақырып: Ізденген жетер мұратқаҚұндылық:СүйіспеншілікҚасиеттер:Ерік-күш, еңбекқорлық, табандылықМұғалiм:Қырғызбаева Қаракөз ТұрсынқызыCыныбы: 6 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:Оқушылард ы өзбетінше танып-білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқансүйіспеншілікпен талпынысқа үйрету. Міндеті:Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;Оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу; Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңi (2мин)-Сәлемдесу-Оқушыларды түгелдеу-Сабақтағы жағымды күйге келу Тыныштық сәтi (3мин)«Нұр жаттығуы» баяу әуен қою арқылы тыныштық сәт орнайды.Үй тапсырмасын тексеру (8мин)-Адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?- Ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?- Мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?-Адамды қандай қасиеттер табысқа жетелейді? Дәйексөз (5мин)Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіңдер?Сүйіспеншілік дегеніміз не? Әңгiмелеу (сұхбат) (10 мин)Аңыз айту.Оқулықта берілген А.Мырзабаев, Д.Манатауовтың «Әйгілі химиктер» кітабынан алынған үзіндіні оқуға беруге болады.1.Ғалымды қандай қасиеттер алға ұмтылдырды?2.Ғалымның табысқа жетудегі сыры неде?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (10 мин) Берілген оқу материалының мазмұнына эмоциялық сезімділік күймен тиімді қабылдау үшін оқулықта Қ.Толыбаевтың, «Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлге бөліп, сахналап көрсету тапсырылады. Әңгіме барысына қатысушылар: Автор, Әбунасыр ғұлама, мүтәліп бала. Әрекет етуге, оны жоспарлай білуге үйретеді. Мақсат қою білуге, қойған мақсатыңа жетуге ұмтылдырады.Ізденіс Жауапкершілік ала білуге бейімдейді. Белсенділікті арттырады. Болашаққа сеніміңді қалыптастырады. Өз мүмкіндігіңді шыңдай түседі. Топпен ән айту (3 мин)«Ана туралы жыр» әні сөзі: Ғ.Қайырбековтікі әні: Ш.Қалдаяқовтікі Үй тапсырмасы 8-сабақ. Әсемдікке ұмтылайық! Соңғы тыныштық сәтi (3мин) «Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде».